Деген пікір қалыптасқан. Жағымпаздықтың синонимдес ұғымдарының көптігіне байланысты оны зерттеу де күрделі



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата26.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#159954
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 69-80

Зерттеу әдістері
Бұл мақаланың мақсатына жағымпаздық түсінігінің ғылыми зерттеулердегі 
саяси сипаттамаларын талдау арқылы нәтижелерін жүйелеу жатады. Шолу 
үшін «Flattery» кілт сөзін таңдау арқылы ғылыми жарияланымдарға сараптама 
жүргізілді. Басты әдіс ретінде ғылыми әдебиеттерді шолу негізіндегі жүйелік 
талдау қолданылды. Мәліметтерді өңдеу «Скопус» базасында жүргізілді. 
Нәтижесінде 24 әдебиетке ерекше назар аударылды. Мәселені зерттеу 
барысында салыстырмалы, тарихи, құрылымдық-функционалды және 
институционалдық тәсілдердің әдістері маңызды орын алады.
Зерттеу нәтижелері
Классикалық риторика жағымпаздыққа кеңес береді; қазіргі кеңесшілердің 
бұл пікірге сенімдері аз. C. De Haan, B. Andeweg, W. Blokzijl [9] «SEFI 2005 
Annual Conference: Engineering Education at the Cross-Roads of Civilizations» 
ғылыми конференциясындағы баяндамасында «Қазіргі заманда сөйлеу 
барысында жағымпаздық әдістерін қолдану тиімді ме, әлде кері әсер ете 
ме?» деген сауалға жауап іздейді. Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, 
сөйлеушінің өз аудиториясын тілектес ету үшін қолданылған жағымпаздану 
әрекеті сәтті болмады. Жағымпаздық этикасы жағымды жаққа ауыспайды 
және ұсынылған материалды бағалау оң бағытта өзгермейді. Сөйлеушінің 
шынайылығы жағымды болып көрінгенімен, мадақтау мен жағымпаздықты 
шамадан тыс пайдалану тыңдаушыларды алаңдатқан. Сондықтан жағымпаздық 
әдістерін қолдануда абай болу керек секілді.
Жағымпаздық классикалық Афинадан бастап XVIII ғасырдағы Америка 
ойшылдарын қызықтырғанымен, жиі назардан тыс қалып отырған саяси 
құбылыс. Үгіт-насихаттық және стратегиялық жағымпаздық ажыратылған 
«Flattery and the history of political thought: That glib and oily art» [10] атты 
еңбекте саяси ойлар тарихындағы бірқатар мәтіндердің жаңа түсіндірмелері 
ұсынылады. Цицерон, Плиний, Кастильоне, Макиавелли, Гоббс, Мандевиль, 
Смит және федералистік/антифедералистік пікірталастар талқыланған еңбекте 
риторика, республикашылдық және демократиялық теория туралы қазіргі 
заманғы саяси ойларын байытуға септігін тигізеді. Сондықтан жағымпаздық 
пен саяси ойдың тарихы сарапталған жұмыста жағымпаздықтың саяси 
теорияға тарихи маңыздылығын және өзектілігін көрсетеді.
Паррезия туралы жоғарыда атап өткеніміздей, Аристофанның «Рыцарлары» 
еңбегінде паррезияны ашу түрінде пайдаланудың қауіптілігін Клеонның 
(өз заманының радикалды демократияның жетекшісі) орынбасары болған 
Пефлагонның қарт кісі Демостың Афинадағы шаруашылығын қиратудан 
көруге болады. Осы ахуалда Пефлагонның паррезиясы мен еркін бостандыққа 
шақыруы қоғамда хаос тудырып, ойларының өміршеңдігіне қауіп төндіретін 
жағымпаздықтың деструктивті түріне айналады. E. Markovits [11] өз 
зерттеуінде демократиялық Афинадағы паррезия мәселесі мен Клеонның бұл 
мәселелерді қалай сипаттайтынын талқылайды. Аристофанның «Рыцарларын» 
қарастыру барысында ол драматургтің зерттеулері мен реакциясын дәйектейді. 


74
&
№ 3 (75) 2022
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
Аристофан қарт Демостың бейнесін қаланың құлдырауының метафорасы 
ретінде пайдаланады, бұл оның демосты сынауға да, қолдауға да мүмкіндік 
береді. Бұл тұста Аристофан кәрілікке де өзінің алаңдаушылығын білдіретін 
секілді. Оның демофилияның «жеңгетайлыққа» апаратын бұзық логикасы, 
оның қоғамға деген теріс пиғилын анықтауы қызығушылық тудырады. Бұдан 
шығатын қорытынды, паррезия ашық сөйлеу үлгісі болса да, тапсырыс арқылы 
жағымпаздық жасауға болады деуімізге болады.
Мин империясы (1368-1644) кезіндегі барлық таптар өз қалаларындағы 
бюрократиялық кадрларды таңдауда және мемлекеттік саясатты белгілеу-
де теориялық тұрғыдан дауыс құқығын иеленбеді. Халық заңды 
саяси дауысты алуға талаптану жолында «Аспан мандаты» (билеуші
династияны легитимдендіру көзі ретінде пайдаланылатын дәстүрлі қытай 
саяси мәдениетінің негізгі тұжырымдамаларының бірі) ортодоксалды 
идеологиясының динамикалық шиеленістерін пайдаланған. Мысал 
ретінде S. Schneewind [12] қызметі өсіп, басқа лауазымдарға ауысқан үздік 
магистраттар мен префекттерге алғыс білдіру үшін салынған ғибадатханалар 
кейін қажетті қызметі үшін шенеуніктерге жасалған жағымпаздық деп 
күдіктенгенін айтады. Осындай жемқор дворяндық тармақты айыптауды 
алдын алу үшін ғибадатханаларға арналған стелаларда жергілікті қарапайым 
халықтың дауыстары бірікті деген тұжырым қалыптасқан. Бұл автократия 
мен таптық езгіде өмір сүріп жатқан қарапайым халықтың саясат пен саяси 
қызметкерлерге ықпалын стелаларды орнату арқылы империялық басқарудың 
үстемдігін көрсетеді. Осы кезеңде жағымпаздықты жоққа шығару үшін 
ғибадатханалардағы жазбаларды пайдалану негізінде халықтың саяси 
қатысуын заңдастыра алды деуімізге болады.
A. Llosasanzтің [13] зерттеу жұмысында танымал люциандық мысал 
мен Мигель де Сервантестің (1547-1616) «Эль-Колокио-де-лос-Перрос» 
шығармасындағы өсекші ит тақырыбы арасындағы байланыс айқындалады. 
Мысалда сатира мен келемеждің құдайы Момус иттерге адалдық пен жадыны, 
ал жыланға жағымпаздық пен қулықты бергендігі баяндалады. Автор Момус 
мысалында Сервантес шығармасындағы иттердің әр адамның жүрегіндегі 
шынайы және жасырын ниеттерді аша алатындығын дәйектейді. Сервантес 
өсекпен айналысатын Берганца (иттің аты) мысалында өтірік пен алдауды 
әшкерелейді. Бұл шығарма адамның алдамшы саяси табиғатын көрсете алды 
деп ойлаймыз.
D.J. Kapust [14] өз мақаласында Т. Гоббстың (1588-1679) монархияны 
қорғауын жағымпаздық мәселесі тұрғысынан қарастырады. Бұл ретте ол 
Гоббс зерттеулеріндегі республикашылдыққа қатынасы мен оның риторикаға 
қатынасы екі негізгі мәселесін қозғайды. Монархтың жағымпаздыққа 
бейімділігіне негізделген монархияның сынына тап болған тұста Гоббс 
монархияны оның унитарлық табиғатының артықшылықтарына назар 
аудара отырып, қорғайды. Гоббстың айтуынша, монархтардың ізгілігіне 
жағымпаздыққа қарсы тірек ретінде қараудың орнына, монархтың өзгешелігі 
кеңістік пен жағымпаздық мүмкіндіктерін азайтады.


75
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
№ 3 (75) 2022
Испандық алтын ғасырдың ақыны әрі прозашысы Франсиско Гомес де 
Кеведоның (1580-1645) саяси алаңдаушылығы абсолютизм дәуіріндегі патша 
сарайларындағы әлеуметтік-мәдени құбылысқа айналған фаворитизммен 
байланысты болды. Алғашқы шығармасы болып табылатын «Discurso de las 
privanzas» еңбегінде ол министрдің өзін ұстаудың моделін ұсынады. Ал «Cómo 
ha de ser el privado» пьесасында корольдік фаворитизмге ерекше мән берген. 
S. Fernández Mosqueraның [15] пікіріне сәйкес, бірінші еңбек теориялық 
трактат болса, пьесада жағымпаздықтың белгілері бар. Пьеса өзінің екі 
ұштылығына байланысты қоғамдағы қажетті нәтижесіне жете алмаған және 
көпшілік фаворитизм мадақталған деп айып тақты. Демек, қоғам мүшелері 
кез келген әдеби шығармадан жағымпаздық үлгілерін табуы мүмкін деуімізге 
негіз бар. Расында Кеведо патша мен оның министрлеріне фаворитизмның 
бұрыстығын түсіндіру арқылы қоғамдық өмірге ықпал етуге қатысқысы 
келген секілді.
Француз жазушысы Мадлен де Скюдеридің (1607-1701) «Conversations» 
(Әңгімелесулер) (1680–1692) шығармалар жинағындағы тұжырымдар бір 
қарағанда корольді жақтаушыларға жағымпазданатын секілді. Дегенмен, 
мұқият зерделеу барысында халықтың «үміт көкжиегі» оқырманды 
жанама түрде мәдени кеңістіктің жаңа түріне енуге дайындайды. Негізі 
шығармалар жинағының мақсаты екі жақты: патшаның жанындағылардың 
өзін-өзі жаңартуға деген ұмтылысына сендіру және осы өзін-өзі жаңарту 
жалғыз даму кеңістігі екендігін түсіндіру [16]. Бұл тағы да шығармашылық 
жұмыстар арқылы жағымпаздықты дамытуға немесе тоқтатуға ықпал жасауға 
болатындығын көрсетеді.
Испан ақыны және жазушысы Энрике Лопес Аларкон (1881?-1963) 
өткен ғасырдың 40-жылдары саяси ұстанымдарына байланысты Доминикан 
Республикасында қысқа қуғында болады. Осы қуғындағы жылдары ол бірнеше 
өлеңдерін жазып, Испанияда республикалық саясатты ұстанғандығына 
қарамастан, генерал Рафаэль Л. Трухильоның (Доминикандық мемлекет 
және саясат қайраткері, 1930 жылдан 1961 жылға дейінгі елдің іс жүзіндегі 
билеушісі) қайраткерлігіне құрмет көрсетіп, сол арқылы жаңа тұрғылықты 
жеріндегі режимнің қолдауына қол жеткізді. Бұл мадақтау өлеңдерінің 
табиғаты бізге диктатордың Доминикан азаматтарына ғана емес, Еуропадағы 
соғыстардан құтылу үшін Кариб теңізі жағалауына келген шетелдіктерге 
қатысты жүргізген бақылау саясатын түсінуге көмектеседі. Бұл антифашистік 
босқындардың Франсиско Франко, Адольф Гитлер немесе Бенито Муссолини 
секілді тирандық басқарудағы елде болуы оларға экономикалық және 
моральдық көмек алуға мүмкіндік беретін мақтау сөздерінің арқасында 
мүмкін болды [17]. Бұл шығармашылық өкілдерінің мемлекет басшыларын өз 
әдеби еңбектері арқылы манипуляциялай алады деген сөз.
M. Viroli [18] Италияны еркін саяси институттардың елі деп бағалағанымен, 
Сильвио Берлускониді жағымпаз жеңіл мінезді әйелдер елін құрды деп 
сынайды. Viroli классикалық республикалық еркіндік тұжырымдамасына 
сүйене отырып, халық езгіге ұшырамаса да, тәуелді болуы мүмкін екенін 


76
&
№ 3 (75) 2022
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
көрсетеді. Бұл тәуелділікке үкімет пен бұқаралық ақпарат құралдарын толық 
бақылау негізінде өз еркінше жүргізген билік пен үлкен байлық апарады. 
Билік заңды негізде жұмыс жасап, адамның негізгі құқықтарын сақтаса да, 
халықты тәуелді ретінде ұстау туралы ойлар пікірталас туындатуы мүмкін. 
Бірақ қоғам мүшелері саяси элита жетегінде заңға бағыну мен азаматтық 
міндеттерін орындаудан бас тартуы ықтималдығын ұмытпаған жөн. Viroliдің 
итальяндық қоғамда қалыптасқан (1) жарамсақтық; (2) ықпалды адамдарға 
соқыр адалдық; (3) өтірік айтуға бейімділік; (4) бет-әлпетке бар ынтасын 
салу; (5) имитация (имитацияны ең шынайы жағымпаздықтан да әлдеқайда 
жаманырақ деген пікірдегі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет