34) Неміс ғалымдарының пластик қалдықтарынан дизельдік отын өндіру технологиясындағы жетістіктері Cylvia Technology GmbH неміс компаниясы майлардың және пластиктердің (мысалы, полиэтилен, полипропилен) қалдықтарынан өнім – минеральдық отын алу технологиясын жасады. Осыған байланысты энергетикалық мәселе және қалдықтарды жою мәселелері шешімін табады. Бұл туралы "Прайм-ТАСС"хабарлайды. Cylvia Technology GmbH неміс компаниясы жасаған үрдіс ішінде пластик көп 11,6 млн тонна пайданылмайтын потенциалдық шикізаттың қалдығын сапасы жоғары жанар майға және отынға өңдеуге мүмкіндік береді.
Инновациялық технология шикі мұнайды крекингілеуге ұқсас фракцияланған деполимеризация үрдісіне негізделген. Цельсия бойынша 400 градуста ұзын тізбектік көміртектік байланыстар бөлшектеніп буланады да, конденсаторда дизельдік отын ретінде сұйылтылады. Бұл үрдістегі температура әдеттегі крекинг –үрдістің, пиролиздің температурасынан әлде қайда төмен. Бұл технология қалдықтарды жоюмен айналысатын жеке меншік кәсіпкерлерді, мемлекеттік компанияларды және өнеркәсіп иегерлерін қызықтырып отыр. Сонымен бірге жаңа технология сыртқы ортаны қорғау мәлелерін де шешеді немесе оны шешуге ықпалын тигізеді.
Осы инновациялық технологияның есесінен дизельдік отынның, пешке жағатын отынның құны авто жанар май бекеттеріндегі (ары қарай АЖМБ) отыннан төмендеу болатындығы жоспарлануда. Мұнайдың бір барреліне төлетін құнның 30 доллардан асқаннан соң қалдықтардан алынатын дизельдік мұндай отынның бағасының тиімділігі күн санап өсуде.
35 Бинарлы косылыстар Бинарлы қосылыстар — химиялық зат, екі элементтің және көп элементті қосылыстардың көбісінің жиыны. Бинарлы қосылыстарды қарапайым заттардан синтездеп немесе басқа әдістермен алады. Мысалы: SiC, Fe2O3, KBr, CS2, NH3, CrO2Cl2, СCl2O және т.б.