78
&
№ 3 (75) 2022
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
№
Қызметі
Сипаттамасы
Мысал
3
Реляциялық
Жағымпаздық қарым-қатынасты
орнату мен жақсарту немесе бұ
-
зылған қарым-қатынасты түзету
үшін қолданылады. Стратегия ре
-
тіндегі
реляциялық қызмет ынты
-
мақтастыққа бағытталған.
34 жастағы ер адам өзін «жақсы се
-
зіну үшін» көңілі түскен құрбысын
мақтағанын айтады. 21 жастағы
әйел құрбысы оның көмегін баға
-
лайтынына көз жеткізгісі келгенде,
тексерулер
шектен шығып кеткенін
айтады.
Бұл қызметтер бір-бірін толықтырып отырады. Мәселен, басшының ықыласына
ие болуға бағытталған жағымпаздық, саяси қызметтегі жоғарылау секілді белгілі
бір табысқа әкелуі мүмкін деп айтуға болады. Дегенмен, бұл сипаттамаларды
жарамсақтықтың негативті жағы ретінде қабылдауымызға болады.
R. Danzigerдің [23] кезекті зерттеулерінде көрсетілгендей, жеке басқа
табынушылық саяси легитимдікті сақтаудың стратегиясы болып табылады.
Саяси көшбасшыға шамадан тыс жағымпаздану
салдарынан легитимдеудің
демократиялық әдістері болмаған жағдайда көшбасшының орыны
осылайша бекітіледі. Демократиялық көшбасшыларға үйреншікті қоғамдық
жағымпаздық ғалымдардың назарын аудармаса да, авторитарлық қоғамдағы
белгілері демократиялық процестерге қауіп төндіруі мүмкін. R. Danziger
саяси жағымпаздықты тек өзін-өзі жарнамалаудың құралы ғана емес,
эпидейктикалық риториканы манипуляциялық
және антидемократиялық
қолдану ретінде түсіндіреді. Аристотельдың «Риторикасында» кездесетін
эпидейктикалық риторика немесе эпидейктикалық шешендік өнер біреуді
немесе бір нәрсені мадақтайтын немесе айыптайтын сөз немесе жазба
саналады. Сонымен қатар, R. Danziger пікірінше, жағымпаздық шешімдерді
кеңесе отырып қабылдау мен есеп беруге міндеттілікке және пікірлер немесе
мүдделердегі айырмашылықтарды ұжымдық және бейтарап саяси тәжірибеге
біріктіру процесіне кедергі келтіреді. Айналасын жағымпаздармен толтырған
көшбасшылар өз пікірлері мен әрекеттерін сол көшбасшыға ұнайтын
құбылысқа сәйкестендіреді.
Сыртқы келбетке арналған қошемет жағымпаздықтың белгісі екендігі белгілі.
Израильдік және германдық ғалымдар сыртқы келбетті мадақтаудың когнитивті
қабілетке ықпалын зерттеді. Мәселен, зерттеуге қатысқан 88 израильдік
университет студенттеріне
құзыреттіліктеріне емес, сыртқы келбеті үшін
қошемет жасалған және мақтау алмаған бақылау тобындағы әйелдерге қарағанда
математикалық қабілеттерін нашар көрсеткен. Сыртқы келбетін мадақтау
қатысушылардың көңіл-күйінің жақсаруына әкелгенімен, әйелдер мен ерлердің
математикалық көрсеткіштерін төмендетті [24]. Бұл қарапайым мысал кез
келген жағымпаздықтың құрбаны саяси тұрғыдан манипуляцияланатындығын
көрсетеді және ілгері жылжу болмайтындығын дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: