40. Бөліп алудың жарғақшалық әдістері. Химик-технологтарды қызықтыратын және мазалайтын мәселелердің бірі – ерітінділердегі қалдықтарды мембраналардың көмегімен сүзіп, бөліп алу тәсілін жетілдіру, автоматтандыру және тиімді ету. Сондықтан да аналитиктердің назарына осы мембраналық бөліп алу әдістері іліккен. Мембраналық әдістермен табиғи сулардың құрамындағы құрама бөліктерді концентрлеу, атмосфералық ауадағы бөлшектреді, технологиялық ортадағы, биологиялық және медициналық препараттардағы құрама бөліктерді бөліп алу кең жүргізіледі. Осы жұмыстар бойынша соңғы 10 жылдықта бірталай жетістіктерге ғалымдардың қолы жеткен. Сондықтан да аналитикалық химиядағы бөліп алудың мембраналық әдістері бойынша 1988 жылы жарияланған шолу ескерген десе де болады. Бұл бөлімде осы аралықта жинақталған мәліметтер бойынша ақпарат берілген. Кез-келген мембраналық әдістің сипаттамалық белгілері бар. Олар: осы әдістердегі қолданылатын мембраналардың түрлері және затты мембрана арқылы орын ауыстыруына бағытталған күштің түрі (ауырлық, қысым). Бөлудің мембраналық әдістері бойынша анағұрлым толық ақпаратты сәйкесінше монографиялардан тауып алып, оқуға болады. Жарияланған жұмыстарды жүйелеу үшін олардың химиялық талдауда қолданылуы бойынша қарастырған тиімді.