Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты



бет109/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесі салаларында ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған зерттеулерді жүргізетін мекеме.[1]. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағында. Бүкілодақтық астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу инститтының Қазақ бөлімшесі болып 1958 жылыЦелиноград (қазіргі Астана) қаласында құрылған. 2002 жылдан Астық шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығына қарасты мемлекеттік еншілес кәсіпорын. Құрамында: элеватор кәсіпорнының техникасы мен технологиясы, астық кептіру техникасы мен технологиясы, астық өңдеу өнеркәсібінің техникасы мен технологиясы, астық және астық өнімдерінің сапасы, астық және астық өнімдерінің микробиологиясы лабораториялары; өндіріске енгізу, маркетинг және патенттік іздеу секторы; жобалау-тәжірибелік базасы болды (2003). Институттың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді жетілдіру.
А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – республиканың астық өндіретін аудандарында дәнді дақылдар егу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме.Ол егістіктердегі топырақ қорғау жүйесін жасау ісіне басшылық етеді. Қазақстан Республикасы Астық шаруашылығының министрлігінің қарамағында. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысындағы Шортанды астық шаруашылығы тәжірибе станциясы негізінде 1956 жылы құрылған. 1961–92 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 1992–2002 жылдары Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1998 жылдан институттың құрамына Көкшетау бөлімшесі (бұрынғы Көкшетау астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) беріліп, 2002 жылдан Астық шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамына енді. Институт құрамына: егіншілік (ауыспалы егіс, танапты дақылдар агротехникасы және өсімдік өсіру диверсификациясы, топырақ өңдеу, дақылдарды өсіру технологиясын модельдеу, өсімдік қорғаудың химиялық және агротехникалық әдістері лабораторияларын біріктіреді), агрохимия; топырақ құнарлылығы және топырақты химиялық талдау (топырақ химиясы, топырақ құнарлылығы лабораториялары), жемшөп өндіру (шалғындық жемшөп және мал азығын егістікте өндіру лабораториялары), механикаландыру (топырақ өңдеу және тұқым себу машиналары, жиналған астықты өңдеу, тұқым өсіру және сұрыптауды механикаландыру лабораториялары) және агроландшафттық технология бөлімдері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет