115)Химия-фармацевтикалық өнеркәсіптегі негізгі технологиялық процестердің гигиеналық сипаттамасын баяндаңыз Химия-фармацевтикалық өнеркәсібі фармацияның негізгі бір саласы. Ол шикізатты химиялық өңдеу әдісімен бірдей, дәрілік препараттарды биологиялық синтездеуді кеңінен қолданатын өндіріс комплексінен тұрады. Заманауи химия-фармацевтикалық өнеркәсібінің даму спецификасын анықтайтын бірнеше ерекшеліктер бар, олар:
-Шығарылатын өнімнің химиялық тазалығы;
-Тері асты, бұлшық етке, күре тамырға қолданылатын дәрілік препараттардың стерильдігі;
-Дәрілік препараттардың басым бөлігін аз көлемде өндіру;
-Дәрілік құралдардың синтезі көп сатылы және күрделі болуына байланысты, шикізат пен материалдар шығынының көп болуы;
-Өндірілетін дәрілік препараттардың номенклатурасы салыстырмалы түрде тез жаңартылады.
Дайын дәрілік түрлерді өнеркәсіптік өндірісі стандартты жазылымдар бойынша дайын дәрілік препараттарды сериялы жаппай өндіру үшін машиналар, аппараттар, ағымдық механикаландырылған және автоматтандырылған линияларды қолдануды қарастырады. Дәрілік түрлердің көп болуына және оларды өндіру үшін операциялардың әртүрлі болуына байланысты фармацевтикалық өнеркәсіпте еңбекті бөлу цехтік прицип бойынша ұйымдастырылады.
116)Антибиотиктер өндірісіндегі еңбек гигиенасы жайлы баяндап беріңіз Еңбек гигиенасының негізгі міндеті – жұмысты ұйымдастыруда және жұмыс жағдайында жоғары деңгейде өнім өндіру мен жұмыстың адам денсаулығына теріс әсерінің болмауын қамтамасыз ететін шараларды дайындау және оны ендіру болып табылады.
Еңбек гигиенасы бойынша заңдылық, бұйрықтар мен нормативтер:
• ҚР Еңбек кодексінің (15.05.2007ж.) “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” бөлімі;
• “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы” туралы заңы (04.12.2002ж.);
• ҚР ДСМ № 06214 24.06.1998ж. « Фармацевтикалық фабрикаларда өндірістік санитарияның қауіпсіздік техникасын пайдалану бойынша ережесін бекіту туралы», бұйрығы;
• ҚР ДСМ № 243 “Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі туралы” бұйрығы;
• ҚР ДСМ 8.07.2005 ж. № 334 «Өндiрiстiк нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы бұйрығы;
• ҚР ДСМ 21 мамыр 2009 ж № 911 « Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы» бұйрығы;
• ҚР ДСМ 25 наурыз 2002 ж № 9 «Дәріхана ұйымдарын жабдықтау, эксплуатациялау және негізгі санитарлық ережелер мен нормалар;
• Санитарлық ережелер, санитарлық нормалар мен гигиеналық нормативтер.