Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


)Білім беру бағдарламасын бітірген түлектің кәсіби қызмет саласы мен атқаратын кәсіби қызмет түрлерін сипаттаңыз



бет3/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

6)Білім беру бағдарламасын бітірген түлектің кәсіби қызмет саласы мен атқаратын кәсіби қызмет түрлерін сипаттаңыз
Кәсіби қызмет саласы. Кәсіби қызмет саласында медициналық препараттар өндірісінің фармацевтикалық, биотехнологиялық өндірістер, техникалық бақылау бөлімдері, орталық-зауыттық зертханалар, дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау және стандарттау бойынша зертханалар саласы болып табылады. Кәсіби қызмет түрлері. 6В07270–«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады: ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет; өндірістік-технологиялық; жобалау-конструкторлық; эксперименттік-зерттеу; (педагогикалық).
7)Білім беру бағдарламасын бітірген түлектің кәсіби қызмет нысандарын атаңыз
Кәсіби қызмет нысандары. Бітіруші түлектердің 6В07270- «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша кәсіби қызмет нысандары: химия-фармацевтикалық кәсіпорындар, медициналық препараттарды өндіру бойынша кәсіпорындар, биотехнологиялық өндірістер, техникалық бақылау бөлімдері, орталық-зауыттық зертханалар, дәрі-дәрмектерді стандарттау және сапасын бақылау бойынша зертханалар болып табылады.
8)Білім беру бағдарламасын бітірген түлектердің кәсіби қызмет пәндерін атап шығыңыз
Кәсіби қызмет пәндері. 6В07270–«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің пәні: дәрілік заттар, химиялық және фармацевтикалық технологиялардың аппараттары мен жабдықтары; дәрілік формаларды өлшеу мен буып-түюге және орауға арналған машиналар мен автоматтар; медициналық мақсаттағы медициналық препараттар мен бұйымдар, шикізат және қосалқы материалдар мен заттардың әртүрлі типтері (оның ішінде өсімдік шикізаты), химиялық реагенттер мен реактивтер, ғылыми-зерттеу аспаптары мен жабдықтары.
9)Оқуын аяқтаған түлекке қандай академиялық дәреже тағайындалады
Оқу мерзімі – 4 жыл (мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі тағайындалады). Оқуын аяқтаған түлекке жоғары базалық білімі туралы диплом және оқыған пәндер тізбесіне сәйкес академиялық сағаттары, игерілген кредиттік саны мен бағалары көрсетілген дипломға қосымша (транскрипт) беріледі. Химиялық-фармацевтік кәсіпорындарында, медициналық препараттарды және медициналық мақсатта тағайындалған бұйымдарды өндіру кәсіпорындарында, биотехнологиялық және парфюмерлік-косметикалық өндірістерде, техникалық бақылау бөлімдерінде, орталық-зауыттық зертханаларда, дәрілік затттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханаларында, стандарттауды, сертификациялауды және лицензиялауды басқару ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында қызмет жасай алады. Бітіруші оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыруға құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет