Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


)Бор тыңайтқыштарын өндіру технологиясы



бет101/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

5)Бор тыңайтқыштарын өндіру технологиясы
Бор минералды тыңайтқыш.Тыңайтқыштар құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты. Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді. Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге тікелей қорек болатын N, P, K, Mg, B, Mn, т.б. элементтер бар. Осы элементтердің мөлшеріне қарай жай және кешенді тыңайтқыштар деп бөлінеді. Жай Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдікке қорек болатын негізгі элементтердің (азот, фосфор, калий) біреуі ғана болады, әрі олардың концентрациясы көп емес. Оларға азотты тыңайтқыштар, фосфор тыңайтқыштары, калий тыңайтқыштары және микротыңайтқыштар жатады. Жанама әсер ететін Минералды тыңайтқыштар (әк, бор, гипс, доломит) топырақтың агрохимиялық және физикалық - химиялық қасиетін жақсарту үшін пайдаланылады. Мысалы, топырақтың қышқылдығын жою үшін ұнтақталған әк, доломит, бор шашылады. Минералдық тыңайткыштарды өндірудің сапасы жылдан-жылға едәуір жақсара түсуде. Өсімдіктер пайдаланатын минералдық тыңайтқыштар құрамындағы химиялық элементтерге мыналар жатады: 1/ негізгі қоректі элементтер /фосфор, калий/, фосфорит, калий тұздары қүрамында кездеседі; 2/ қосымша қоректі элементтер /калий, кальций, магний, күкірт/; 3/ құрамында микроэлементтері бар / мыс, молибден, мырыш, бор, марганец, кобальт, т.б./ шикізаттар. Минералды /немесе жасанды/ тыңайтқыштар шығу тегі жағынан анорганикалық заттарды табиғи минералдардан, ауадағы азоттан немесе кейбір химиялық заводтардың қосымша өнімдері ретінде алынады. Ал түрлері жағынан азотты, фосфорлы, калийлі, кейбір микротыңайтқыштарға /бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт, т.б./ бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет