Деканы; э.ғ. к; Жангуттина Г. О



бет5/9
Дата19.10.2019
өлшемі223,78 Kb.
#50274
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
УМКД ӘМҚК-логистиика (1)


Сұрақтар:

1. Қазақстандағы жолдар байланысы

2. Көлік салаларының негізгі көрсеткіштері

3. Көліктік қызмет көрсеу орталықтары



Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

Негізігі:

Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.

Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.

Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.

Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.

Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.

Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.
13- тақырып: Қазақстандағы жолдар байланысы.

Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету

Сұрақтар:

1. Қазақстандағы жолдар байланысы

2. Көлік салаларының негізгі көрсеткіштері

3. Көліктік қызмет көрсеу орталықтары.

Қазақстан Республикасының транспорты – бұл оның территориясында тіркелген жеміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электендірілген және де ел территориясындағы магистралдық құбыр транспорттары.

Қазақстан Республикасының Статистика Агентігінің мәліметіне сәйкес 2007ж. теміржол транспортының үлесі барлық транспорт түрлерінің жүкайналымының 57,4%, жолаушылар тасымалының 11,9% құраған.

Қазақстандағы теміржолдардың жалпы ұзындығы 15,1мың км. оның ішінде екіжолдық линия 5,3 мың км. көбі, электр жүйесімен линиялар 3,7мың км.

Құрлық жол байланысының негізгі үлесі автомобил және теміржолға тиесілі (сәйкесінше 91,6 және 15,1 мың км). Қолданыстағы су жолдары ұзындығы 61 мың км., құбырлар – 16,8 мың км.

Қазақстан Республикасының темір жол саласының негізгі көрсеткіштері мәліметтерге сүйене бүгінгі ақуалға талдау жасауға негіз бар.

Транспорт желілерінің 1000 шары км территорияға тығыздығы 40,8 км. Теміржол тығыздығы – 5,5 км, қатты төсеммен автомобил жолдары – 30,7 км, ішкі су жолдары – 1,5 км. Дамыған елдермен салыстырсақ, транспорт желілер тығыздығының орташа көрсеткіші 500-600 км, дамушы елдерде 50-100 км 1000 шаршы км территорияға.

2007 жылы теміржолмен көрсетілген қызмет көлемі 458,8 млрд. теңге құрады.

Теміржол транспортының табысының негізгі көлемі жүк тасымалынан қалыптасады.

Теміржол транспортының дамуын тежеуші мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:

Негізгі бағыттар бойынша жүк және жолаушылар тасымалдаушы теміржолдардың қашықтығын қысқартатын жолдардың болмауы

Жол қозғалысының жылдамдығын арттыруға қазіргі жолдардың сапасының төмендігі

Локоматив, жүк және жолаушылар вагоны паркінің құрамының ескіру деңгейінің жоғарылығы.

Жүк тасымалын аңдып отыратын электрондық жүйенің әлсіздігі немесе жоқтығы

Теміржол инфрақұрылымының халықаралық стандарттарға сай болмауы

Келтірілген таблицадан көргеніміздей, 2005 жылға дейін теміржол транспортында саны азайып отырған. Тек 2006 жылдан тепловоздар, электрооздар және вагондар (жүк және жолаушылар) көбейе бастады.

Автомобил транспорты жағдайы мүлдем басқаша, автомобиль транспорты саны (жүк және жеңіл машиналар, автобустар) тұрақты көбейе бастады. Бұл қазақстан экономикасындағы оның маңызды ролін аңғартады.

2001 жылдан бастап 2006 жылғы кезеңде Үкімет саланы қайта құрылымдаудың екі бағдарламасын қабылдады және іске асырды. Бағдарламалар шеңберінде бейінді емес активтер "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ құрамынан шығарылды, жөндеу және қамтамасыз ету қызметі кәсіпорындары бәсекелестік ортаға шығарылды . 2007 жылы жолаушы тасымалдау нарығында жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды 7 компания жүзеге асырды, конкурстың қорытындысы бойынша 2008 жылы тасымалдауды 12 компания жүзеге асыруда. Өспелі қорытынды бойынша жолаушы вагондарының тапшылығы 2008 жылы - 315 бірлікті, 2009 жылы - 489, 2010 жылы - 608 бірлікті, 2011 жылы - 720 бірлікті, 2012 жылы - 807 бірлікті құрайды.

Автомобил транспорты мен 2007 жылы 1667,3 млн.т.және 7747,9 млн. адам тасымалданған. Автомобил транспортының қызметі 783,9 млрд. теңгеге бағаланды.

Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда, жүргізген жұмыс бойынша Нормативтік құқықтық актілер(НҚА) мен стандарттарға келесідей талдау жасауға болады.

Транспорт саласын экономиклық цикл бойынша бес этапқа бөлінеді.

Бұл саладағы басты реттеуші заң ретінде халықаралық келісімдер мен конвенциялар одан кейін ҚР Үкіметінің өкімдерімен іске асуда.

Саланың даму тенденциясы өте қарқынды, бұған келесідей себептер айтуға болады: елдің ДСҰ(Дүниежүзілік Сауда Ұйымы) енуі, халықаралық стандарттарға ұмтылу, ішкі рынок сұранысының артуы және т.б.

Транспорт саласында істеп жатқан субъектілердің ұйымдық құқықтық нысандары бойынша мәліметтер (Кесте 10).

Қазіргі таңда транспорттық қызмет көрсету саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен олардың ұйымдық құқықтық нысаны жыл сайын өзгеруде. Мемлекеттік кәсіпорындар саны тұрақты қысқаруда, шағын кәсіпорындардың саны жылданжылға өсу үстінде.


Кесте 10 - Заңды тұлғалардың ұйымдық - құқықтық нысаны бойынша





Барлығы, бірлік


Оның ішінде







Мемлекеттік кәсіпорындар

Шаруа

шылық серіктес

тіктер

акционерлік қоғамдар

өндірістік коопера

тивтер

Басқа

лар

1

2

3

4

5

6

7

2009 ж.



















Транспорт және байланыс

6566

78

5679

354

120

335

Шағын

6116

44

5427

200

116

329

Орта

359

26

215

109

4

5

Ірі

91

8

37

45




1

2010 ж.



















Транспорт және байланыс

7378

66

6532

286

114

380

Шағын

6921

39

6231

164

112

375

Орта

367

18

264

79

2

4

Кесте10(жалғасы)

Ірі

90

9

37

43




1

2011 ж.



















Транспорт және байланыс

7547

52

6748

228

97

422

Шағын

7070

30

6406

124

95

415

Орта

389

14

306

60

2

7

Ірі

88

8

36

44






Кестеден көргеніміздей, транспорт және байланыс саласындағы кәсіпорындар саны өсіп келеді. 2009ж. шаруашылық серіктестіктердің жалпы саны 90,7% құрап отыр. Кәсіпорындар құрылымы бойынша 2009ж. шағын кәсіпорындар құрамында 50 адамға дейінгі 93,7%, орта 5,1%, шағын 1,2% құрады.

Қазақстан территориясы бойынша жалпы қолданысқа 91,6 мың км. автомобил жолдары келсе, оның 83,7мың км. қатты төсеніш жолдары. Шетел көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, келесі кестеден көреміз(Кесте 11).

Кесте 11 - Дүниежүзіндегі елдердегі автомобил жолдарының тығыздылығы




Елдер

Жалпы аудан шаршы. км

Автожол ұзындығы км

Жалпы ауданның 1000 шаршы км. автожол тығыздығы

1

2

3

4

Қазақстан

2 717 300

83 700

30,8

Ресей

17 075 200

879 100

51,5

Германия

356 954

220 793

618,5

Польша

312 683

352 802

1128,3

Франция

551 000

1 551 400

2815,6

АҚШ

9 363 200

6 365 590

679,9

Индонезия

1 919 443

119 500

62,3

Түркия

779 452

49 615

63,7

Қытай

9 560 000

1 300 000

136,0

Өз мәніне қарай жолдар республикалық және жергілікті болып екіге бөлінеді. Оның ішінде республикалық маңызды жолдар үлесі 26,1% жергілікті 73,1% құрайды. Қазақстандағы автожолдардың 88% 3 және 4 санаттағы жолдар қатарына жатады.(Кесте12) Осы себепті өткізу қабілеті де төмен болып келеді.



Кесте 12 - Санат бойынша автомобил жолдардың негізгі сипаттамалары



Жол санаты

Әкімшілік маңызыдылығы

Есептік жиілігі (жеңіл автомобил транспорты күніне)

Есептік қозғалыс жылдам

дығы

Қозғалыс полосасының саны

Өтпелі бөлііктің ені




1

2

3

4

5

I

Мемлекеттік маңыздылығы бар магистралдық жолдар

14000 жоғары

120 ден 150

4-8

2х7,5-2х15

II

Облыстық маңыздылығы бар магистралдық жолдар

6000 нан 14000 дейін

120

2

7,5

III

Жергілікті мағыздылығы бар автомобил жолдары

2000 нан 6000 дейін

100

2

7

IV

Жергілікті мағыздылығы бар автомобил жолдары

200 ден 2000 дейін

80

2

6

V

Жергілікті мағыздылығы бар автомобил жолдары

200 дейін

60

1

4,5

Дүниежүзілік Банк эксперттерінің мәліметтеріне қарай соңғы 20 жылда дамушы елдер (85 ел) 45млрд долларды инфрақұрылым жағдайының төмен болу себебімен жоғалтты. Мысалы, жылына жолды жөндеуге жұмсалмаған 1 доллар ( трафик 500 машина күніне) жүргізуші үшін 3,4- 6,1$ жоғалтады.

Автомобил транспортының дамуын тежеуші мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:

1 және 2 санаттағы жаңа жолдардың жетіспеушілігі (бір бағытта екі полоса) халықаралық транзиттің дамуын тежейді

Автомобилдердің Халықаралық экология стандарттарына сай келмеуі

Жол бойында инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасының жоқтығы немесе әлсіздігі

Жүкті тасымалдау барысындағы әкімшілік тәуекелдердің жоғарылығы

Қазақстандағы негізгі жолдар кеңес үкіметінің саясатымен салынғандықтан қазір көптеген байланыстар ең тиімді деп айта алмаймыз, оған да себеп еңбек нарығының негізгі экономикалық кеңістіктердің өзгеруінен. Қазақстанда бүгін 2 мың ауылдық пунктілерде жыл бойы көрсетілетін транспорттық байланыс жоқ. Халықты байланыспен қамту деңгейі бүгін 69% ды құрайды.

Қазақстанда транспорттық логистикалық кешендерді қалыптастыру

Кез келген экономиканың бәсекелестік деңгейінің жоғары болмауы оның біріңғай транспорттық жүйесінің болмауы, ел экономикасының сұранысы болса екінші жағынан интеграциялық процестердің жүруі. Қазақстан өзінің географиялық орналасу тұрғысынан транспорттық әлеуетін толық қолдануы және мықты транспорттық логистикалық жүйесін құруы қажет.

Қазақстанның аумағы бойынша республикадағы қазіргі көлік инфрақұрылымының негізінде құрылған халықаралық төрт көлік дәлізі өтеді[51]:

Трансазиялық темір жол магистралінің (ТАТМ) солтүстік дәлізі: Батыс Еуропа –– Ресей мен Қазақстан (Достық – Ақтоғай – Саяқ - Мойынты – Астана – Петропавл (Пресногор) учаскесінде) арқылы Қытай, Корей түбегі және Жапония.

ТАТМ оңтүстік дәлізі: Оңтүстік Шығыс Еуропа – Түркия, Иран, Орталық Азия елдері мен Қазақстан (Достық – Ақтоғай – Алматы – Шу – Арыс - Сарыағаш учаскесінде) арқылы Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия.

ТРАСЕКА: Шығыс Еуропа – Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық – Алматы - Ақтау учаскесінде) арқылы Орталық Азия.

Солтүстік – Оңтүстік: Солтүстік Еуропа – Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағының елдері, Ақтау теңіз порты - Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау -Атырау учаскелерінде Қазақстанның қатысуымен.

Негізгі трансконтиненталдық бағдарларды құрауға енетін бағыттармен қатар Сарыағаш – Арыс – Қандыағаш - Озинки бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымал үшін аса маңызға ие ТАТМ Орталық дәлізін атаған жөн.

Дәліздер Шығыс-Батыс қатынасындағы қашықтықты және жүктерді жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Транспорт стратегиясына сәйкес 2015 жылға қарай мұндай 20 құрылыс бой көтеру жоспарлануда.

Таяу уақытта Хоргос, Достык шекараларында транспорттық логистикалық орталықтар салыну басталады.

Трансконтинентальдық тасымалдарды жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасыныңтранзиттік әлеуетін дамыту көбіне республика аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін және олардыңтармақтарын дамытумен байланысты:


      1. ТРАСЕКА дәліздері: Достық - Ақтау, Ақтау - Достық (ұзақтығы - 3836 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі — 19 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 1282832 тонна тасымалданды; 2008 жылы 1411115,2 тонна тасымалдау жоспарлануда).

2. Оазис: Ақсарай, Ақсарай - Оазис (ұзақтығы - 832 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 4 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 824430 тонна тасымалданды; 2008 жылы 906873 тонна тасымалдау жоспарлануда).


      3. Ортаазиялық дәліз: Сарыағаш - Озинки, Озинки - Сарыағаш (ұзақтығы - 2147 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 11 тәулік;
      2007 жылғы 12 айда 808867 тонна тасымалданды; 2008 жылы 889754 тонна тасымалдау жоспарлануда).

4. Трансазиялық дәліз (солтүстік бағыт): Достық - Петропавл, Петропавл - Достық (ұзақтығы - 1910 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 10 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 111294 тонна тасымалданды; 2008 жылы 122294 тонна тасымалдау жоспарлануда).

5. Трансазиялық дәліз (орталық бағыт): Достық - Сарыағаш, Сарыағаш — Достық (ұзақтығы - 1831 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 9 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 1143222 тонна тасымалданды; 2008 жылы 1257544 тонна тасымалдау жоспарлануда).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет