81) Экстракттар – дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі сұйық дәрілік форма екенін баяндаңыз Экстракттар (extractum) – дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі сұйық дәрілік форма. Экстракттарды дайындау технологиясы: экстракциялау, алынған қоспаны тазарту, буландыру, кептіру, стандарттау. Экстракттар сулы экстракттар,спирттік экстракттар және майлы экстракттар болып жіктеледі. Сұйық экстракттар – құрамында биологиялық белсенді заттары бар өсімдік шикізатынан бөлініп алынған, боялған сұйықтықтар. Химиялық технологияда эстракция қатты денелерден гөрі сұйық экстрагентпен жиі жасалынады. Ал қатты заттардан экстракция тек фармацевтикалық, тамақ және ағаш өнеркәсібінде қолданады. Көбінесе химиялық технологияда сумен немесе қышқыл мен сілтінің сулы ерітіндісімен сұйытылған қатты кеуекті заттардан жасалған экстракцияны қолданады.
82) Консистенциясына байланысты экстракттар қалай жіктеледі, оларға жеке-жеке сипаттама беріңіз Консистенциясына байланысты экстракттар сұйық, қою, құрғақ болады.
Сұйық экстракттар – құрамында биологиялық белсенді заттары бар өсімдік шикізатынан бөлініп алынған, боялған сұйықтықтар.
Тұтқыр қою экстракттар – 25%-дан аспайтын ылғалы бар созылмалы масса.
Құрғақ экстракттар – құрамында ылғалдылығы 5%-дан аспайтын шашылмалы масса. Экстрагент ретінде – 70% этанол, су, май, және т.б. болады.
Экстракттарды дайындау технологиясы: экстракциялау, алынған қоспаны тазарту, буландыру, кептіру, стандарттау.
83) Экстракция деп қандай процесті айтамыз Экстракция деп – экстрагенттің көмегімен ерітінді немесе қатты денелерден бір немесе бірнеше компонентті бөліп алу процесін айтады. Экстрагентпен әрекеттескенде бөлініп алатын компоненттер жақсы ерітіледі және осы қосылыстың қалған компоненттеріне аз мөлшерде немесе мүлдем әсер етпейді, яғни ерімейді. Химиялық технологияда эстракция қатты денелерден гөрі сұйық экстрагентпен жиі жасалынады. Ал қатты заттардан экстракция тек фармацевтикалық, тамақ және ағаш өнеркәсібінде қолданады. Көбінесе химиялық технологияда сумен немесе қышқыл мен сілтінің сулы ерітіндісімен сұйытылған қатты кеуекті заттардан жасалған экстракцияны қолданады.