Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Жаңа дәрілік өсімдіктерді табудың жолдарына жеке-жеке тоқталып кетіңіз



бет34/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

99) Жаңа дәрілік өсімдіктерді табудың жолдарына жеке-жеке тоқталып кетіңіз. Жаңа дәрілік өсімдіктерді табудың үш жолы бар: Бірінші жолы – биогенетикалық ұқсастық, туыстық әдіс. Өсімдіктердің бір – біріне ұксастары көп болады. Олардың негізінен басты белгілері өсімдік мүшелерінде болады және осындай ұқсас түрлерді ботаниктер бір туысқа жатқызады. Дәрілік өсімдіктердің жақын түрлерін зерттеу өте үлкен масштабта жүргізіледі және өте бағалы нәтижелер береді. Дәрілік өсімдіктерді табудың екінші жолы – елек деп аталады. Оның негізі емдік маңызы бар деген жергілікті флора өсімдіктеріне жаппай химиялық талдаулар жүргізу болып табылады. Дәрілік өсімдіктерді суреттеріне карап зерттейді, әсіресе олар түрлі – түсті гүлдері болса, гербариіне қарап зерттейді, Бірақ тірі күйінде қарап зерттеген дұрыс. Өкінішке орай, дәрілік өсімдіктердің біздің мемлекеттің жеке облыстарында таралуы туралы мәліметтер көп емес. Кеңес үкіметінің флорасы жалпы алғанда толық зерттелінген. «Флора СССР» көп томдық басылымында 17 мыңға жуық жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері тіркелген.
100) Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін бірнеше ережелер бар, соларды атаңыз
Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін бірнеше мынадай ережелерді білген жөн:
1.Дәрілік өсімдіктерді сыртқы құрылысына қарай тани білу;
2.Өсетін жерін білу;
3.Дәріге өсімдіктің қай мүшесін (бөлігін) алуды білу;
4.Кептіру әдісін білу;
5.Сақтау ережесін білу.
101)Дәрілік өсімдіктердің түрлері, оларды жинау мезгілі мен ережелері туралы не білесіз
Сонымен қатар жиналған затты сақтау мен кептіруді білу керек. Бұл процестің барлығы өсімдіктен дәрі жасамай тұрып, жүзеге асу керек. Жылдың әр мезгілінде өсімдікте дәрі ретінде құндылығын анықтайтын биологиялық белсенді заттардың мөлшері әртүрлі болады. Ереже бойынша өсімдіктердің жер үсті жасыл бөліктері – жапырақтарында, сабақтарында, әсер ететін заттар гүлдеу және жеміс берудің бастапқы кезінде көп мөлшерде болады. Толық пісіп жетілген кезде, жемісінде емдік заттардың барынша көп мөлшері болады, ал тамырында – күздің аяғында өсімдіктің жер үсті мүшелері солып калғанда болады. Дәрілік өсімдіктердің түрлерін, оларды жинау мезгілі мен ережелерін кейбір дәрілік өсімдіктер түрлері негізінде қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет