Деген пікір қалыптасқан. Жағымпаздықтың синонимдес ұғымдарының көптігіне байланысты оны зерттеу де күрделі



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата26.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#159954
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 69-80

panegyrikus
жалпыхалықтық 
салтанатты жиындағы мақтау сөздер, мадақтау) Антика заманында тренд 
болды десек, ХІХ ғасырдан бастап негізсіз мақтау ретінде бағаланады. 
Плинийдің «Панегирик» еңбегіндегі сөйлеу стратегиялары императорларға 
жағымпазданудың үлгісін көрсеткен [4]. Ежелгі Грецияның ақыны Пиндар 
сицилиялық тирандарға мадақтау одаларын көп жазғандардың бірі. 
Көне деректерде ақын клиенттерінің тапсырысы мен ақшалай төлемдері 
бойынша міндетін орындаған, шын мәнінде бұл іскерлік қарым-қатынас 
болғандығы жазылады [5]. Әл-Ғазали жағымпаздықты бостандыққа 
төнетін ерекше қауіп ретінде анықтап, оның үстемдігіне қарсы ойларын 
өз доктриналарында жазған [6]. Автор бұл ойын Әл-Ғазалидің үстемдікке 
қарсы мұсылмандық қауымның есеп берушілік құбылысы ретінде 
түсіндірген. Демек, жағымпаздық кез келген адамның бостандығына 
кедергілер келтіреді.
Жалпы жағымпаздықта әдепсіздік пен ізетсіздіктің белгілері бар және оның 
түпкілікті негізгі екі мақсатына жатады: өзін-өзі кемсіту және өзгені мадақтау 
[7]. Жағымпаздық барысында кейде адам өзін кемсітіп жатқанын түсіне 
бермейді. Өзін кемсітушілік оның іс-әрекеттеріне дұрыс баға берілмеуінен 
орын алуы мүмкін. Жағымпаздық әрекеттерге өз дағдылары мен қабілетін 
бағалай алмаған адамдар барады деп ойлаймыз. Бұл ақырында өзіне деген 
сенімсіздікті ұдайы жадысында сақтап отыратын, өзін-өзі төмен бағалайтын, 
басқалардың жеке басынан артықшылығын танытатын өзін кем сезінуге 
әкеледі.


72
&
№ 3 (75) 2022
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
Саяси коммуникациялар саласында саяси оппоненттерге сөзбен шабуыл 
жасаудың салдары бұрыннан зерттеліп келеді. Алайда, мұндай қарсыластар-
ға жағымпаздықтың әсері аз түсіндіріледі. Саяси оппонентті мадақтау 
аудиторияда жағымды эмоциялар тудыратынын, бұл өз кезегінде кандидатқа 
сенімділікке оң әсер ететінін және оған дауыс беру ықтималдығы артатындығы 
экспериментпен дәлелденген. Керісінше, қарсыласқа жасалған шабуылдар 
жиіркенушілік тудырған және бұл оның сенімділік деңгейіне теріс әсер етіп, 
дауыс беру ықтималдығын төмендеткен [8].
Отандық ғылымда, әсіресе саяси ғылымдарда жағымпаздықты 
кешенді зерттеген еңбектер жоқ деп айтуымызға болады. Жағымпаздық 
туралы пікірлерді тек отандық бұқаралық ақпарат құралдарынан 
көруге (
Қараңыз:
«Отвратительное подхалимство». Карьерный рост 
после хвалебных од [Электронды ресурс] // URL: https://www.youtube.
com/watch?v=lVvRligGlq0/ (қаралған күні: 05.09.2021); Помогает ли 
подхалимство казахстанским чиновникам? Электронды ресурс] // 
URL: https://www.youtube.com/watch?v=VaoA2sPUFPs (қаралған күні: 
01.02.2022)) және оқуға (
Қараңыз:
Тусупбекова Л. В обществе воцарились 
произвол и подхалимство – сенатор [Электронды ресурс] // URL: https://
www.kazpravda.kz/news/obshchestvo/v-obshchestve-votsarilis-proizvol-
i-podhalimstvo--senator (қаралған күні: 01.02.2022); Подхалимы не мы 
[Электронды ресурс] // URL: https://zonakz.net/2004/06/01/подхалимы-
не-мы/ (қаралған күні: 05.09.2021)) болады. Елімізде жағымпаздық 
пен жарамсақтықты билік атрибуттарының бірі ретінде санайтындар 
кездеседі. Әркім өзінің басшысына деген шексіз құрметін терең және өте 
әсерлі түрде білдіруді өзінің міндеті деп санайды (
Қараңыз:
Байжунусов 
Э. Подхалимство и лесть – один из атрибутов власти, мы это видим 
ежечасно [Электронды ресурс] // URL: https://tengrinews.kz/opinion/
podhalimstvo-lest-odin-atributov-vlasti-eto-vidim-ejechasno-930/ (қаралған 
күні: 29.11.2021)). Расында да басшыға құрмет қызмет бабына сай 
«мәжбүрлі» түрде болмауы керек. Қызметкерлер құрметін әрбір басшы өз 
тәжірибесі мен идеялары арқылы иеленгенін дұрыс көреміз.
Халық арасында жағымпаздыққа қатысты теріс көзқарастардың 
қалыптасуы және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік 
желілердегі жарияланымдардың көптігі мәселенің өзекті екенін байқатып 
отыр. Жағымпаздық түсінігінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 
синонимдес ұғымдарының көптігі зерттеу жұмыстарын жүргізуге 
күрделілік туындатып отыр. Сондықтан жағымпаздықтың саяси 
сипаттамаларын анықтау мақсатында «flattery» ұғымын пайдалануды 
басты мақсат ретінде қойып отырмыз. Ұғымды пайдалану барысында ең 
алдымен саяси өмірдегі жағымпаздықтың құрылымдық ерекшеліктерін 
айқындау міндетін шештік. «Flattery» ұғымы арқылы жағымпаздықтың 
табиғатын айқындауға ұмтылған, «Скопус» базасында индекстелген 
зерттеулер жағымпаздықтың саяси сипаттамаларын айқындау міндетін 
жүзеге асыра алды.


73
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
№ 3 (75) 2022


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет