Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Дәрiханаларды орналастыруға қандай талаптар қойылады



бет25/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

71) Дәрiханаларды орналастыруға қандай талаптар қойылады
Дәрiханалардың орналасуы:
- жеке тұрған ғимараттарда;
- ғимарат құрылымындағы тұрғын үй фондына кiрмейтiн оқшау үй-жайларда;
- ғимарат құрылымындағы тұрғын үй фондына кiретiн (тек бiрiншi қабатта) оқшау үй-жайларда орналаса алады.
72) Дайын дәрілік түрлерді ірі көлемде шығару жағдайларын түсіндіріңіз
Дайын дәрі дәрмектер химиялық фармацевтік зауыттарда, бірлестіктерде, фармацевтік кіші өндірістерде жасалып шығарылады. Қазіргі уақытта республикамызда дәрілік құралдар өндіру мамандандырылған өндіріс орындарында ұйымдастырылған. Дайын дәрі- дәрмек дәріхана рецептурасының 80%-дан астам бөлігін құрайды. Кейбір дамыған елдерде бұл сан 95% - ға дейін көтерілген. Өндірістік дәрежеде дайын дәрілерді жаппай шығару үшін міндетті алдын-ала төмендегідей шарттар керек: • осы дәріні жаппай қолдану, яғни, өндірістің тиімділігін қамтамасыз ететін осы өнімге деген жоғарғы сұраныс;
• дайындалған өнімнің жеткілікті сақталуы, яғни, қолдану мерзімінің ұзақтығы. Себебі, соңғы өнім тұтынушыға белгілі уақыт аралығы өткен соң жетеді. Шикізат пен қосымша материалдар өндіріске бірден келіп түспейді. Сонымен қатар, дайын өнім қоймаларында дәрілерге сұранысты үздіксіз қамтамасыз етіп отыру үшін олардың жеткілікті қоры болуы керек. Сақтау кезінде препарат өзінің терапевтік әсерін төмендетпеуі немесе жоғалтпауы керек.
73) Дайын дәрілік түрлерді өндірудің артықшылықтарын атаңыз
Дайын дәрілік түрлерді өндірудің артықшылықтары:
1) дәріханадан дәрілерді жіберуді жылдамдатады, бұл әсіресе, әртүрлі эпидемиялар шыққан кезде өте маңызды;
2) дәрінің сапасын көтереді, өйткені, өндіріс жағдайында дәрі дайындауда оның сапасын технологиялық процестің әр сатысында тексеріп отырады;
3) дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жеткізу олардың жинақты болуына байланысты, жеңілденеді;
4) дәрінің өзіндік бағасы төмендейді;
5) дәрі түрлерінің ассортиментін кеңейту, бұл олардың ішінен ең тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді;
6) дәрілік заттардың тиімді әсерін қамтамасыз етеді;
7) дәрілік құралдардың сапасы жоғарылайды, олардың қолданылу мерзімі ұзарады, сақтау және тасымалдау жағдайлары жақсарады;
8) алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіледі және технологиялық процестерді бақылау сапасы жоғарылайды;
9) технологиялық процестердің комплексті механизациясы мен автоматизациялануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет