Деңгейлік тапсырмалар Сейдакпар Еділ жм-907 і-ші деңгей


Фагоцитоздың өту сатылар және оның



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі23,78 Kb.
#97140
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0 микроб 5 деңгейлік

2.Фагоцитоздың өту сатылар және оның физиологиясының ерекшеліктері
Фагоцитоз процесі, ягни бөгде затты жұтуы, өндеуі, бірнеше сатыдан түрады: 1)фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы (хемотаксис); 2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия); 3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жұтылатын затпен бірге кіру аркылы фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер мен үлбіректер); 4)фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттерінің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың корытылуы.
Фагоциттердің кұрамына тотықтар мен иондарды корытуға қатынасатын ферменттер жинағы кіреді. Иондар мен тотықтар фагоцитоз процесін колдайды. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммундыглобулиндердің құрамымен, гистамин және тағы да басқа заттармен байланысатын рецепторлар бар. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда кандай да болмасын заттарды қорытатын 100-ден астам ферменттер түрі кездеседі.Фагоциттер өте жылжымалы. Олар биологиялық ерекше белсенді заттар - хемоаттрактантардың концентрациясына сәйкес фагоцитозға түсетін объектінің бағытына қарай белсенді жылжу қабылеті бар. Фагоциттердің жылжу түрі хемотаксис деп аталады (грек, chemeia - металл балкыту өнері және taxis - орналастыру, құру, салу). Хемотаксис жиырылатын акуыздар актин, миозин қатынасуымен өтетін АТФ-тәуелді процесс. Хемоаттрактанттардың қатарына комплемент компонентінің кейбір бөлшектері (С3а, С5а), лимфокиндер, ИЛ-8 және де жасушалар мен бактериялардың ыдыраған заттары жатады.Заттардың фагоциттің кабығына қонуы әлсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады. Фагоцитоз процесін түрлі тотықтар колдап нысанды жасушаларда кайтарылмас зыянды өзгерістер тудырады.Фагоциттерге жабысқан заттардың «жұтылуы, обуы» эндоцитоз көрнісімен өтеді. Бұл энергия тәуелді процесс, және де актин, миозиннің қатынасуымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосоманың ішінде жұтылғаны және актин, миозиннің қатынасымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосома лизосомамен қосылған кезде лизосоманың ферменттері белсендіріліп жұтылған заттарды өзінің қажетіне жарайтын бөліктерге дейін ыдыратады. Егерде ферменттер фагоциттің сыртына шығатын болса ол кезде заттардың корытылуы фагоциттен тыс жерде де жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет