Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Құрғақ дәрілік формаларды фармацевтикалық талдау туралы жалпы түсінік айтыңыз



бет32/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

93) Құрғақ дәрілік формаларды фармацевтикалық талдау туралы жалпы түсінік айтыңыз
Дәрілік қоспалардың құрамына кіретін препараттарды сапалық және мөлшерлік талдау негізінде: • бейорганикалық заттар үшін – сәйкес катиондар мен аниондар реакциялары • органикалық заттар үшін – түрлі функционалдық топтарға, элементтерге, радикалдардың құрылысына және т.с.с. байланысты реакциялары жатады.
Дәрілік заттарды мөлшерлік талдау үшін бейтараптандыру, комплексонометрия, аргентометрия, броматометрия, йодометрия, тұнбаға түсіру және т.б. әдістер қолданылуы мүмкін. Бұл әдістерді қолдану әрбір нақты жағдайда қоспаның құрамына және оған кіретін барлық ингредиенттердің физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты.
94) Сұйық дәрілік формаларды фармацевтикалық талдау туралы жалпы түсінік айтыңыз
Сұйық дәрілік формаларды шынайы ерітінділер, коллоидты ерітінділер және гетерогенді жүйелер ( мысалы, эмульсиялар мен суспензиялар) ретінде қолданады. Сулы ерітінділер түрінде келесі дәрілік формалар өте жиі пайдаланылады: • галогентуынды қышқылдар тұздары: аммоний, калий, натрий хлоридтері, бромидтері және йодидтері; • алкалоидтар тұздары – морфин және папаверин гидрохлоридтері, атропин сульфаты, кодеин фосфаты және т.б.; • суда еритін негіздер: амидопирин, антипирин, кодеин, кофеин, уротропин;
• органикалық қышқылдар тұздары: натрий бензоаты, натрий салицилаты, барбитур қышқылының туындылары болып саналатын тұздар;
•қышқылдар: тұз, бор және т.б.
•түрлі функционалды топтары бар қосылыстар: эфирлер, фенолдар, спирттер, сонымен қатар қайнатпалар мен тұндырмалардан тұратын қоспалар.
95).Жұмсақ дәрілік формаларды фармацевтикалық талдау туралы жалпы түсінік айтыңыз
Мазьдар – теріге, жарақаттарға немесе кілегейлі қабаттарға жағуға арналған жұмсақ дәрілік форма. Мазьдар негізден және онда біркелкі таралған дәрілік заттардан тұрады. Дисперсті жүйелердің типіне байланысты мазьдар гомогенді (балқымалар, ерітінділер), суспензиялық, эмульсиялық және комбинациялық, ал консистентті қасиеттеріне байланысты – мазьдар, пасталар, кремдер, гельдер және линименттер болып бөлінеді. Мазьдарды дайындау үшін медицинада қолдануға рұқсат етілген негіздерді пайдаланады: • липофильді – көмірсутекті (вазелин, көмірсутектер балқымасы), майлы (табиғи, гидрогенизацияланған майлар және олардың өсімдік майлары мен майтәріздес заттармен балқымалары), силиконды және т.б.;
• гидрофильді – жоғары молекулалық көмірсулар мен белоктардың гельдері (целлюлоза, крахмал, желатин, агар эфирлері), бейорганикалық заттардың (бентониттердің) гельдері, синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстардың (полиэтиленоксидтың, поливинилпирролидонның, полиакриламидтың) және т.б. гельдері;
• гидрофильді-липофильді – липофильді негіздердің эмульгаторлармен сусыз балқымалары (вазелинның ланолинмен немесе басқа эмульгаторлармен балқымасы), су/май (вазелинның сулы ланолинмен балқымасы, су/вазелин консистентті эмульсиясы және т.б.) және май/су (эмульгаторлар ретінде майлы қышқылдардың натрий, калий тұздары, твин-80 пайдаланылады) типтес және басқа эмульсиялық негіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет