Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Көміртегінің диоксидін Күннің энегиясымен өңдеу тәсілі



бет78/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

24 Көміртегінің диоксидін Күннің энегиясымен өңдеу тәсілі


АҚШ-ның Сан-Диего қаласындағы Колифорния университетінің профессоры Клиффорд Кубиак бастаған бір топ ғалымдары көміртегінің диоксидін көміртегінің монооксидіне және оттегіге айналдырудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Осы мақсатта олар күннің сәулесін электрлік энергияға айналдыратын қондырғы жасады. Осы энергия CO2-ін ыдыратуға жұмсалады. Клиффорд Кубиак бастаған ғалымдардың ұсынған қондырғысында жартылай өткізгіш және екі қабаттан тұратын катализатор бар. Алдымен жартылай өткізгіш күннің сәулесіндегі фотондарды жұтып, соңынан күннің сәулесін электрлік энергияға ауыстырады. Соңғы сатыда электрлік энергия құрамында никель бар катализаторға беріледі. Катализатордың бетінде көміртегінің диоксиді көміртегінің монооксидіне және оттегіге ыдырайды.
Колифорниялық ғалымдар бастапқы кезде кремнийден жасалған жартылай өткізгіштерді пайдаланған. Ол реакцияны жүргізу үшін қажет энергияны бере алмады. Жетпеген энергияны сыртқы энергия көзінен берді. Ендігі кезекте ғалымдар галий–фосфидті жартылай өткізгішті пайдалануды жоспарлауда. Бұл элемент кремнийлік элементке қарағанда екі еседей энергия түзеді. Бұл энергия Сан-Диего университетінің ғалымдарының есептеуінше сыртқы энергияның көмегінсіз реакцияны жүргізуге жеткілікті болады.
2007 жылдың наурыз айында Германияның ғалымдарының көміртегінің диоксидінен көміртегінің монооксидін және оттегіні құрамында азот бар катализатордың көмегімен алуға болатындығы хабарланған болатын. Алайда, фотосинтездің механизміне ұқсас бұл үрдісті жүргізуге қажет энергия Күннің көзінен алынатындығы тек жоспарланған болатын.
Екі жағдайда ғалымдар бұл газды өңдеудің тәсілдерінің мұнай-химия синтезі үшін қажет реагентті өндіру үшін маңызды екенін атап өткен. Екі жағдайда да көміртегінің монооксидінен сұйық көмірсутегілерді алуға мүмкіндік беретінін түсіну қиын емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет