Деген сауалға жауап бермес бұрын, «бақыт» ұғымының ішіне нелер кіретінін анықтап алуымыз қажет секілді. Ю. Баласагуни «Құтты білік» еңбегінде «бақыт» ұғымына жан-жақты талдау жасаған



Дата18.12.2021
өлшемі16,65 Kb.
#103053
Байланысты:
эссе



Бақытты болғыңыз келе ме?

«Бақытты болғыңыз келе ме?» - деген сауалға жауап бермес бұрын, «бақыт» ұғымының ішіне нелер кіретінін анықтап алуымыз қажет секілді. Ю.Баласагуни «Құтты білік» еңбегінде «бақыт» ұғымына жан-жақты талдау жасаған. Құтты білікте « Бақыттылар, беу, қанағат қылғандар!»- дейді, демек Тәңірдің сыйлаған әрбір күні біз үшін үлкен бақыт. «Өз біліміңе ешнәрсе қоспаған әрбір күнді бақытсыз деп біл» - деген тұжырымды қосқым келеді, себебі берілген күн – жаңа мүмкіндік, оны білімді жетілдіруге, тың нәрсені үйренуге арнау қажет.

«Білімді» адамға қонған бақты Ю.Баласагуни былай сипаттайды: «Біліктіге – таққанмен тең күн-жақұт» - дейді, яғни білімді адам басына қонған бақты бағалап, оны сәуле болып, өзгелерге тарататынын, шуағын шашатынын дәлелдеп кеткен. Ал «ақымақ» адамға қонған бақты былайша суреттейді: «Ақымаққа қонған бақыт тоналар, Қалай қонса, солай ұшып, жоғалар». Бақытты бағалау үшін көкірек көзінің ояу болуы басты қағида екенін осы еңбекте көрсетеді.

Құтты білікте «Адал болсаң, құтты күнің бақытты», «Адал жаннан бақыт қашып құтылмас, Түзік жанның күні ешқашан тұтылмас» делінеді. Осы үзіндіден-ақ бақыттың адал адамға келіп тұрақтайтынына шүбә болмау керек.

«Бақытты сол, қартайғанша жаңылмай, Жақсы болса жамандық қып тарылмай»- дегеннен «бақытты адам» болу үшін тек өзіңнің қара басыңның қамын ғана ойламай, өзгелерге қиянат жасамай ізгі атыңды қалдыру екенін түсінеміз. Ал сол қартайған шағында қу нәпсінің соңында жүрген адамды «құтсыз», бақытсыз адамға теңейді: «Қартайса да, қу нәпсінің соңында, Жүгіргендер, біл, құтсызың, сорың да».

«Бақыт қонды – көңілді оңға бұрғайсың» - деген үзіндіден бақыттың баянды болуы - адамның іс –әрекетіне тікелей байланысты екенін көреміз.

Мәңгілік бақыт иесі болу үшін «Бақ иесі! Қимасаң құт-ырысты, Жақсылықпен шығысқаның дұрыс-ты», - деп қонған құтты, бақытты тек жақсылыққа жұмсау қажет екендігін дәлелдеген. Егер қонған бақты көтере алмай, қинасаң, құлқыныңды тимасаң «бақыттың» өз-ақ қара тастай құлатып тастап кететінін көрсеткен. Бұл тіршіліктің қас-қағым екенін ескеріп, пасық болу, зинақорлықтан адам бағының қашатынын да Ю. Баласагуни атап өткен. «Ізгіліксіз» бақыттың жүдейтінін дөп басып айтқан.

«Ақылмен ұқ, тындыр істі біліммен, Жылмен – бақыт, келсін құтың күніңмен» - деп Ю. Баласағуни біліммен біліп, ақылмен ұғып, еңбектеніп қана адам баласының нағыз бақытқа жететінін айтқан болатын.

«Ай, құштар жан, ұста өмірдің өзегін, Толып – шалқыр сонда, бақыт өзенің» - деген «Құтты біліктегі» үзіндіні алатын болсақ, адамның бақытты болуы үшін ең алдымен, өмірге құштарлығы, оның ағысына бейімделуі маңызды екенін көрсек болады. Байлықты бұл дүниенің бақыты деп санаудың үлкен қателік екенін де көрсеткен: «Бақсаң дәулет көрінер де елп етер, Опасыз ол тез қартайтар, тез кетер». Яғни, автор байлық пен дәулет адам үшін бақыт бола алмайтынын, оның өзі адамды уайымға салып, жүдетіп, тез қартайтып, соңы ауруға шалдықтыратынын көрсеткен. «Шекерімен алдап алып, у берер», « жарығы аз, түтіні көп қап-қара» деп байлықтың «баянсыз бақыт» екенін жеткізген. Дәулетті «үркек, ор киікке» теңеп, тұрақсыз екенін, қолдан усып, шығып кететіндігін тамаша көрсете білген.



«Тайғақ табан қонбай жатып жеріген» - деп автор «қалай бақытты болам?» демес бұрын оған жетуде адамның мақсаттары айқын болуы керек дейді, себебі жігерсіз, мақсатсыз адам не қалаған нәрсесін анықтай алмайды, не жарты жолда сағы сынатынын айтады. Демек, «бақытқа жету - жігерлі адамның жеңісі». Яғни, адам баласы «қол мен тілін бос ойыннан сақтаса», «тектен-текке несібесін шашпаса» бақытқа жетеді дейді. «Қонған құттың біл қасиет-қадірін, Қадірді ұққан көрмес тірлік жәбірін» - деп автор айтқандай, бақыттың тұрақты болуын сақтау - адамның біліміне, түсінігіне байланысты. Адамға бақыт келсе, оны дарытқан Аллаға шүкір айтуды да кітапта еске салады: «Құт дарыттың, бар тілекті орындадың, Бердің бәрін ризамын тағдырға». Бақыттың қақпасын ашып, құтқа бөлену үшін адамға көп еңбектену қажет. Білімді адамның жанында жүрсе адамның да бағы артатынын былай көрсеткен: «Білімдіден біліп алғын ісіңді» , «Адам егер бастаса ісін біліммен, Мақсатына жетер тілеп-жүгінген», «Қай ісің де білімменен гүлдейді, Білім кейін қалса қолың жүрмейді».

Білімді ең басты жолға қоюуына мына үзінді дәлел: «Білімнен әзіз не бар дейсің жаһанда». Яғни, бақыттың, бақтың, құттың қолымызда бағалауға жетелейтін - білім.

"Өзі тура, таза жолмен жүрсеңіз, Бақыттының бағы шын сол білсеңіз» - деп «Құтты білік» шығармасында айтылғандай, «бақыт өміріңізде мәңгі болсын десеңіз, «бақыт» мәңгі шуағын шашып, мерейім үстем болсын десеңіз тек түзу, таза жолмен жүріңіз. «Бақыт дегеніміз не?», «Пенденің ішінде кім бақытты?» деген сауалдар осы құнды шығармада дәл қойылып, әрі сол сауалдарға жауаптары нақты дәлелмен айқындалған.
Адамның жалғыз бақытсыздығы - жалғыздығы екенін айтқан: «Жалғыздығың - бақыт емес, сор қалың». Ал ең бақытты адамды былайша суреттеген: «Жақсы айтыпты, бек білікті, бақытты ең, Білікті сөз тең ғой інжу- жақұтпен». Бұл сөзден аңғаратынымыз - «ақылмен айтылған сөздің қымбаттылығы». Әрбір айтатын сөзіміздің құндылығына мән беруіміз керек, себебі ақылмен айтылған сөз арқылы өзге адамның дұрыс жолға түсуіне көмек беруге болады. Басқа адамның бақыт табуына жолу ашу - нағыз бақыт.

Ойымды қорытындылай келе, нағыз бақыт – білімділік екеніне көз жеткіздім. Білімді адам ғана басындағы бақытын баянды етіп, бағалай біледі. Автордың сөзімен айтатын болсам, «Ақыл қолдар, ал білімнен құт қонар» - деп, ақылды қара түнді ашатын шырақ ретінде, ал білімді нұрын шашатын жарық ретінде көрсеткен. Ю.Баласагуни өзінің аталық сөзін жеткізіп, осы айтқандарын ізгі өмірімізде қолдана білуге шақырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет