Қоры мен аймақтық топтары
Қоры мен сапасы жағынан Қаратау фосфориттері дүние жүзінде алдыңғы қатардан орын алады. Мұндағы фосфор ангидридінің (Р2О5) мөлшері 3 27-37%-ды құрайды. 1960-1980 жылдары Қаратау алабына мемлекеттік үлкен маңыз беріліп, оны арнайы барлау үшін Жаңатас геологиялық-барлау экспедициясы ұйымдастырылған. Фосфоритті горизонт ашылған жолақтың ішінде 49 жеке кен орны анықталған.
Барлық кен орындар аймақтық жіктелім бойынша 5 топқа бөлінеді:
бірінші топтың кен орындарына ірі Шолақтау фосфорит кені орнынан басқа бірқатар шағын: Тамды, Арбатас, Сүлейменсай, Насынқұл, Шолақтау-ІІ, Қотырбұлақ, Жетімшоқы-І және ІІ кен орындары кіреді. Тамды, Арбатас, Қотырбұлақ, Жетімшоқы І және ІІ кен орындарының өндірістік мәні төмен;
екінші топтың кен орындарын ірі Ақсай фосфорит кен орны, Түйесай фосфорит кен орны және қоры шағын: Көктал, Тесіктас, Шилібұлақ, Қыршабақты кен орындары құрайды;
үшінші топ өндірістік мәні төмен бірқатар ұсақ (Жетімтал, Бүркітті, Ақтас, Қарашат, т.б.) кен орындарын қамтиды. Олар Ақсай және Көксу кен орындарының аралығында орналасқан;
төртінші топ бірнеше өндірістік және ұсақ кен орындарын біріктіреді. Олар Ақжар, Үшбас, Жартас, Арқалысай, Көксу, т.б.;
бесінші топқа өндірістік Көкжон фосфорит кен орны,
Жаңатас, Гиммельфарб кендері және бірқатар ұсақ кен орындары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |