Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Гормондарға сипаттама беріп, олардың синтетикалық аналогтарын атаңыз



бет22/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

63) Гормондарға сипаттама беріп, олардың синтетикалық аналогтарын атаңыз
Гормондар – өте аз мөлшерде ішкі секреция бездері продуцирлейтін биологиялық активті заттар. Олар ағзада өтетін барлық тіршілікте маңызды процестерді реттейді.Тек жыныс гормондарының өзі ағзаның 120-дан астам қызметіне әсер етеді. Соңғы он жылдықтағы зерттеулер химия мен гормондарды қолдану жетістігі ауданында жаңа беттерді ашты. Олардың кейбірі клиникалық қолдануға ұсынылды. Морфин тәрізді гормондар (энкефалиндер, эндорфиндер) ес пен ұйқы гормондары ашылды. Бұл дағдыланып қалуды тудырмайтын жаңа анальгетиктерді құрудың жолдарының бірі. Гормондардың химиясы облысындағы ірі жетістіктердің бірі – инсулиннің химиялық құрылысын қалпына келтіру мен синтезін жүзеге асыру. Зерттеу әлемдегі зертханалар мен еліміздегі зертханалар қатарында орындалды. Олар соңғы өнім шығымы өте аз, ал гормон синтезінің шығыны көп болғандықтан тек теориялық қызығушылық танытуда.
64) Антибиотиктердің пайда болу тарихын баяндаңыз Алғашқы антибиотиктер зеңдердің түрлі штамдарынан бөлініп алынған болатын. Penicillium notatum зеңдерінің алғашқы зерттеулерін ағылшын микробиологы А. Флеминг есімімен байланыстырады. Ол 1928 жылы оның алтын стафилококтарға қарсы антибиотикалық қасиеттерін анықтаған еді. Алайда А. Флеминг пенициллин деп атаған антибиотикты таза күйінде бөліп ала алмады. Тек қана 1940 жылы Х. Флори және Дж. Чейн пенициллинды қоректік сұйықтықтан бөліп алу тәсілін жасады. Осылайша ғылыми фактілер мен эксперименталды материалдардың көбеюі ХХ ғасырдың ең маңызды жаңалығы – принципиалды жаңа дәрілік заттың ашылуына әкеліп соқты. 1939 жылдан бастап антибиотиктерді зерттеу өте қарқынды дами бастайды. 1942 жылы орыс ғалымдары З.В. Ермольева және Т.И. Гаузе мен М.Г. Бражшшникова топырақ бактериалдарынан грамицидин алады. А. Шатц, Е. Буги және З.А. Ваксман 1944 жылы стрептомицинды ашады. Оны бөлетін сәулелі саңырауқұлақтар кейінгі жылдары (1951-1954 ж.ж.) көптеген жаңа антибиотиктерді (канамициндер, неомициндер, новобиоцин және т.б.) алудың көзіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет