Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет104/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

8. Экономикадағы химияның рөлі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды» деп мәлімдеп, ұлттық экономикамызды алға сүйрейтін салаларға бөлек-бөлек тоқталып, ондағы ең өзекті мәселелердің шешілу жолдарын көрсетті. Осы орайда, отандық химия өнеркәсібінің бүгінгі хал-ахуалы, түйткілді мәселелері, даму келешегі туралы ой-пікіріммен бөлісуді жөн көрдім.
Қазақстанның химия өнеркәсібінің қалыптасу тарихы өткен ғасырлардан бастау алады. 1884 жылы екі кәсіпорын болған, олар Шымкент сантонин зауыты және Риддер байыту фабрикасындағы күкірт қышқылы цехы. 1928-1930 жылдары Қазақстанның химияландыру комитеті құрылды. Химияландыру комитеті жанынан минералдық және органикалық шикізат, ауыл шаруашылығы, химия-фармацевтикалық, әскери-химиялық секциялар ашылды. Зерттеулер ең маңызды проблемаларды қарастырды. Бұл зерттеулер пайдалы қазбалардың барлық түрін қамтыды, республикада бай кен орындарының ашылуына түрткі болды және Қазақстан аумағының геохимиялық тарихының заңдылықтарын анықтаудың маңызды факторы болып табылды.
Қазақстанның химия өнеркәсібінің бүкіл Кеңес өкіметі тарихында дамуын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде (1917-1957 жылдар) Қазақстанда химия өнеркәсібі құрылды, республиканың жер қойнауы зерттеліп, 11 зауыт пен фабрика салынды. Химия ғылымындағы алғашқы жетістіктер көбейді. Екінші кезеңде (1955-1991 жылдар) химия өнеркәсібін дамытуда ірі ауқымды құрылыстар бой көтерді. 17 ірі химия кәсіпорыны салынып, онда шығарылатын өнімдердің түрлері кеңейтілді.1990 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша Қазақстандағы химия өнеркәсібі өнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі – 7,6%-ды құрады. Алайда Кеңес Одағының ыдырауы, экономикалық қарым-қатынастарының үзілуі салдарынан 1991-2000 жылдары Қазақстанда химия өнеркәсібінің құлдырауы орын алды.
Химия өнеркәсібі құрылымындағы басым бағыт – минералдық-шикізат ресурстарын кешенді пайдалану және оларды қайта өңдеуде соңғы өнімдерді жасау болып табылады. Шығарылатын өнімнің ең көбі фосфор өндірісіне тиесілі. Қазір Қазақстан посткеңестік кеңістікте ең ірі фосфор өндіруші болып табылады. Атап өтерлігі, қазіргі кезде Қазақстанда химия өнеркәсібі қайта жаңғыруда. Оған мемлекет 2010 жылдан бастап жүзеге асырған индустриялық-инновациялық даму саясаты оң ықпал етті.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен алынған ресми мәліметтерге сүйенсек, жаңа өндірістерді ашудың индустрияландыру картасы бойынша 2010 жылдан бастап химия саласында бірнеше инвестициялық жоба іске асырылды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды («Қазфосфат» ЖШС, «ҚазАзот»ЖШС, «Каустик» АҚ) жаңғыртудың негізгі бағыттары еңбек өнімділігін және ресурс тиімділігін арттыру, өнім көлемін әртараптандыру және ұлғайту болды.
Жаңа бәсекеге қабілетті химия өндірісін іске қосу үшін Атырау, Тараз және Павлодар қалаларында Арнайы экономикалық аймақтар құрылды. Химия өнеркәсібіндегі оң үрдістер саланың шығарылатын өнімі көлемінде байқалады. Осылайша, салада жалпы қосымша құн 2008 жылдан бастап 3 есеге, ал негізгі мұнай-химия өнімдерін өндіру көлемі 2 еседен астам өсті. Химия өнеркәсібінің дамуы туралы статистикалық мәліметтерді талдау үздіксіз өсімді көрсетті. 2004 жылдан 2018 жылға дейінгі өнеркәсіптік химиялық өнімдердің көлемі 9 есеге жуық өсіп 43,2-ден 401,1 млрд теңгені құрады, ал 2009 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі алғашқы бесжылдық кезеңінде бұл көрсеткіш 85,5-тен 184,9 млрд теңгеге дейін екі есе өсті. Химия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 3,7 есе, 2009 жылы – бір адамға 13 мың долларға, 2012 жылы – 48,3 мың долларға өсті.
2004-2018 жылдары саланың айтарлықтай дамуына қарамастан, динамикада химия өнеркәсібінің ІЖӨ-дегі үлесі өте төмен болып қалғаны рас. Мәселен 2006 жылы Қазақстанның химия кәсіпорындары шамамен 0,57%, 2009 жылы ІЖӨ-нің 0,64% өндірді. Бұл көрсеткіш химия өнеркәсібі орта есеппен 5% құрайтын дамыған елдердің көрсеткішінен төмен. Жалпы, бүгінге дейін Қазақстанның химия өнеркәсібі 1990 жылдың басындағы көрсеткіштерге әлі жете қойған жоқ. Статистика комитеті мен Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша, химия өнімдерінің экспорты 2016 жылы 477,6 млн АҚШ долларын құраса, импорт 1817,7 млн АҚШ долларына тең болды, немесе 3,8 есе көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның батыс өңірлері мұнай-химия кешендерін салып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік циклдарын құру үшін инвестиция тартатын орталыққа айналуы тиіс. Бізде бүгінге дейін мұнай химиясы мен газды қайта өңдеу жүйесінің жоқтығы – ақылға қонбайтын қисынсыз нәрсе» деп атап көрсетті.
Турасын айтсақ химия өнеркәсібінің маңызды бөлігі мұнай-химия саласы саналады. Мамандардың есептеулері көрсеткендей, мұнай-химия саласы экономикаға мультипликативтік әсер етеді. Мұнай-химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 1 долларға өсуі басқа салаларда 2,3 долларға дейін өсім береді. Өйткені халық тұтынатын тауарлардың 96%-ы мұнай-химияның қатысуымен шығарылады. Мұнай-химия өнімдеріне халықаралық нарықтың қажеттілігін талдау Қазақстан үшін полиэтилен, полипропилен, стирол және полистирол, этиленгликоль және бензол шығару бойынша базалық мұнай-химия өндірістерін құру экономикалық жағынан неғұрлым тиімді болатынын көрсетті.
Мысалы қазір Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында пропилен және полиэтилен шығару жобасы іске асырылуда. Бірінші кезеңі жылына 500 мың тонна полипропилен шығаруға есептелген. Құны 2,6 млрд доллар, құрылыстың аяқталу мерзімі – 2021 жыл. Бір өкініштісі, бұл жоба 10 жылдан астам уақыт іске асырылып келеді және оны іске қосу мерзімі үнемі ауыстырылуда.
Атап айтарлығы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған Жолдауда: «Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ» деп мәселенің мәнісін ашық айтты. Мәселен, елімізде дамуы тежеліп қалған саланың бірі – фармацевтика. Химия өнеркәсібінің дамуы отандық фармацевтиканы өркендетуге жол ашады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми мәліметі бойынша, Қазақстанда 68 фармацевтикалық кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде 3-еуі – ірі, 11-і – орта, 54-і – шағын кәсіпорындар.
2010-2018 жылдар аралығында 30 жоба іске асырылды, 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды және осы жобаларды іске асыруға салынған инвестициялар көлемі 45 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде фармацевтика саласындағы өндіріс көлемі 4 есеге, 19,9 млрд теңгеден 78,8 млрд теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ министрліктің ақпаратына сәйкес, 2019 жылы құны 58,9 млн АҚШ долларын құрайтын фармацевтика өнімдері экспортталса, ал 1136 млн АҚШ долларының өнімдері импортталған немесе ол экспорттан 19 есе көп. Фармацевтика саласындағы өнім өндірісі 2019 жылы 18%-ға өсіп, 92 млрд. теңгені құрады. Яғни, Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, өнеркәсіпке қолдау жасаудың нақты жүйесі болмағандықтан, бұл салада халық тұтынатын тауарларды шетелдерден әкелетініміз рас.
Сонымен қатар агрохимия саласында да шешімін таппаған түйткілді мәселелер көп. Қазақстанда минералдық тыңайтқыштар нарығы латентті болып табылады. Себебі аграрлық өндірісті химияландыру нормадан 10 есеге төмен. Тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялау көлемін ұлғайту немесе топырақ құнарлылығының жай-күйін бақылауды күшейту жолымен агроөндірушілерді ынталандыру дұрыс шешім бола алар еді. Минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалану егіс алқаптарының құнарлығын сақтап қана қоймай, егін өнімділігін қосымша 25-30% көбейтеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруаларға минералды тыңайтқыштарды пайдалануды ынталандыруы қажет деп ойлаймын.
Тағы бір мәселе – минералдық тыңайтқыштарды егістіктерге енгізу. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мәліметіне сәйкес, астықты алқаптарға енгізілетін минералдық тыңайтқыштардың ғылыми негізделген нормасы:
– фосфорлы (аммофос) – 45-50 кг/га;
– азотты (амиак селитрасы) – 90-100 кг/га;
– күрделі азотты-фосфорлы (нитроаммофос) тыңайтқышы – 50 кг/га физикалық салмақта топырақтың құрамына қарай енгізу керек. Алайда Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылы егіс алқаптарына нақтылай енгізілгені 8 кг/га ғана. Үкімет бизнес өкілдерімен бірлесіп, келесі жылы әзірлейтін Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобада осы мәселелер де ескерілуі тиіс. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, химия өнеркәсібі саласы бойынша мамандар даярлайтын ЖОО саны – 26, ал техникалық және кәсіптік білім саласы бойынша мамандар дайындайтын оқу орындарының саны – 12. Аталған жоғары оқу орындарында 2019 жылы 1534 маман даярланса, 2019-2020 оқу жылына 1309 грант бөлінген.
Осы саладағы өзекті проблеманың бірі – білікті мамандардың жетіспеушілігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ» деп атап өтті.
Кадр даярлаудағы өзекті мәселенің бірі – биыл құрылғанына 75 жыл толған А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының жағдайы. Институт ғалымдарының жаңалықтарын негізге алып басқа елдерде өндіріске енгізіп жатыр. Ал аталған институтты мемлекет тарапынан қаржыландыру, институт ғалымдарының ашқан жаңалықтарды өндіріске енгізу сын көтермейді. Институтта бір кездері 900-1000-ға тарта ғылыми қызметкер еңбек етсе, 2019 жылғы олардың саны – 160. Институтты базалық қаржыландыру 2020 жылдан мүлдем тоқтатылған. Демек материалдық-техникалық базасы ескірген институтқа мемлекет тарапынан қолдау қажет.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшелігі – алдымен оларға қомақты қаржы салу керек, содан кейін, нәтижелер көру кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстары компанияның, сайып келгенде – елдің өркендеуіне әрдайым үлес қосады. Ғылымды қаржыландырудың әлемдік практикасы – ғылымды мемлекет қана барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмайтынын көрсетті. Алайда мемлекет басқа да қаржы көздерін ғылымға ақша салуға тиімді нормативтік актілер арқылы ынталандыра алады. Білім және ғылым министрлігі химия өндірісіне қажетті мамандар даярлаудың саны мен сапасын пысықтауы керек. Ғылымды қаржыландырудың ғылымды дамытуға үлес қосатын жолдарын дамыту қажет.
 


9. Мұнайдың өндірілуі және мұнай өнімдерінің қолданылуы.
Мұнай өнеркәсібі — отын өнеркәсібіндегі жетекші рөл атқаратын сала. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.
Жүз жыл бұрынғыдай, мұнай өндірудің негізгі мақсаты қазіргі уақытта көлік құралдары мен электр генераторлары үшін отын алу болып табылады. Отын алу үшін барлық өндірілетін мұнайдың шамамен 80% пайдаланылады. Мұнайдан мынандай отын түрлері алады:
 Бензин
 Авиациялық отын, зымыран отыны (керосин)
 Дизель отыны (дизель отыны)
 Кеме отыны (мазут пен солярка қоспасы)
 От жағатын мазут
Мұнай-жанғыш, майлы, өзіне тән иісі бар, сұйық зат.
Алдымен оны тазартып, өңдейді. Өнімді бірнеше бөліктерге айырып алады.
Ең сапалы мұнай өнімі - жанармай.
Мұнайдың қоспасынан синтетикалық резеңке, көксағыз (каучук), синтетикалық мата мен пластмасса, кіржуғыш ұнтақ, бояу, косметика, тыңайтқыш, типографиялық бояу, автокөлік доңғалақтары сияқты күнделікті тұрмысқа аса қажет өнімдер жасалады
Мұнай – молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға(дистиляттарға бөледі, мұнайдың құрамында С5 – Сn көмірсутектері бар және 40-200°С аралығында қайнайтын бензин құрамында С8-С14 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С12-С18 көмірсутектері болатын және 180-300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б. қолданылады. Лигроинтрактор үшін жанармай болады. Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндер алынады; Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Табиғи газ – жер қойнауында анаэробты органикалық заттарндың ыдырауынан пайда болған газдар қоспасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет