17. Табиғи қорлар маңызы. Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан айырылып, сортаңданды. Топырақтағы өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына, таралуына кері әсерін тигізді. Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды. Сонымен табиғат ерекшеліктерін ескермегендіктен, су қорларын халық шаруашылығына пайдалану мәселелері әзірше дұрыс шешілмей отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл керсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырады. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді. Мысалы, құмайт және саздақ топырақты аудандар 4-5 жыл пайдаланғаннан кейін жері сортаңданып, егістік көлемнен шығып қалады. Жел топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетеді.
Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.
18. Өнім сапасын арттырудағы химияның рөлі. Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы. Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады. Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі. Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады — баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды. Сапа — бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады. Өнім сапасын жақсарту – өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т.б. Сапаны басқару – өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер. Сапаға әсер ететін факторлар: • Машиналар құрамы; • Жұмыскерлердің кәсіби білімі, дағдылары, тәжірибесі, денсаулығы. Сапаны қамтамасыз ету шарттары: өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы; қоршаған ортаның климаттық жағдайы; интерьер және өндірістік дизайн; материалдық және моральдық стимулдар сипаты; ұжымдағы моральды–психологиялық климат; ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі; жұмыскерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайы. Сапа бойынша тиімді және үнемді жұмысты ұйымдастыру үшін адамдар келесі схема бойынша іс-әрекет жасайды: 1. Қажеттілікті анықтау және өнім сапасына талаптарды белгілеу (жоспар, сапа бағдарламасы); 2. Бастапқы материалға қажет қасиеттер беру (жоспарды орындау); 3. Шыққан сапаның қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқуларды анықтау); 4. Ауытқуларды жоюға бағыталған әсер жасау (кері байланыс). Деминг циклы Өнім сапасының берілген параметрлерден ауытқуы, көбінесе теріс жаққа болады және оның жалпы және жеке көріністері болуы мүмкін. Жалпыға өнімнің моральдық тозуы, табиғи және моральдық ескіруі жатады, яғни өнімді қолданғанда және сақтағанда тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы. Кейде жеке ауытқулар да болады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін және олардың табиғаты экономикалық және техникалық сипатта болмайды, көбінесе сыртқы сипатта болатын шарттармен анықталады: қолдану ережесін және шарттарын бұзу, құрастырушылар мен жасаушылардың қателері, тәртіпті бұзуға, жабдықтардың бұзылуына және т.б. байланысты болады. Жеке ауытқулар кездейсоқ сипатта болады. Олардың пайда болуын белгілі бір ықтималдықпен анықтауға болады. Сонымен қатар, өнім сапасына баға бергенде тұтынушылар талаптарының өзгеруін де есебке алу қажет.