Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет38/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

Болат өндірудің мартен әдісі
Болат өндірудің мартен әдісі кеңінен таралған, осы әдіспен ТМД елдерінде болаттың 80%-дайы өндіріледі. 1864 жылы француз инженерлері әкелі-балалы Пьер және Эмиль Мартендер өндірістің механикалық қалдықтары мен шойында қосып балқытып алу жолын ұсынады. Солардың құрметіне «Болат өндірудің мартен әдісі», «Мартен процесі», «Мартен пеші», «Мартен болаты» деген атаулар бар.
Бұл процеске қажет жоғары температураны жылуды регенерациялау (жанудан бөлінген заттардың қызуын пешке үрленетін ауа мен газды алдын ала жылытуға пайдалану) әдісімен алуды 1856 жылы неміс инженері Ф.Сименс ұсынған болатын.
Жалынды пештерде шойын мен болат сынықтарынан құйма болат өндіруді 1722 жылы Реомер ұсынды.
Отқа төзімді пеш қаламаларының құрамына сәйкес мартен процесі негіздік(пеш ұлтанының қаламалыры CaO,M2O т.б. тотықтардан жасалған) және қышқылдық (пеш ұлтаны SiO2) процесс деп екіге ажыратылады.
 
Шихта құрамына сәйкес мартен процесі негізінен екіге бөлінеді:
 
1. Скрап-рудалы поцесс. Шихта құрамы 55-75% сұйық шойыннан, қалғаны металл сынықтары мен темір рудасынан тұрады. Бұл әдіс домна пеші бар металлургиялық зауыттарды қолданылады.
2. Скрап-процесс. Мұнда шихта құрамына болат сынықтары және 25-45% қатты шойын жатады. Болат өндірудің бұл әдісі өзінде домна пеші жоқ, металл сынықтары мол, өндіріс шоғырланған жердегі зауыттарда қолданылады. Осы екі процесте де флюс ретінде әк тас – CaCO3(металл массасынан 8-12%) қолданылады.
Негізді мартен пешінде болат балқытатын скрап-рудалы процесс кеңінен қолданылады. Пешке алдымен темір рудасы мен әк тас салып қыздырып, болат скрап (металлургия өндірісінің қалдығы, ол қайта қорытылып іске жаратылады) қосып, сұйық шойын құяды. Балқу процесінде темір рудасы мен скрап шала тотықтарымен шойын қоспалары әрекеттесіп тотықтанады:
 
 
3Si + 2Fe2O3= 3SiO2 + 4Fe; 3Mn + Fe2O3= 3MnO + 2Fe
Негізді мартен пештерінде көміртегіліконструкциялық, аз және орташа легірленген (маргенецті, хромды) болаттар қорытылады.
Қышқылды мартен пештерінде балқытатын шихтының құрамында фосфор мен күкірт аз болуы қажет. Негізді пешке қарағанда қышқылды пеште балқыған болаттың құрамында сутегі мен оттегі аз болады. Сондықтан қышқыл болаттардың механикалық қаситтері жоғары болып, ірі двигательдердің иінді біліктерін, қуатты турбиналардың роторларын, шарикті мойынтіректер жасауға қолданылады.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет