Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Табиғи көздердегі витаминдер, оларды сапалық және мөлшерлік бағалау үшін қолданылатын әдістерді атаңыз



бет20/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

57) Табиғи көздердегі витаминдер, оларды сапалық және мөлшерлік бағалау үшін қолданылатын әдістерді атаңыз
Табиғи көздердегі витаминдерді сапалық және мөлшерлік бағалау үшін биологиялық әдістермен қатар физика-химиялық әдістерді пайдаланады. Витаминдердің белсенділігі халықаралық бірліктермен анықталады. Халықаралық бірлік дегеніміз миллиграммен немесе микрограммен өлшенетін стандартты препараттың шартты мөлшері (γ). Бірлік дегеніміз ағзаны авитаминоздан толық емдейтін немесе оған жол бермейтін витаминнің минималды мөлшері. Витаминдердің 1 халықаралық бірлікке (ХБ) сәйкес мөлшері әртүрлі болады. Мысалы, А витаминдерінің 1ХБ 0,344 γ аксерофтал ацетаты, ал Д витамині үшін – 0,025 γ эргокальцийферол сәйкес. Витаминдердің белсенділігін бағалаудың биологиялық әдісі өте күрделі, әрі оның дәлдігі төмен. Сондықтан витаминдердің шынайылығын сынау және мөлшерін анықтау үшін көп жағдайда физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістерді жиі пайдаланады.
58) Антибиотик дегеніміз қандай заттар, олардың адам ағзасына әсері қандай
Антибиотиктер (гр.autі – қарсы және гр.bіos – тіршілік) –микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат, микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктердің әсер ету нәтижелігі дәрілік заттың физикалық және химиялық қасиетіне, мөлшеріне, пішініне, егу жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты екендігін анықтап береді. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.
59) Дәрілік құрал ретінде кеңінен қолданылатын табиғи антибиотиктер бірнеше топтарға бөлінеді, сол топтарды атаңыз
Дәрілік құралдар ретінде кеңінен қолданылатын табиғи антибиотиктер және олардың жартылай синтетикалық аналогтарын келесі топтарға бөледі: 1.Алициклдық құрылысты антибиотиктер (тетрациклиндер тобы, олардың жартылай синтетикалық аналогтары және т.б.); 2.Ароматты қатар антибиотиктері (левомицетин тобы); 3.Гетероциклды структурасы бар антибиотиктер (пенициллиндер, олардың жартылай синтетикалық аналогтары, цефалоспориндер және т.б. 4.Антибиотиктер – гликозидтер: стрептомициндер; антибиотиктер – аминогликозидтер (канамициндер, неомициндер, гентамициндер, мономициндер); макролидтер (эритромициндер және олеандомицин); гликозид тәріздес структурасы бар полиенды антибиотиктер (нистатин, амфотерицин, микогептин). 5.Ісікке қарсы әсері бар антибиотиктер: ауреал қышқылының туындылары; антрациклиндер; хинолин – 5,8-дион туындылары; актиномициндер. 6.Антибиотиктер – полипептидтер (грамицидиндер; полимиксиндер және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет