Қолдың моторикасы



Дата29.06.2017
өлшемі0,61 Mb.
#20531
Қолдың моторикасы

Саусақ ұшында көптеген акупунктурлық нүктелер болады, осы нүктелерге массаж жасау арқылы , адамның ішкі құрылысына да әсер етуге болатынын мамандар анықтап отыр.Батыс дәрігерлерінің зерттеулері бойынша , бас бармақ – бас ми қызметін арттырады, «балаң үйрек»- асқазан жағдайының жақсаруына, «ортан терек»- ішек құрылысына , «шылдыр шүмек»- бауыр мен бүйрек қызметіне, «кішкентай бөбек»- жүрек қан тамырларының және ас қорыту жүйесінің реттелуіне оң әсерін тигізеді.

Баланың қолын ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірде бүгіп , бірде жазып ойнау – баланың көңілін ғана аулап қоймай, балалардың бірлесіп қайталауына , дыбыстарды дұрыс айтуына, айтылған жырды есте сақтауына, психикалық демалуына таптырмайтын әдіс.

Әр саусақтың қарапайым қимылын жасату арқылы баланың дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалап , мәнерлеп сөйлеуін дамытып, сөздік қорын байытамыз, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтеміз.

Өзім жұмыс жасайтын мектепте саусаққа арналған жаттығуларды кеңінен қолданамын.Балалар жаттығуларды аса қызығушылықпен орындайды.

Ұсақ қол маторикасын дамыту мақсатындағы жұмысты үзбей, күніне 5-10 минут уақыт бөле отырып жүргізу қажет.Осы мақсатта әртүрлі ойындар мен жаттығуларды қолдануға болады.

Қол саусақтарын қимылдатуға арналған жаттығуларды үздіксіз жасау баланың тілінің дамуына да үлкен әсер етеді.

Саусақ қимылдарын жақсарту үшін таяқшалармен ойналатын ойындар қолданылады.Ойынмен бірге әртүрлі тақпақтар айтылады.



Ойын: «Қай қолымыз күштірек…»

Кай қолымыз күштірек

Қолды қысып жұмайық

Алақанды ашып ап

Шапалаққа ұрайық

Бір,екі, Бір,екі

Қолға қалам алайық



 «Бұл сенің отбасың?»

Мынау саусақ- атам

Мынау саусақ -әжем

Мынау саусақ – әкем

Мынау саусақ -анам

Мынау саусақ – мен

ал мынау менің отбасым



 Ересек адам мен бала сол қолдың көмегімен оң қол саусақтарын кезек-кезек бүгеді.Осындай ойындармен тақпақ айтпай-ақ әртүрлі жаттығулар жасауға болады.

«Саусақтар сәлемдеседі»

Екі қолдың саусақтарын үйшік қылып біріктіріп, әр саусақтың ұшын екіншісімен соғыстыру керек.Бас бармақ бас бармақпен, сұқ саусақ сұқ саусақпен және тағы солай



«Сона»

Оң қолдың сұқ саусағын тік ұстап айналдыру керек; сол қолды да солай



«Көзілдірік»

Қолдың басбармағы мен сұқ саусағынан шеңбер жасап, оларды біріктіру.



«Саусақтарды бүгу және ажырату»

Оң қолдың саусақтарын бас бармақтан бастап кезек-кезек бүгу; осы жаттығуды кішкентай саусақтан (кішкене бөбек) бастап қайталау,Осы жаттығуларды сол қолға да қайталау;

Содан соң саусақтарды жұдырыққа жұмылдырып бас бармақтан бастап ашу; осы жаттығуды кішкене саусақтан бастап қайталау.Жаттығу екі қолға да жасалады.

«Жұдырық- қыр- алақан»

Үстелдің тегіс бетіне қолды осы үш жағдайда жүйелі түрде қою.Оң қолмен 8-10 рет жасалады, содан соң сол қолмен, одан кейін екі қолмен қайталау.

 Қол маторикасының дамуына үлкен әсер ететін жағдайлар:

* Ермексазбен, сазбен, тұздалған қамырмен, уақ құрылыс заттарымен, құрастырмалармен жұмыс.

* Моншақ жасау, бисермен жұмыс

* Сіріңкеден суреттер, әріптер құрау

* Сол және оң қолмен бір мезгілде қорапқа ілгектерді салу

* Трафаретпен әріптер, геометриялық бейнелер, сызықтар салу

* Қолды уқалау (массаж)

 Осындай ойындармен жаттығулар саусақ қозғалысының жақсаруын қамтамасыз етеді, саусақ қозғалысының нақты дамуына әкеледі. Ұсақ қол маторикасы шектелген балаларға осындай жаттығулар мен ойындарды дефектолог пен ата-аналардың бірлесе отырып үзбей орындатуы олардың жағдайын жақсартуға көмектеседі



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ — ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 

  Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы  қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

– жеке тұлғаны дамыту;

– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;

–қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;

– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;

– өзін-өзі және басқаларды толық тану;

– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.

Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, «тренинг» ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.

Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.

Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және  құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.

Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.

Психологиялық тренингтің ең  маңызды мәселесі — өзінің жек даралық  қасиеттері арқылы  тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне  білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына  жаттықтырушыға  бірнеше талаптар қойылады:

-        қоршаған жағдай туралы мағлұмат;

-        қатысушылар саны қаншалықты үлкен;

-        бөлме көлемі қандай;

-        бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға  түгелдей естіледі ме;

-        жаттығудың негізгі құрылымы қандай;

-        қандай оқу құралдары қолданылмайды;

-        жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;

-        плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;

-        орындықтар қалай орналасқан;

-        бөлмеде сағат бөлу қажет пе;

Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:

-        білімдерді толық меңгеру;

-        жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;

-        табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;

-        өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.

Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:

- Мен қандаймын?

- Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?

- Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?

Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз. Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:

- Сәлем беру рәсімі;

- Жаттығу тапсырмалары;

- Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;

- Тапсырманың негізгі құрылымы

- Өткен сабақтың рефлекциясы

- Қоштасу рәсімі

Бұл жастағы тұлғалармен осы тектес жұмыстар аптасына 1-2 рет өтеді. Тренинг ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін.

Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:



Кіріспе бөлімі. Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.

«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету  түрлерін анықтауға көмектеседі.

«Назар аудару» бөлімі. Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.

«Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімі мидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.

Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық,  қоғамдық,  педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс  ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты.

Тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг принципіне жататындар:

1. Белсенділік принципі.

2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.

3. Мінез құлық обьективтілік принципі.

4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.

5. Шындық принципі.

6. Қазір, осы жерде принципі.

«Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» — деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік – психологиялық тренингтің басты жоспары – ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына дейін жеткізу болып табылатынында. Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік – психологиялық тренингтер білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға  өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз.

Әлеуметтік  психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Тренингтің бұл түрін тек психология маманының қызметкерлері ғана емес арнайы психологиялық білімі жоқ мұғалімдер де сабақ беру барысында қолдана алады. Оқу және тәрбие жұмысына жағымды өзгерістер енгізуге, оқу процесін белсендіруге тренингтердің ықпалы жоғары. А.С. Прутченков «Мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг» еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушының шеберлігі, педагогикалық қақтығысты реттеуші құрал екендігін атап  көрсеткен.

Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары  кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде «Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу  мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады..



«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”.  Енді оң жақтағы  ойыншыдан бастап  осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

 «Комплимент» ойыны.

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.

Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.

Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.

Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.

Іскерлік ойын «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».

Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.

Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт терапиялық тапсырма орындалды.

Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4  және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді.  Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді  жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.

Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:

-  Суретте ненің бейнесі салынған?

-  Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?

-  Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.

ойын «Әрекет».



Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:

–            Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал стөлде отыруға болады……

–            Астроном айға телескоппен  қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше?

–            Полмен патолокты аударыңыз……

–             Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз……

–             Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……

Жоғарыда сипатталған жаттығуларды орындау тиімді. Бұл жаттығуда тапсырма немесе құрал – жабдықтар нақты берілмейді, оның орнына тұлғаның басқалармен бірлескен іс–әрекеттегі қарым–қатынас кезіндегі күйзелісіне, қайтар бағдар беру мүмкіндігін жасайды. Көптеген адамдар қарым қатынас кезінде қиындықтарды басынан кешіруінің бір нұсқасы болуы мүмкін. Өзіңнің  көңіл – күйің дұрысталғаннан кейін өзіңе ғана емес, өзгелерге де көмек жасауға болады.  Ал қайта бағдар берудің екінші нұсқасы негізсіз тәжірибелердің құндылықтары жөніндегі  әңгіме. Осы арқылы адам қоршаған әлем турасында тану дәрежесіне жетеді.

Сонымен танымдық белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін  адамның, оқушының, маманның және тб. іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады.



Психологиялық тренинг
Тақырыбы: "Мен ғажайыппын"
Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге,кәсіби жанудың

алдын алу,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.



Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын

ойнамағандықтан қартаямыз."

Бернард шоу

Қатысушылар: мұғалімдер

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: тақта,бор,доп,ватман,фламастерлер.

Жоспар:

1.Жаттығу "Хор"

2.Мен ғажайыппын (Мұғалімдердің әр түрлі көзқарасын анықтау)

3.Оқушы көзімен

4.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"

5.Жаттығу "Комплимент"

6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.
Жүргізуші:Саламатсыздар ма қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді. Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік. Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін:идеал, үлгі, нәзікке ұқсас,бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы, т.б.

Жүргізуші: Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар - бұл "барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет". Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін.Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.
Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады. Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін,залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам қандай тақпақ екенін табу керек.

Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.

Келесі жұмысымызға көшелік. Бірінші бөлім бойынша біз қандай ғажайып не екенін айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін, балалардың көзімен,яғни оқушы көзімен ғажайып деген ұғымды түсүнуге тырысып көреміз. Екі топ қатысушылары: бірінші топ - бастауыш оқушылары, екінші топ - жоғары класс оқушылары. Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты отырып,көз алдыңызға бастауыш және жоғары класс мұғалімдерінің қандай болатындығын елестетіңіздер. Енді әр бір топ өзара келісіп, шешімге келіп мұғалімнің төрт жақсы қасиетін қағазға жазып орталарыңыздан біреу шығып қорғап шықсын.

Қорытынды: "бастауыш оқушылары" тобының пікірі : мұғалім мейірімді, әдемі, көңілді, шыншыл болу керек.

"жоғары класс оқушылары" тобының пікірі: өз мамандығының кәсіби шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай болу керек.



Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге берген оқушылардың сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған төрт сапа шыншыл,қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл,осы сапалар біздің бойымыздан табылады деп ойлаймыз.

Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін саламыз. Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі». В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа дейін жеткізбе!" дегендей, «ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде болады.

Біздің кездесуіміз таяп келе жатқан секілді. Бүгінгі шыққан нәтиже жемісіне оралатын болсақ педагогтардың мықты жақтарын тағы да бір еске түсіре отырып, бір-бірімізге "Комплимент"айтайық.

Жүргізуші: Кездесуіміз аяқталды.Егер тақырыпқа келетін болсақ,"ғажайып"деген түсінік бір нәрсенің біткенін, болғанын білдіреді. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті жоқ.

Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!

               



Психологиялық тренинг (тәрбиешілермен)
Күн тәртібінде:

1.Біз бір-бірімізді білеміз бе ?

(өзінің жанында отырған адамдар туралы айтады )


2.Менің балабақшамдағы көнілім қандай, қандай болады  ? (сурет арқылы көрсету)
3.«Мен тәрбиешімін» дегенді сіз қалай түсінесіз ? (сұрак-жауап)

Тәрбиешінің осы өмірдегі алатын орны

Тәрбиеші қандай болу керек

Өзінізді нағыз тәрбиеші деп ойлайсыз ба


4. Адамда жақсы және жаман қасиеттері болады? (қағаз бетіне түсіру)(жақсы жаман)

5.Релаксациялық 

Баяу  музыка  әуенімен   жақсымен  отырамыз  Көзімізді  жұмамыз   Денемізді  бос ұстаймыз  Өздерініз өзен жағасында отырсындар . судын әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы дененізді жылытады . Жалаң аяқ құмнын үстінде жүрсіздер , құм  аяқтарыныз күйдіріп барады . Су денелерінізді женілджетіп өздерінізді жақсы сезіндіреді . Өте жақсы дем алдық . Қандай ғажап табиғат деген .......... таза ауа , табиғат деген қандай тамаша ! Кең дем аламыз , ақырын демімізді шығарамыз . Біздің басымыз артық ойлардан  тазартады . Біз өзімізге күні бойғыға жігер , куат жинадық , біздің көніліміз , көнілді ,қуанышты . Біз осы омірдегі ең бақытты, байсалды , білімді құрметті адамдармыз

-         Енді ақырын – ақырын көзімізді ашамыз . Бір бірімізге куанышты сезіммен караймыз . Қандай біз бақыттымыз

(әрбір тәрбиешінің пікірі тындалады )


(сурет арқылы ) «Менің балабақшадағы көңілім қандай , қандай болады»

Суретті тез аяқтаған тәрбиеші қандай болғаны туралы айтып береді .



«Мен –тәрбиешімін » дегенді қалай түсінесіз ? Сұрақ-жауап.

/Сұрақтарды тарату/

Тәрбиешінің осы өмірдегі алтын орны ?

Тәрбиеші қандай болу керек ?



Өзінізді нағыз тәрбиеші деп ойлайсыз ба ? 

Қиынға төзуге

Үйреткен қаншада

Жаманнан безуге

Жақсылық жасауға

Қамқоры ұл –қыздың

Тәрбиеші ол біздің

 Нағыз білімді тәрбиеші сіздер боласыздар !!!



Девиантты құлықтағы балаларды анықтауға арналған психологиялық тренингтер

 

     Мақсаты: жасөспірімдердің өзіндік анықталуын қалыптастыру. Өзіне баға беру, өз ерекшелігін білу, өз мүмкіндіктерін анықтау, жалпы талдау жасауды меңгеру.



Міндеті:

-          Оқушыларды өзіндік диагностикаға үйрету, рефлекцияға үйрету;

-          Өз мінез-құлқының реакциясын, қатынасын, қажеттілігін үйрету;

-          Өз кемшіліктері мен қателіктерін жете түсінуін қалыптастыру.



Ерекшелігі мен қолдануы.

     Қиын оқушылардың өзіндік анықталуынқалыптастыру мектеп психологы, әлеуметтік педагогы, сынып жетекшісі жүргізеді. Берілген тренинг қиын оқушылардың өзіндік анықталуын қалыптастырады.

   Тренингтік бағдарламаны жүзеге асыруы үшін 12 жылдық білім беру негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру бағытындағы, ақпараттар мен іскерліктерді меңгерген, каммуникациялық қабілетті, кәсіби психограммамен таныс білікті маман болу керек.

Тренинг жүргізу ұстанымдары мен ережелері.

Тренингтің нәтижесі оны жүргізу принциптерін дұрыс қолдана білуіне байланысты.

    Әрбір сабақ белгілі стандартты формада өтеді; амандасу рәсімі, дене сергіту, жаттығулар, кіріспе ақпараттар, тематикалық бөлім, кешіру рәсімі, кері байланыс.

    Тренингтік сабақ әдісі ашық қарым-қатынас түрінде; әр қайсысы өз ой пікірлерін айту, көзқарасын білдіру, бір-бірінің сөзін бөлмеу, пікірталасқа айналдырмау. Жүргізуші өз ой пікірін, көзқарасын қатысушыларға бойұсындырмау, екінші бір адамды тыңдап үйрену, шиеленісті жағдайды болдырмау керек.

«Қазір және осы жерде» ұстанымы; топ мүшелері өз назарына дәл қазіргі болған әрекетке шоғырланады.

Орындықтарды шеңбер бойынша тізіп қояды, ыңғайлы жұмыс атмосферасын құру керек. Топ 10-15 адамнан құралуы керек.

   Тренингті жүргізу жетістігіне жүргізушінің тұлғасының рөлі зор. Жүргізуші тренинг барысында іс-әрекетімен, ережелерімен таныстыру қажет. Жұмыс басталмас бұрын неге көңіл бөліп, ой тоқтатуға бағыт беруі керек.

 

Сабақтың тақырыптық жоспары





Тақырыбы

Сабақ  мазмұны

формасы

Сағат саны

1

«Мен» бейнесін анықтау

Оқушылардың өзіндік «Мен» бейнесін қабылдануын анықтау. «Мен» бейнесін қабылдатқызу арқылы өзінің әлеуметтік рөлін, статусын түсіндіру. Мен қандаймын? Мен қандай болсам сондаймын. Менің әлеуметтік рөлім қандай? Сұрақтарын ашу. Оқушының әлеуметтік бейнесін қабылдау.

Жаттығу «танысу» амандасу арқылы, жаттығу «мен кіммін?» жаттығу «мен басқаның көзімін». Дене сергіту жаттығуы «атомдар мен молекулалар» жаттығу «бұл өмірде қандай рөл ойнаймыз?» жаттығу аффирмация кері байланыс.

2

2

Менің ерекшеліктерім

Оқушыларды жан-жақты жағымды (+), жағымсыз (-) жақтарын анықтау. Жағымды және жағымсыз жақтарын тазарлау, талдау. Жағымсыз жақтарын түзетуге бет бұрыс беру.

Жаттығу «амандасу» жаттығу «таразыны» талдау. Дене сергіту жаттығуы «арқаға жазу» жаттығу «менің құндылықтарым» жаттығу «мені танып ал» жаттығу «жеке ерекшелік» кері байланыс.

2

3

Өзіндік бағалау

Өзіндік бағалауды анықтау, талдау адекватты өзіндік бағалауды қалыптастыру.

Жаттығу «амандасу» жаттығу «өзін-өзі бағалау». Рубенштейннің әдістемесі. Жаттығу «сезімді тап» жобалау әдістемесі автопортрет жаттығу «мен өз»мді бағалайтыным» кері байланыс.

2

4

Болашаққа көз қарасын анықтау

Оқушының алдына қойған мақсатын, міндетін анықтау, болашаққа көзқарасын анықтау, талдау, қалыптастыруға бет бұрыс жасау.

Жаттығу «амандасу» жаттығу «болашақты доспарлау» бойжазу жаттығуы «мен ең-ең...» жаттығу «жетістік» жаттығу «мен табысты адаммын» кері байланыс.

2

5

Оқу мотивациясын анықтау

Оқушылардың оқуға деген көзқарасын, қызығушылығын мотивациясын анықтау арқылы оқу дағдысын жан-жақтылығын қалыптастыру.

Жаттығу «амандасу» жаттығу «мектеп жолы» жаттығу «күнделік», «жануарлар мектебі» жолдау әдістемесі бойжазу жаттығу «паравоз» жаттығу «сөйлемді анықта....»

2

6

Қорытынды

Өзіндік анықталудың маңызы, нені үйрендік, не алдық, проблемаларды анықтау және оны шешу жолдары қандай? Өзіндік анықталуды қалыптастыру.

Амандасу қуаныш шеңбері. Жаттығу «мен қандаймын» жаттығу «менің проблемам» жаттығу «сиқырлы көл» релаксация «өзін қабылдау» жаттығу «өзіңе-өзің көмектес» сауалнама толтыру. Жаттығу «қошемет қуыршағы» кері байланыс.

2

                                                                                                                            Барлығы – 12 сағат

Амандасу – «танысу».

   Әр қатысушы өз есімінің бірінші әріпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы; мен Айгүл ақкөңіл қызбын, серік, сенімді жігітпін,



Мен кіммін?

   Жүргізуші «мен» тұжырымдамасын таныстырғаннан кейін қатысушылар мен кіммін деген сұраққа «мен» бейнесіне кіру арқылы жауап береді. Ю.В. Валентиннің «мен» тұжырымдамасы бойынша

Мен – тұлғамын

Мен – баламын

Мен – Маратпын

Мен – оқушымын

Мен – доспын....

Әр оқушы өзін әлеуметтік ортаға кім екенін анықтап жазады.



Мен басқаның көзімен.

   Ортаға бір оқушыдан кезектеп шығады. Қалған қатысушылар ол жайында қандай ой-пікірді айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін айтады.



Атомдар мен молекулалар.

    Әр қатысушы жеке – атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құрайтынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Қорытынды: неге барлығы кіре алмады?

Ойыннан шыққандар несімен ерекшелінеді.



Бұл өмірде қандай рөл ойнайсыз?

    Бүкіл әлем театр, ал адамдар актерлар. Сұраққа көп ойланбай жауап беріңіз. Бұл өмірде қандай рөл ойнайсыз? Қандай рөлде ойнағыңыз келеді?

    Қағазға ойнаған рөлдеріңіз бен ойнағыңыз келген рөлдітізіп жазып шығыңыз. Өте табиғи қалыпта ойнап шығыңыз. Жаттығуды орындауда нақтыланыңыз.

Рефлекция: келіңіз талдайық, сізге қандай рөлдерді ойнау сәтті болды. Олардың қасына «+» белгісін қойыңыз. Өзіңіз ойнай алмаған рөлдерді «-« белгісімен белгілеңіз. Сізге ұнаған сүйікті ойындардың астын сызыңыз. Бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.

 Афирмациялар.

    Қазір көптеген психологиялық әдебиеттер шығарылуда. Әр түрлі мәселелерді шешуде көмектесетін афирмациялар ойлап табыңыз.

    Мысалы: бір адамның ісі алғабасса, өзіңіздің жұмысыңыз жүрмесе өзіңізге деген қатынасыңызды өзгертіп, «ол жасаған іс менің қолымнанкеледі» афирмацияны қолданыңыз. «Мен жетістіктің адамымын», «Менің жағдайым күннен-күнге жақсаруда» т.с.с.

Менің ерекшеліктерім.

Шеңбер бойынша амандасу.

    Көзімізді жұмамыз. Мен өзімнің сол жағымда отырған адамды жұмылған көзбен сипап сәлем беремін.

    Келесіде жұмылған көзімен менің сәлемімді қабылдайды да өзінің сол жағындағыға сипап сәлем береді, әрі қарай шеңбер бойынша жалғасады. Осылайша сәлем жүргізушіге қайта айналып келгенше жалғасады.

     Мақсаты: оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, тәрбиелікке үйрету.

Жоспары:

1.      Сәлемдесу . менің тренингтік есімім, визвитка.

2.      Мен қандай адаммын?

3.      Менің мақсатым?

4.      Менің өмірдегі қиыншылықтарым?

5.      Есте қалған қызықты оқиға.

6.      Ұқсастық шегі.

7.      Мен саған сенемін!

8.      Ашық айтам.

9.      Қорытынды.



Керекті құралдар: визитка, магнитафон, арнайы әуен, А-4 қағаз беттері, доп, тренингтік ереже, қалам.

Жүргізушіге ұсыныс:

1.      Топтың жұмыс істеуін бақылап, орындалуын қатаң қадағалау. Жаттығуды түсіндіру.

2.      Жаттығуды түсіндіру, сабақ ережесімен таныстыру.

3.          Топтың эмоцияналдық жағдайын бақылау, керек жағдайда психологиялық көмек көрсету.

4.              Қорытынды жасау.



Жүргізуші: Психолог.

Топтағы қатысушыларға төмендегі тренингтік ережені оқып, түсіндіру:

1.      Топтың толық қатысуы;

2.      Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынастары;

3.      Қарым-қатынастың ашық, әділ болуы;

4.      Белсенді қатысу;

5.      Осы жерде айтылғандар, топтың сыртына шығарылмайды.

 

1-жаттығу. Сәлемдесу. Менің тренингтік есімім.

   Шарты: топ дөңгелек болып отырады, қатысушылар кезектесіп сәлемдесіп, өздерінің тренингтік есімін визиткаға жазып қояды. Әрбір сәлемдесуге 3 минут уақыт қажет.



2-жаттығу. Мен қандай адаммын?

   Шарты: Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Ойлануға 5 минут беріледі. Топ қатысушылардың айтылған қасиеттері бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізеді.



3-жаттығу. Менің мақсатым.

   Шарты: Қатысушылар өзінің алдына қойғанмақсатын айтып, сол мақсатты қалай іске асырудың жолдарын түсіндіру керек. Уақыт 5 минут, және сол мақсатқа жете ала ма, деген сұраққа жауап беру керек. -



4жаттығу. Менің қиыншылықтарым.

  Шарты: Бұл жаттығуда қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды еске түсіріп, ортаға салады. Сол қиыншылықты айтқаннан кейін,әр қатысушы өз пікірін айтады.



5-жаттығу. Есте қалған қызықты оқиға.

   Шарты: дөңгелек болып отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір қатысушыға 4 минут беріледі.



6-жаттығу. Ұқсастық шегі.

     Шарты: қатысушылар жұптасып отырады, А – форматтағы қағаз және қаламсап алады. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз!» деп, қағаз бетіне жазады. Ұқсастықты табу үшін 4 минут уақыт керек. Жаттығу орындағаннан кейін, жұп бір-бірінің жазғын ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.



7-жаттығу. Мен саған сенемін.

    Шарты: қатысушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады, мысалы: «Мен саған сенемін......», өйткені, сен жақсы адамсың..... Осы кезде әуен ойнап тұру керек.



8-жаттығу. Ашық айтам.

     Шарты: төмендегі сұрақтар бойынша, бланк беріледі. Осы жаттығу сұрақтарына жауап беру керек және өтілген тренингтік сабаққа қорытынды жасалады.

 

 Сұрақтар:



Сабақтың жүргізілген күні__________________________________________________

Менің тренингтік есімім_______________________________________________________

Сабақ үстінде мен не түсіндім?_________________________________________________

Мен еркін бола алымдым______________________________________________________

Сабақ үстінде маған мүмкіндік болмады______________________________________________________________________

Бәрінен маған мына жаттығу ұнамады_______________________________________________________________________

Келесі сабақта мен былай істер едім___________________________________________________________________________

Жүргізушіге мынадай ескерту________________________________________________________________________

Қолы _______________

"Достық қымбат өмірде"тренинг сабақ

Мақсаты:Оқушылардың  арасында  жағымды  қарым-қатынас  орнату, бір-бірін  сыйлауға, адал  дос  болуға және  қоршаған  ортамен  дос болуға  үйрету,  коммуникативті  өрісті  дамыту.

Міндеті:1.Адам қарым-қатынастағы  достық  ұғымы  туралы  түсінік  беру;

2. Оқушылардың  арасында  достық  сезімдерін  дамытуға  ықпал  ету;

3.Оқушыларды  сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Барысы:


II.Шаттық  шеңбері.

-Балалар ,бәріміз  шаттық  шеңберіне  жиналайық.Енді  бір-бірімізге  бүгінгі  күніміздің  тамаша  өтуіне  арнап айтайық.«Досболайық бәріміз » әнін  айтайық.

Тренинг ережелерімен  таныстыру.

1.Кешікпеу.

2.Өз уақытында  бастау.

3.Бір-бірін сыйлау.

4.Ұзақ уақыт сөйлемеу.

5.Көңілді  болу.

Танысу  тренингісі. Өз есіміңізге  сын есім  қосып  танысайық.

II.Жаңа сабақ./электрондық  оқулықпен/

 Достық  қымбат  өмірде

Достар  әрқашан да бірге  ойнап, бөлінбейді.Мүмкіндік болса  бірге сабаққа дайындалады.Бірін-бірі  түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір  тұрады.Досыңның  көп  блуы өз қолдарыңда.Егер сен  барыңмен  бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға  даяр  тұрсаң, сенімен бәрі де  достасқысы келеді.

III. Әңгімелесу

  -  Балалар, « достық»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?

  -  Достар  қандай  болу  керек?

  - Нағыз  достар  қандай  болады?

 - « Жалған  достық»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?

-Достары  көп  болу  үшін  адам  қандай  болу  қажет?

/ балалар  өз  ойларын  схема  арқылы  жеткізеді/

Адамдар  бір-біріне деген адал сенім, өзара тілеулес ортақ  көзқарасы  достыққа ұластырады.Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы  мен бір-біріне қамқорлығы.Достық  қарым-қатынас  адамдарға  өз-ара сенім жүктейді.Достар бір-біріне қуанышта да қиыншылықта да  қамқор болады.Достық-сыйластықтың, мейірбандықтың  мөлдір көзі.



IV. Мәтінмен  жұмыс.

– Енді, балалар,  біз достық, өзара сыйластық  құндылықтарының  мағынасын кеңірек  түсіну  мақсатында « Қарлығаш  пен  дәуіт»   ертегісін  мұқият тыңдап ертегі бойынша  сұрақтарға жауап  береміз. 

Қарлығаш  пен  дәуіт./электрондық  оқулық  арқылы/.

Қарлығаш жардың қуысына  ұя салып, балапан  шығарыпты.Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана  күтумен болады екен.Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады.Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр  етіп,  балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкке барады.

Қарлығаш : «Көкек ,маған көмек бере гөр,балапандар-

ымызды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.

- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, -дейді көкек.Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.

- Қарғажан , маған көмек бере гөр.Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып .

Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:

- Мен үйленейін деп жатырмын,   мазамды алма!- дейді маңғазданып.

Қарлығаштың амалы таусылып , шырылдап ұшып келеді.

Қарлығашқа дәуіт кездеседі.

- Достым ,неге жылайсың ? –деп сұрайды ол қарлығаштан.

- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып , ұяма өрмелеп барады.

- Олай болса , мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт.Қарлығаш қанатын тосады.

Қарлығаш пен дәуіт көзді  ашып-жұмғанша ұяға жетеді.Дәуіт ұяға  жетіп қалған жыланға тап береді.Жылан сылқ  етіп жерге құлап түседі.Дәуіттің ерлігіне сүйінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін  болған екен.

  - Балалар,  қарлығаш неге ренжіді?

- Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға  болмайды?

- Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?

/Берілген сұрақтар бойынша  балалардың жауаптары тыңдалып,  осының негізінде олар адамгершілік  құндылықтарының  мәнін  ұғына  түседі./ 

  IV.Дәйек сөз.

-Енді  балалар, бүгінгі  тақырыбымызға  сай  мына  дәйек  сөзді жаттап, дәптерімізге  жазып  алайық. «Жүз  теңгең  болғанша, Жүз  досың  болсын»

VI. Тыныштық  сәті.

-Балалар, орындарыңызға  емін-еркін  жайғаса  отырыңыздар.Енді көзімізді  жұмып, әркім өзінің досы, оның  жалпы  қасиеттері  туралы  ойлаймыз. /2-3 секунд/

-Балалар , достарымызды  ойлап  болсақ, көзімізді  ашайық.Параққа  аты-жөнімізді  жазып, ойлаған  досымыздың есімін  жазайық.

V.« Достық .Бірлік » үйін салу.

-Балалар,біздің  адал  достарымыз  әлде  де көп болу  үшін,  үлкен  үй  салуымыз  керек.Сол  үлкен үйді  бәріміз  бірге  салып  көрейік.

Мақал – мәтелдер.

 1. Досы  көпті  жау  алмайды,

 2. Досың көзіңде  болғанша,  көңіліңде  болсын

 3. Жүз  теңгең  болғанша,    Жүз  досың  болсын.

 4.Шын дос үшін қалайда,Тік  қатерге  басыңды.

Айыра біл  алайда,Досыңменен қасыңды.

 5.Досы көппен  сырлас.Досы жоқпен  сыйлас.

 6.Досың  мың  болса да-аз,Дұшпаның  біреу  болса  да-көп.

 7.Досыңмен  дос  болғанға  шаттан, Дұшпаныңмен  дос  болғаннан  сақтан.

 8.Ақылсыз  достан,  ақылды  дұшпан артық.

 9.Дос  басқа  қарайды,Дұшпан аяққа  қарайды.

 10.Өрге  жүзген өнегелі  ісіңмен,Адал дос тап, тең  құрбыңның  ішінен.

 11. Күлме  досқа, келер  басқа

 VIII. Социметрия әдісі.

Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты  анықтау,алынған  мәліметтерді  оқу-тәрбие  жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдайын орнату.

Нұсқау: Балалар, сіздерге  қазір  сұрақтар қойылады.Сол  сұраққа  осы өз  кластастарыңнан үш адам  есімдерін жазасыңдар.

1.Кіммен  дос болғың келеді?

2.Партада  кіммен  бірге  отырғың   келеді?

3.Мерекелерде  кімге сыйлық бергің   келеді?

 Х.  Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның  ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет  жасау.Сол сияқты иығыңды  тіктеп , жарқын көңілмен іштей  табысқа  жетуге талаптанып, өміршеңдік  ережлерін  айтайық.

1. ЖІГЕР  ДЕГЕН-  МЕН

2.КҮШ  ДЕГЕН- МЕН

3. МАХАББАТ  ДЕГЕН –МЕН

4.КЕШІРІМ  ДЕГЕН – МЕН

5.ҚҰДІРЕТ  ДЕГЕН –МЕН

6.ЖАСӨСПІРІМ  ДЕГЕН – МЕН

7.ЖАСТЫҚ ШАҚ ДЕГЕН-МЕН

8.ДЕНСАУЛЫҚ  ДЕГЕН-МЕН

9.АДАЛДЫҚ  ДЕГЕН-МЕН

10.ЖАРҚЫНДЫЛЫҚ  ДЕГЕН-МЕН

11. БАР  ҒАЖАЙЫП ДЕГЕН –МЕН.



ХОРМЕН: Бәрі  маған  байланысты, бәрі менің  қолымда.

Х. Қорытынды.

Оқушылар  бүгінгі  сабақтан алған әсерлерін жазып күнге  жабыстырады.Балалар, бәріміз  бірігіп  жақсы  сөздерге  толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген  күн  құрастырдық.Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр.Біз де сол сияқты  достарымызға және өзімізге  тек қана жақсылық  сыйлайық.



IХ. Жүректен-жүрекке жылы  лебіз білдіру.

Қанатты  сөз.

Құс қанатымен мықты, адам  достарымен  мықты.

Тәрбиешілерге  жүрекке  жылы сөздер  жазып  тарату.

 



«»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет