Қаратау фосфориттері Қазақстанның және шет елдердің көптеген химиялық өнеркәсіп орындарында пайдаланылады. Олардан минералды тыңайтқыштар, элементтік фосфор, т.б. халық шаруашылығынана қажет заттар өндіріледі.[1][2]
24. Фосфориттерді өндіру және өңдеу технологиясы. Фосфориттер — апатит және мартинит сияқты минералдар тобынан тұратын аморфты немесе микрокристалды кальций фосфаттарын өз құрамына молынан кіріктіретін таужыныстардың жалпылама атауы. Фосфориттер құрамындағы фосфаттың ең төменгі мөлшері 18%-дан кем болмауы шарт. Алайда геологиялық- барлау тәжрибесіңде құрамындағы фосфат мөлшері 5% таужыныстарды да фосфорит кендері деп атайды, өйткені құрамындағы фосфат мөлшері 5-18% аралығындағы таужыныстарды ашық әдіспен өңдіру және байыту нәтижесінде таза фосфат концентрациясын алу қиын емес.
Қазақстанда фосфор өндірісі негізінен оңтүстік аймақтарда шоғырланған. Қазфосфат– химия өнеркәсібіндегі өндірістік құрылым, жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 1999 ж. құрылған. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар химиялық кәсіпорындарды біріктіреді. Негізгі өндірістік нысандары: «Қаратау» кен өңдеу кешені, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты, Темір жол көлігі кешені, Шымкент қаласындағы синтетикалық жуу заттарын шығаратын зауыт, т.б. Қызметінің негізгі түрлері: минералдық шикізат (фосфорит кентасын) өндіру, байыту және өңдеу, олардың негізінде өнеркәсіптік өнім мен халық тұтынатын тауарлар шығару; геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу; минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор және оның қосылыстарын шығару. Бұл негізгі бағыттарынан басқа «Қазфосфат» ЖШС-і фосфор саласындағы кәсіпорындардың құрылымын дамытуға, өндірістік процестерін жетілдіруге, қуаттылығын арттыруға бағытталған үлкен істер атқаруда. Бұл іс-шаралар Қаратау фосфорит алабының табиғи қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта «Қазфосфат» ЖШС-і фосфор саласының тек шикізат өндіруге бағытталған біржақтылығын өзгерту, сыртқы және ішкі рыноктарға сапалы, бәсекеге түсе алатын өнім шығару бойынша іргелі жұмыстар жүргізуде.
Фосфоритті жағу пеші
Өндіргіштігі 7615 кг/сағ болу үшін фосфор бойынша форсунканың өндіргіштігі 2,5 ÷ 3,2 т/сағ кезінде 3 жағу мұнарасы керек (үш технологиялық жік). Фосфоритті жағуда пештің өндіргіштігі 2538 кг/сағ. Фосфоритті жағу интенсивтілігі α = 20 кг/м3 · сағ болатын қажетті мұнара көлемін мына формуламен табамыз.
V=2538 : 20 = 126,9м3
Биіктігі 12 м аппараттың стандартты биіктігі кезінде, оның орташа диаметрі мынаған тең:
Жоғарғы бөлігінің диаметрі 4 м, ал төменгі бөлігінікі 3,2 м қабылданады. Көміртекті болат Х17Н13М2Т корпусы болады. Қақпағы және ыдысы тотқа төзімді болаттан жасалып, сыртынан сумен салқындатылады. Жоғарғы бөлімінде екінші ауа енгізу үшін құбыр орнатылған.
Пеш резеңке қатпары бойынша футерленген көміртекті болатпен пісірілген диабазалы тақтадан тұратын төмен қарай кішірейген аппарат түрінде болады. Пешті суландыру үшін төрт каскадты форсунка және қышқыл коллекторымен қамтылған.