Деңгейлік тапсырмалар Сейдакпар Еділ жм-907 і-ші деңгей


Комплемент және опсонды-фагоцит



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі23,78 Kb.
#97140
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0 микроб 5 деңгейлік

2. Комплемент және опсонды-фагоцит.
Комлемент гуморалдық иммунитеттің аса маңызды іс атқаратын ерекше қорғаныс факторы. Комплементті 1899 жылы француз галымы Ж.Борде ашып "алексин" деп атаган. Комплемент деген атты Г.Эрлих ұсынған.Комплемент антиген мен антидене қосылған кезде белсендірілетін, жай кезде енжарлы жағдайда болатын сарсудың ақуыздарырының күрделі кешені.Комплементтің құрамына 20-дан астам ақуыз түрі кіреді. Оның ішінде 9 түрі ең негізгісі болып саналып CI, С2, СЗ, С4, С5, С6, С7, С8, С9 әріп-цифрлармен белгіленеді. Комплементтің ақуызы глобулиндер катарына жатады және өзара физикалық-химиялық көрсеткіштерімен жекелендіріледі. Мысалы, олардың молекулалык салмағы және де күрделі суббірліктік құрамы болады. Комплемент бөлшектері жоғарғы концентрацияда синтезделеді (сарысу ақуызының 5-10 пайызы комплемент), сонымен катар, оның бір бөлігін фагоциттер бөліп шығарады.
Комплементтің міндетті:
а) микробтар мен басқа жасушаларды еріту (цитотоксикалық әсері);
б) хемотоксикалық қасиет;
в) фагоцитозды қолдау.
Яғни, комплемент организмді микробтан басқа да жасушалар және антигендерден арылуға (мысалы ісік не трансплантант жасушалары) бағытталган иммунды литикалық реакциялардың бір түрі.Комплементтің белсендірілуі өте күрделі процесс. Ол протеолитикалық ферменттер арқылы жүретін көп сатылы реакциялардан тұрып, соңында бактерия, не басқа жасушалардың кабырғасы жойдырылуына белсенді цитолитикалық кешеннің пайда болуымен аяқталады.Қазіргі уақытта комплемент белсендірілуінің үш жолы белгілі: классикалык, альтернативті және лектинді.
Комплемент антиген + антидене кешенінің әсерінін белсендіріледі. Антиген+ антидене кешені пайда болу үшін IgM-нің бір, не болмаса IgG-ның екі молекуласы жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет