Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Галенді және жаңа галенді препараттарға сипаттама беріңіз



бет30/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

87) Галенді және жаңа галенді препараттарға сипаттама беріңіз
Галенді препарат – әсер етуші заттардан басқа құрамында балласты заттары бар, өсімдік немесе жануар шикізаты негізінде дайындалатын дәрілік заттар (тұнбалар, қайнатпалар). Жаңа галенді препараттар – балласты заттардан максималды босатып алуға мүмкіндік беретін ерекше технологиямен дайындалған дәрілік өсімдік препараты. Галенді препараттар жоғары тазарту арқасында тұрақтылығымен, стандарттылығымен, биологиялық және химиялық әдістерімен ерекшеленеді. Оларды зауытта, фабрикада, яғни өндіріс орындарында дайындайды. Әр препараттың өзінің аты бар парентералды қолдану үшін бұл препараттарды ампулаларда, ал ішке қолдануға арналғандарды – флакондарда шығарады. Мысалы, «Адонизид», «Лантозид», «Коргликон», «Раунатин» «Фламин» сияқты дәрілік препараттар.
88) Эмульсия – сұйық дәрілік формалар, олардың сипаттамалар
Эмульсия – екі сұйықтың бір-бірінде еріген микрогетерогенді жүйесі. Эмульсиядағы дисперсті фаза да, дисперстік орта да бірдей агрегаттық күйде болады, атап айтқанда сұйық коллоидты жүйе (система). Егер мұндай жүйелерді бірі екіншісінде ерімейтін сұйықтар құрайтын болса, онда ұзақ уақыт сақталады. Эмульсия (франц. Emulsіon – сүт), медицинада – сұйық түріндегі дәрілік формалар (қалыптар). Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т.б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді.
89) Суспензиялар – сұйық дәрілік формалар, олардың сипаттамалары,жіктелуі, қасиеттері мен алыну жолдары жайлы не білесіз
Суспензиялар – бұл дисперстік фазасы 10-5см-ден үлкен өлшемді қатты заттың бөлшектері, ал дисперсиялық ортасы – сұйықтық болып келетін дисперсиялық жүйелер. Суспензиялардың сипаттамасы, жіктелуі. Суспензияларды шартты түрде бөлшек сияқты белгілейді: бөлімінде ортаның агрегаттық күйі, ал алымында дисперстік фазаның агрегаттық күйі көрсетіледі: Қ/С. Суспензияларға басқа да анықтама беруге болады: суспензиялар – бұл сұйықтықтардағы ұнтақтардың жүзгіндері. Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері. Сұйылтылған суспензияларда құрылымының жоқ болуы және концентрленген суспензияларда олардың болуы, осы жүйелердің қасиеттерінде айтарлықтай ерекшелікті көрсетеді. Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттеріне тоқталайық. Сұйылтылған суспензиялардың лиозольдерден дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемімен ерекшеленетінін айтып кеткен едік, яғни d – 10-5-10-2см және d – 10-7-10-5см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет