Дегенмен, баспасөз қарқынды өріс алып, кең тарағанымен, баспа ісін ашу, баспахананы қалыптастыру үрдісі кейін қазақ даласына советтік билік орнаған соң келді



бет2/2
Дата13.10.2022
өлшемі20,81 Kb.
#152860
1   2
Байланысты:
билеттер 1-4

Баспа ісінің бастаулары 
1921 жылы осы баспадан қазақ тілінде 680570 дана, өзбек тілінде 2147850 дана, түрікмен, тәжік тілдерінде 233800 дана кітап басылып шықты. Қазақстанда алғашқы кітап 1918 жылы басылған. 
Ұлттық негізде құрылған жаңа баспаның алғашқы өнімі – «Әліппе». Бұл – қазақ баспа ісінің қарлығашы Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасына негізделе отырып жасаған төте жазуы, қазіргі таңда Қытай қазақтары қолданатын жазу. 
1922-1927 жылдар аралығында 75 атаумен 319 кітап жарық көрген. 1922-23 оқу жылында 14 оқулық, оның ішінде «Грамматика», «Физика», «Алгебра», «Педагогика», «Мектеп гигиенасы», Сұлтанбек Қожановтың «Арифметика оқулығы», Иса Тоқтыбаевтың «Бастапқы география» оқулықтары болды. 1922-23 жылдары Әбубәкір Диваев жинап, «Қамбар батыр»,«Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек», «Шора батыр» кітаптарын шығарды. Қазақ халқының тарихына байланысты А. Гулошниковтың «Қазақ-қырғыз халықтарының тарихы» еңбегі, Рязановтың «Исатай Тайманов» кітабы да жарық көрді. 
4. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс -оқу-ағарту ісі: діни оқу медреселері (қадим, жәдид), орыс-қазақ мектептері (орыс тілді)

ХІХ ғасырдың ортасында патша үкіметінің Қазақстандағы оқу ағарту ісі екі бағытта дамыды: діни және азаматтық. Діни бағыттағы білім беру мектеп, медреселерде жүргізілді. Мұcылман оқу орындарында араб алфавитінің негізінде молла, мектептерге мұғалім дайындайтын оқу орны болды. Діни бағыттағы мектептер мен медреселер – қазақ халықтың өмірінде басты орын алады. Мұндай мектеп-медреселер Қазақстанға Орта Азия, әсіресе, Бұхарадан тараған болатын.
Мектептер – бастауыш білім ошағы. Мектептерде 8-ден 17 жасқа дейінгі балалар оқыды. Оларды араб, татар және құранның сүрелерін жатқа айтуға, түрік тілдегі поэтикалық шығармаларды оқуға үйретті. Оқу мерзімі оқушылардың білім деңгейіне байланысты еді. Мектептерде 1 кейде 2 оқытушы білім берген.
Медреселер – орта білім беретін мектептер. Медреселерде мектепте білім алған және білімдері әрі қарай тереңдетуге тілек білдірген адамдар оқыған. Медреселер үлкен уездік қалаларда және мешіт жанында орналасты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресей империясының отаршылдық торабына енгеннен соң орыс әкімшілігі мұсылмандық ағартушылыққа қарсы күрес жүргізді. Мектеп медреселердің жұмысына шек қойып, енеді орыс оқу орындарын аша бастады.
Осы мақсатта 1850 жылы отаршыл әкімшіліктің төменгі органдарына тілмаштар мен хатшылар даярлайтын Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қазақ балаларын оқытуға арналған жеті жылдық арнаулы мектеп ашылды. Алғашқыда бұл оқу орнында негізінен діни пәндер оқытылса, 1859 жылдан бастап орыс тарихы, жалпы және орыс географиясы, математика, геометрия сабақтары оқытыла бастады.
Патша үкіметі қазақтың бай-шонжарларының балаларына Омбы, Орынбор кадет корпустарында оқып білім алуларына рұқсат еткен болатын. Мысалы, Сібір кадет корпусының қабырғасынын көптеген белгілі ғалымдар, ағартушылар, саяхатшылар және Сібір мен Орта Азия зерттеушісі Г.Н.Потанин, қазақтың ағартушы ғалымы - Шоқан Уәлиханов, Батыс Сібір зерттеушісі, тарихшы Катанаев, Усов, революционер В.В.Куйбышев оқып, білім алған. Сонымен қатар, Шоқаннан басқа біз зерттеп отырған өлкеден Омбы кадет корпусын Шоқанның інісі Махмұт, немере інісі Сұлтан Ғазы Уәлиханов және танымал этнограф, ғалым Есмұрат Ибрагимов тәмәмдаған болатын.
Қазақ ұлттық интеллигенциясының алғашқы өкілі Ш.Уәлихановтың және С.Бабажановтың үлгісінен орыс-қазақ оқуының пайдасын түсінген қазақтардың бірқатары өз балаларын Омбының, Орынбордың және Ресейдің басқа да қалаларының оқу орындарына бере бастады. Қазақ жұрты балаларын орыс тілінде оқуға ынталандырудың шараларын ойластырады. Мәселен, Мұса Шормановтың (Баянауылдың аға сұлтаны) баласы Сәдуақас Шорманов 1887 жылы 25 ақпанда Потанинге жолдаған хатында былай деп жазған: «Қазіргі уақытта қазақ балалары әр түрлі оқу орындарында оқи бастады. Гимназияда 19 адам, кадет корпусында – 5, мұғалімдер семинариясында – 4, техникалық училищеде – 2 тәрбиеленуші оқып жүр. Барлығы Омбының оқу орындарында 30 қазақ баласы, біреуі Петербург университетінде білім алуда». 1846 жылдан 1865 жылға дейін, яғни бұл жылдары қазақ балалары үшін білім алуға рұқсат етілген жылдарда кадет корпусында тек қана 13 қазақ баласы білім алған. Соның қатарында, әрине, атақты ғалым Шоқан Уәлиханов та бар болатын. Кейіндері кадет корпусына тек қана ауқатты жанұядан шыққан балалар ғана оқуға түсуге рұқсат етілді. Бірақ, 1868 жылдан бастап әскери гимназияға қазақ балаларына оқуға мүлдем жол жабылды. 
Сібір қазақтарының облысы, яғни Ақмола және Семей облысында қазақ балалары үшін білім алатын алғашқы оқу орны – 1865 жылы ашылған Омбы орыс – қырғыз (қазақ) училищесі еді. Училище 5 кластық болды, сонымен қатар, мүлде оқи алмайтын балалар қабылданған кезде оларға арнап дайындық кластары ашылды. 1- ші класты 1 жылда аяқтап, 2-ші класқа көшірілді. «Оқу 15-ші тамызда басталып 15 мамырда аяқталады, яғни шілденің ортасынан 15-ші тамызға дейінгі айлар жазғы демалыс айлары болатын. Училищеде Закон Божии, орыс тілі, қырғыз (қазақ) тілі, қатесіз жазу, арифметика, алғашқы геометрия, тарих, заң тану, гигиена, ән айту пәндері өтілді. Орыс–қазақ училищесін ойдағыдай аяқтап, аттестат алған оқушылар мемлекеттік және әлеуметтік, үкіметтік, соттық қызметке орналасуға рұқсат етілді». 1868 жылы бұл училищеде жалпы 40 оқушы оқыды. Олардың 20 қазақ, ал 20 орыс балалары еді.

1867-1868 жылдардағы әкімшілік-территориялық реформаға байланысты сауатты шенеуніктерге деген қажеттілік арта түсті. Осыған орай Ақмола облысында да жекелеген оқу орындарының саны біршама көбейді.


1870 жылы қабылданған «Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң бойынша Ақмола облысында мектептер саны біршама көбейді. Орта білім беретін әкімшіліктің оқу орындары ашылды:
1) Бастауыш білім беретін оқу орындары: Оған толықтырылмаған гимназия, қалалық училище, приход мектептері, орыс-қазақ және орыс-түземдік училищелер мен мектептер, ауыл мектептері;
2) Орта білім беретін оқу орындары: қыздар мен ер балалар гимназиясы және реалдық училищелер. Мұғалімдер дайындайтын семинарияларды да орта білім беретін оқу орнына жатқызуға болады, бірақ семинарияның білім беру деңгейі төмендеу болды;
Арнаулы маман даярлайтын оқу орындары: мұғалімдер дайындайтын семинариялар, ауылшаруашылық және фельдшерлік мектептер ашылды.
1872 жылы 31мамырда қалалық училищелер ашу туралы патша үкіметінің арнайы нұсқауына байланысты Қазақстан қалаларында қалалық мектептер ашылды. Қалалық училищелерде қолөнер, сауда мамандықтары оқытылды.
1879 жылы Ақмола облысында қазақ балалары үшін орыс–қазақ мектептері ашылды. Ақмола облысындағы мұндай оқу орны мектеп-интернаттар деп аталды. 1883 жылы уезд орталығы Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Петропавл қалаларында осындай екі мектеп (ерлер мен қыздарға арналған) ашылды. Интернатқа болыс басшылары 2 оқушымен қамтамасыз ету керек еді, өйткені бұл оқу орнына ешкім өз еркімен балаларын бергілері келмеді. Қазақтар үшін мұндай жабық оқу орындары қолайсыз болған. Қазақ балаларын бұл мектептерге күштеп алу шаралары да қолданылған. Сондықтан ауқатты бай-шонжарлар кей кездері өз балаларының орнына кедейлердің балаларын беріп жіберген кездері де жиі болып тұрған. Бұл сөзімізге дәлел ретінде мына бір деректі келтіруге болады. Шоқан Уәлихановтың досы Ядринцев өз шығармасында бұл жайлы былай: «Қырғыз даласындағы бұратаналар кейбір интернаттар мен мектептерге өз балаларын беруге мәжбүр болғандықтан, одан қорқып, кедей балаларын сатып алып жіберген» - деп жазған еді.
Ауылшаруашылық мектебін ойдағыдай аяқтаған оқушылар Омбы қаласындағы гимназия, семинария, фельдшерлік мектепке оқуға жіберілді. Омбы ауылшаруашылық училищесінің қабырғасынан С. Бижанұлы, С. Қазбекұлы, Б. Айбасұлы, М. Саматұлы, А. Шорманұлы, Қ. Кеменгерұлы, Р. Толаспайұлы, С. Садуақасұлы тағы басқа мемлекет, қоғам қайраткерлері, ғылым, өнер қайраткерлері білім алды. Мәселен, 1889 жылы Көкшетау ауылшаруашылық мектебінің үш үздік оқушысы Омбы қаласына жолдама алды. Оның біреуі гимназияға, екіншісі фельдшерлік мектепке, ал үшіншісі ветеринарлық мектепке оқуға түсті. 
Ақмола облысында қазақ балалары білім алған келесі оқу орны - Омбы техникалық училищесі еді. Училищеде оқушылар кәсіптік–техникалық білім алған. Омбы техникалық училищесінде оқыған қазақ жастары саусақ санарлықтай ғана болғандығы. Тағы да бір мәселе ол қаржыландыру мәселесі болатын. Оқушылар жылына білім алу үшін 200 сом ақы төлеп тұрулары керек еді. Ал училищеде оқыған қазақ балаларының көбісі степенедия арқылы білім алған. Омбы техникалық училищеде оқу мерзімі 4 жыл болды. 1-ші класқа 1872 жылғы ереже бойынша уездік немесе қалалық училищенің толық бағдарламасын аяқтап келген оқушылар қабылданды. Училищеде Закон Божии, орыс тілі, геометрия, физика, технология, геометриялық сызу, алгебра, тригонометрия және тағы басқа сабақтар жүргізілді.
Омбы техникалық училищесінің қабырғасынан көптеген қазақ жастары, яғни болашақтағы қазақ зиялылары білім алған. Мысалы, Әлихан Бөкейханов (Қарқаралы уезінен), Жүсіп Сатыбалдин (Ақмола уезінен), Мәмбетәлі Сердалин (Көкшетау уезінен), Нұртай Нұрышов (Семей уезінен), Ілияс Итжанов (Ақмола уезінен) тағы басқалары осы училищеде оқығандығы туралы мұрағат деректерінен кездестіруге болады. Омбы техникалық училищесінде 12 қазақ баласы оқыған болатын.
Сонымен қатар қазақтарға ресейлік гимназияларда оқып білім алуға рұқсат етілді. Гимназия - орта білім беретін оқу орны. Гимназиялар тек қана қалаларда орналасқан және халық арасында элиталық мектеп болып есептелген. Сол кезде қазақтардың көпшілігі қалалардан шалғай тұратын ауылдық немесе аралас селолық жерлерде тұрған. Қазақстан толығымен Ресей империясының құрамына енген соң, патша өкіметі жергілікті тұрғындар арасынан білімді чиновниктер қажет еді. Міне, мұндай чиновниктерді дайындау мақсатында қазақтарға зайырлы білім алудың артықшылығын көрсетпек болды. Бірақ гимназия мемлекеттік оқу орны болғанымен оқу ақысы жоғары болды. Гимназияларға ауқатты адамдар ғана балаларын бере алатын болды. Немесе қазақтарға степендия төлеу арқылы олардың білім алуларына көмек көрсетті.
Ақмола және Семей облысының қазақтары Омбы гимназиясында оқып білім алған. Гимназиялық білімнің мәртебесі болашақта қазақтарға Ресейдің жоғарғы оқу орындарына түсуге жолдама ретінде болған.
Гимназияда білім алу 4-6-8 жыл болды. Ал орыс тілін нашар білетін қазақтар үшін дайындық класымен 9 жылға дейін созылды. Оқу бағдарламасы бойынша гимназияда құдай заңы (Закон Божии) орыс тілі, арифметика, таза жазу, география, алгебра, геометрия, физика, тарих, педагогика, латын тілі, грек тілі, неміс тілі, француз тілі, логика, гимнастика пәндері жүргізілген. Әсіресе, гимназияда гуманитарлық пәндерді оқытуға баса назар аударылған болатын. Неміс тілі мен француз тілі әр кімнің өз таңдауы бойынша оқылды. Бірақ, 1887 жылы 11 сәуірден бастап патша жарлығы бойынша Омбы гимназиясында оқитын қазақтар грек тілін оқудан босатылды. Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына грек тілі кіргендіктен, қазақ балалары бұл пәнді оқуларын тоқтатқан емес. Гимназияда білім алу тек қана орыс тілінде жүргізілді.
Омбы және Орынбор гимназиясында көптеген қазақ жастары оқып, білім алып шыққан. Олардың қатарында А.Тұрлыбаев, А.Теміров, Б.Х.Ниязов, Б.Қаратаев, Ж.Ақпаев, А.Сейдалин, И.Валиханов, М.Шоқай тағы басқалары болған. Болашақта бұл азаматтар Ресей қалаларының жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдағаны бәріне мәлім. Осы және басқа да гимназистер қазақ студенттігінің қалыптасуының негізі болған деп айтуға болады. Солардың бірі - Көкше өңірінен шыққан Айдархан Тұрлыбаев Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Гимназиялық диплом -білім сапасын көрсететін құжат болғандықтан, қазақ балалары сабақтарын жақсы оқуға тырысқан.
Бұлардан басқа Қазақстан территориясында шіркеу–приход мектептері де құрылды. Мысалы, 1886 жылы Ақмола облысында 7 приходтік мектеп болып, онда 588 оқушы оқыды. Бұл мектептер миссионерлік мақсатта жұмыс істеді.
1898 жылдың 1-ші қаңтарында Ақмола облысында «3 қалалық училище (735 оқушысымен) – Петропавлдық бес кластық, Ақмола мен Көкшетаулық үш кластық; Омбыдағы 1 уездік училище, 12 приходтік училище (1 464 оқушысымен), сонымен бірге, Ақмола ер балалар, Ақмола қыз балалар, Атбасар, Петропавл және Көкшетаудағы училищелер, 1 бастауыш халық ағарту училищесі 83 оқушысымен, 3 жеке мектеп, 2 кешкі мектеп 97 оқушысымен, 1872 жылы ашылған Омбы мұғалімдер даярлайтын семинариясы, бірнеше қазақ интернаттары мен ауыл шаруашылық мектептер, әскери училищелер болған». Петропавлдық үш кластық училище 1882 жылы Петропавл Қалалық думасының өтініші бойынша бес кластық болып қайта құрылды.
Жалпы, 1898 жылы Ақмола облысында тек қана 160 орта білім беретін оқу орны болған (соның 22-сі Халық-ағарту министрлігінің қарауында), бұлар да 7 381 оқушы, олардың ішінде 2 282 оқушы Халық ағарту министрлігінің мектептерінде оқыған. 75 мың тұрғынға 28 қалалық мектеп, ал 603 888 тұрғынға 132 ауылдық мектептерден келген. Жалпы облыста 678 957 адам болса, 1 мектепте 243 адам оқыған, яғни 99 тұрғынның 1 ғана оқыған, ол халықтың 1 пайызын ғана құрайды. Егер де облыста 61 106 мектеп жасындағы балалар болса, олардың тек қана 12 пайызы мектептерде білім алған.
Ал 54 047 бала ( 88 пайыз) оқымаса, олардың 27 434 қыз бала немесе 94 пайызы мектепке бармаған еді.
Қазақстандағы білім беру жүйесі ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған хал-ахуалмен тығыз байланыста болды. Патша үкіметі 1906 жылы бұратаналарға арналған «Халыққа білім беруді дамыту» туралы заң қабылданды. Жаңа заң бойынша Қазақстан территориясында орыс-қазақ мектептерін көбейту көзделді. Сонымен қатар Қазақстанда әр алуан үлгідегі мектептер құрыла бастады. Мәселен, Ақмола обысында мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелер құрылды. Осыған байланысты Қазақстандағы оқу ағарту жүйесінің басты мақсаттары мен міндеттерін А.Алекторов: «Қазақ даласындағы мектеп өзінің білім беру міндеттерімен қоса саяси рөл атқарды: ол қазақ халқын байырғы орыс халқымен байланыстырып, қазақтарға мемлекеттік тілді сіңіреді. Ол орыс халқының ғұрыптары мен және көзқарастарын таныстырып, қазақтарды баяу болса да жүйелі түрде орыстардың аясына енгізеді, бұл орайда мұсылмандық ерекшелік негіздеріне қарама-қарсы тұрып қазақтарға Бұхардан және ислам діні гүлденген басқа да жерлерден келгендер сіңірген мұсылмандық фанатизімді әлсіретеді» - деп көрсетті.
Ақжайлау мен Сандықтас
"Ақжайлау мен Сандықтас" атты өлеңінде де туып-өскен өңірін "атамның қонған қонысы" деп тебірене, оның келісті көріністерін перзенттік, тіпті сәбилік сүйіспеншілікпен елжірей суреттейді. Жерге қатысты ешкім айтпаған "қызғаныш" сөзін қолданып, ата қонысын:
Атам қонған кең далам,
Мендей сені қызғанар
Бауырыңда өскен қай балаң? –деп суреттеледі.
Шығарма толық 1 шумақтан 50 тармақтан тұрады
Шығармада риторикалық сұрау және теңеу мен эпитетер келтірілген
Мұнар күн

Шығарма жанрының түрі: поэзия


Өлеңнің тақырыбы: ел қамын жеген ер бейнесі
Идеясы: Исатай өлгеннен кейін жабырқау көңілмен жазған өлеңі еді.
Шумақ саны: 1
Тармақ саны: 38
Бунақ саны: 3
Буын саны: 8
Ұйқас түрі: Аралас ұйқас
Өлеңде кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар:
Теңеу – Құба арлан Жаңбырдай Бұландай Судай Зымырандай
Дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл
Аллитерация - Мұнар да мұнар, мұнар күн ,
Бұлттан шыққан шұбар күн. 
Буыршын мұзға тайған күн. 
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып жүрген мырзадан,
Бұрынғы дәулет тайған күн
Ассонанс Он сан байтақ бүлген күн
Ортақ белін сырланған
Оқ жаңбырдай жауған күн.
Оң қанатын теріс жайып
Эпитет –«Бұрынғы бақыт тайған күн», «Буыршын мұзға тайған күн», «Мұнар күн», «Шұбар күн» Алма мойын ару Құба арлан т.б
Үш қиян
Мұрат ақын орыстың озбырлығын өте ерте кезден бастайды. Батыс өлкесін ақын «Үш қиян» деп атаған.
Еділдің бойы – қанды қиян,
Жайықтың бойы шаңды қиян,
Маңғыстаудың бойы – майлы қиян,
Адыра қалғыр, үш қиян!
Үш қиянның ара бойынан
Жеті жұрт көшіп жол салған.
Ақын Ресей патшалығының отаршылдығы үздіксіз жүргізілгені және жеріміз¬ге шеттен бастап кіріп, ішімізді жай¬лай бергені өте өрнекті тілмен бейнелі көрсетіледі.
Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны, – деген жолдарда бір озбырдың екінші адамға жасаған зорлығындай сурет адам көз алдына келеді.
Жаппай талап, топан, таптай келген «аузы түкті» жұрт өзінің әдет-ғұрпын, сұмпайы мінез-құлықтарын қазақ халқына енгізе бастағанын, халқымыздың бұрынғы өте әдепті, әділ ғұрпымызды лайлап, бүлдіргенін де бейнелі көрсетті.
Дастанның соңында сұмпайы за¬манның бейнесін өте дәл береді. Ақын өзге жұрттың әдепсіз ғұрпы бірден-бірге дендеп еніп, қазақты бүлдіріп жатқанын айтып, зорлықпен келген заманға жиіркене қарайды және болашақтан түңіледі:
Мен қауіп еткеннен айтамын,
Ақ борықтай иілген
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін.
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін.
«Үш қиян» дастаны – Мұрат ақынның жүрегін жарып шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол – ақын тілімен айтқан халық үні, халық мұңы болды.
Бұл шығармада қайталау түрлері эпифора кеңінен кездеседі. Теңеу , эпитет де осы шығармадан кең көрініс тапқан!
Жалпы жыр ұйқасы аралас ұйқас, толық 1 шумақта болып келеді
Зар заман талдау
Жанры: толғау
Идеясы : замана шындығын суреттеу
Шумақ: 3
Тармақ саны: 200 ден аса
Келтірілетін көркемдегіш құралдар: риторикалық сұрау, эпитет, метафора мен теңеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет