Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Алкалоидтар, олардың алыну жолдарын түсіндіріңіз



бет19/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

55) Алкалоидтар, олардың алыну жолдарын түсіндіріңіз
Алкалоидтар – жидек өсімдіктерде кездесетін және активті биологиялық әсерімен белгілі азот-құрамды органикалық негіздер. Амин қышқылдары мен ақуыздар алкалоидтарға жатпайды. Дәрілікар ретінде қолданылатын биологиялық белсенді табиғи қосылыстардың бірі – алкалоидтар, олар көбінесе өсімдіктерде кездесетін, белсенді биологиялық әсері бар азотқұрамдас органикалық негіздер. Қазіргі уақытта 1000-нан астам түрлі алкалоидтар белгілі, олардың кейбіреулері өте құнды дәрілік препараттар немесе оларды алу үшін шикізат болып табылады. Алкалоидтарды өсімдіктерден бөліп алу тәсілдері, алкалоидтар қоспасын жеке компоненттерге ажырату, сонымен қатар талдаудың сапалық және мөлшерлік тәсілдері олардың физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген. Алкалоидтарды алдын-ала кептірілген және майдаланған өсімдік шикізатынан ажыратып алудың үш тәсілін пайдаланады. Оның біреуі қайнау температурасы 100ОС төмен алкалоидтарды су буымен айдауға негізделген.
56) Дәрумендер (витаминдер) дегеніміз не, табиғи көздердегі витаминдерді атаңыз
Витаминдер, олар – ағзаның қалыпты тіршілік етуі үшін азғана мөлшерде қажет химиялық құрылысы әртүрлі заттар тобы. Витаминдердің бірқатары ферменттік жүйелердің қатарына кіреді және тірі жасушада өтетін химиялық немесе фотохимиялық үрдістердің биологиялық катализаторлары болып табылады (тиамин, рибофлофин, пиродоксин, пантотен қышқылы және т.б.). Витаминдерді өндірісте алу көзі ретінде өсімдік және жануар шикізатын, сонымен қатар микроағзаларды пайдалануға болады. Табиғи көздердегі витаминдерді сапалық және мөлшерлік бағалау үшін биологиялық әдістермен қатар физика-химиялық әдістерді пайдаланады. Витаминдер дегеніміз – биологиялық жоғары пәрменді органикалық заттар. Витаминдер энергия көзі емес және пластикалық материалдар қатарына да жатпайды, дегенмен ағзаның қалыпты тіршілігі үшін маңызы зор, химиялық құрамы әртүрлі зат тобы. Қан айналу жолына түскен витаминдер ағзада жүретін барлық биохимиялық процестерге қатысады, олар қоректік зат алмасу процесіне қатысып, ағзаның жақсы өсіп-жетілуіне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет