20. Қатты тұрмыстық қалдықтардан мұнайды алу технологиясы. Беларусь елінің Ұлттық ғылым академиясының ұнтақтық металлургиясының ғалымдары қатты тұрмыстық қалдықтардан сапасы жоғары мұнай өнімдерін алу технологиясын жасап шықты. Әдістің орындалуы қиын емес және өте маңыздысы – жоғары энергиялық шығыны қажет етпейді. Алдымен арнайы полигонда (жабық цехтарда) қалдық қоқыстарды ұнтақтайды. Соңынан алынған массаны тығыз жабылған қондырғыда 350-400 °С дейін қыздырып газ тәрізді заттарды алады. Соңынан салқындатқыштан өтіп, конденсацияланады. Нәтижесінде 100 кг кетірілген қоқыстан 10 кг сапасы жоғары мұнай алынады. Оның кейбір сипаттамалары табиғи мұнайдан жоғары. Дайын өнімнің фракциялық құрамы: 20 % бензин, 30 % керосин және 50 % мазут. Осылайша, қатты тұрмыстық қалдықтардың мәселесі шешілуде. Егер тек қана Минскінің өзінде жыл сайын 2 млн–нан астам текше метр қалдықтардың шығарылатынын (оны көміп тастау үшін 90 га жер пайдаланылады) ескерсек, онда бұл өте жақсы шешім болып есептеледі. Өндірістік жағдайда түсінікті айтқанда, қалдықтан сапалы мұнай өнімдерін алуға бірнеше сағат жұмсалады. Ал, табиғат жағдайында оған млн-даған жылдар керек. Экологиялық тұрғыдан алғанда таза өнеркісіпті қаланың шетінде жасауға болады. Бұл қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін жұмсалатын қаржының көлемін азайтар еді. Қазіргі таңда ғалымдар бірінші кезектегі қондырғыны құрастыру барысында аянбай еңбек етуде деп жазады «Минский курьер» газеті.