Деген пікір қалыптасқан. Жағымпаздықтың синонимдес ұғымдарының көптігіне байланысты оны зерттеу де күрделі



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата26.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#159954
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 69-80

Қорытынды
Қоғамымызда жағымпаздықтың болуы ащы шындық. Жоғарыдағы 
тұжырымдарды қарап отырсақ, жағымпаздыққа байланысты түрлі көзқарастар 


79
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
№ 3 (75) 2022
қалыптасқан. Тіпті танымал философтар арасында жағымпаздықты 
қорғағандар бар екендігін байқадық. Сондықтан алдағы уақытта қазақ 
ойшылдарының пікірлерін де сараптаған жөн деп ойлаймыз.
Әрине, паррезияны ашық сөйлеу, сөйлеудегі турашылдық пен шынайылық 
деп бағалағанымызбен, мұнда демофилияның белгілері бар. Көптеген 
батыстық ғылыми еңбектерде демофилияны халыққа деген сүйіспеншілік деп 
көрсетіледі. Бірақ, осы халыққа деген сүйіспеншілікте демагогтық әрекеттер 
болуы ықтимал.
Жағымпаздық біреуді (мәселен, басшыны) манипуляциялаудың жолы. Кез 
келген жарамсақтық пен мадақ білдіру адамның дамуына кедергілер келтіреді. 
Жалпы осы жағымпаздық саяси мәдениетте көптеген қиындықтар әкеледі. 
Жағымпаздық кесірінен қоғам мен мемлекеттік саясаттағы психологиялық 
ахуал нашарлайды, жүйедегі қабілетті және еңбекқор мемлекеттік қызметшілер 
бағаланбайды, саяси көшбасшылар өзін-өзі сынау қабілетін толығымен 
жоғалтады.
Имитация, оның ішінде саяси имитация қоғам өмірінің барлық саласын 
қамтып отырғаны даусыз. Жалпы саяси имитацияны қолдайтындар да, 
қарсылар да кездесетіндігін байқадық. Дегенмен, көптеген еңбектерде 
имитацияны жағымпаздықтың ең жоғарғы түрі ретінде бағаланатындығы 
толғандырып отыр. КСРО құлағаннан кейінгі тәуелсіздік алған елдерде 
нарықтық реформалар саяси өзгерістерге әкелгенін білеміз және мемлекеттер 
Батыс құндылықтарына еліктей бастады. Елімізде саяси модернизация процесі 
жалғасады және бұл Жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси реформалар әкелуі 
тиіс деп ойлаймыз. Бұл тұста осы бағыттағы қимылдар саяси имитацияға 
айналмаса дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет