Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет98/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

2. Эволюциялық химия.
Эволюциялық химия – химияның төртінші концептуальдық жүйесі, ол химияны уақытпен және тарихпен бірге зерттейді, тірі материяның химиялық эволюциясының теориясын құрастыру арқылы дамиды. Эволюциялық химия заттардың: атомдардан және қарапайым молекулалардан бастап тірі ағзаларға дейін өздігінен жинақталу үрдісін зерттейді. Яғни, оның құрамында химияның түр-түрі – органикалық, бейорганикалық, аналитикалық, физикалық және т.т. болады.
Эволюциялық химияға жатқызылатын ең алғаш ашылған жаңалықтардың бірі – ол реакциялардағы катализаторлардың өздігінен жетілу құбылысы. Бұл құбылысты алғаш рет бірінші болып американдық химиктер А. Гуотми и Р. Каннингем байқаған (1958 - 1960 жж), өздерінің ғылыми еңбектерінде суреттеп жазған. 1964-1969 жж советтік ғалым А.П. Руденко осы ашылған жаңалықты ескеріп ашық каталитикалық жүйелердегі өздігінен жетілу теориясын жасады.
Неміс ғалымы М. Эйгеннің жұмыстарында гиперсақиналардың теориясы жетілдірілді. Бұл теория өздігінен жетілетін немесе осыған бейім макромолекулалардың жабық автокаталитикалық химиялық жүйелерге бірігетіндігі көрсетілген және осы теорияны түсіндіреді. Гиперсақиналардың теориясы тіршіліктің пайда болуының және химиялық эволюциясының абиогенетикалық теориясы болып табылады.
1987 жылы Нобельдің атындағы сыйлықтың лауреаты супрамолекулярлық химияның негізін қалаушы Жан-Мари Лен жоғары молекулярлық қосылыстардың жүйесіндегі реттелу құбылысын суреттеу үшін супрамолекулярлық өздігінен жетілу және өздігінен жиналу (құрастырылу) түсінігін енгізді. Екі немесе одан да көп құрама бөліктердің коваленттік емес әрекеттесулердің әсерінен өздігінен ассоциацияланып супермолекулаларды және (немесе) полимолекулярлық ансамбльдерді түзуі супрамолекулярлық өздігінен құрастырылу болып табылады. Бұл өздігінен жинақталатын үрдіс ретінде бейорганикалық кешендердің өздігінен түзілуін зерттеу барысында суреттелген. Нуклеин қышқылдарының молекулаларының өздігінен жинақталуы, ақуыздардың матрицалық синтезі тірі табиғаттағы өздігінен жинақталу мысалдары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет