Деңгейлік тапсырмалар Сейдакпар Еділ жм-907 і-ші деңгей



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі23,78 Kb.
#97140
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0 микроб 5 деңгейлік

ІІ-ші деңгей



  1. Фагоцитоз және фагоциттердің негізгі функциясы.

Фагоцитоз (грек, phagos - обимын,жүтамын. cytos - жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды камтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішек қуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық қорғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген.Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бөгде затты обып, корытып және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т.б.), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жүлдызша ретикулоэндотелиоциттер), эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және басқа жасушалар кіреді.
Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты:
1) өлген жасушалар мен олардың құрылыс кұрамын ағзадан шығарады (эритроциттер
қатерлі ісіктің жасушалары);
2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық басқадай шаң);
3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын және жояды және заласыздандырады;
4) организмніңнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.);
5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады;
6)Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.
Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына карамастан тегі бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жинаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммунды-компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет