Дәлелдерге негізделген Медицина


Миокард инфарктысын өткізген науқасты қалай емдеу керек?



бет3/3
Дата30.11.2022
өлшемі25,03 Kb.
#160623
1   2   3
Байланысты:
ДМ 1

Миокард инфарктысын өткізген науқасты қалай емдеу керек?


Клиникалық сұраққа қойылатын талап

  • Жағдайды анық айыру (айқындау)

  • Көмек шаралар жобалары (басқамен салыстыру – бақылау шарасы - «плацебо» немесе белгілі, кеңінен тараған, күнделікті қолданудағы шара)

  • Біз болжап отырған немесе межелеген нәтиже, ақыры



Сұрақты құрастыру мысалы – 1 жобасы


Миокард инфарктысын өткізген барлық науқастарға
АПФ ингибиторларын тағайындау қажет пе?


PIСO (ПКСА)
P - Миокард инфарктысын өткізген науқастар
I - АПФ ингибиторларын миокард инфарктысынан кейінгі кезеңде тағайындау
С- Салыстырмалы тобы жоқ. Осы іс-әрекеттің тиімділігі
қалай бағаланады?
O- Іс-әрекет қандай мақсатпен жасалады?


Cұрақ құрастырудағы кемшіліктері:

  • Осы іс-әрекетті бағалайтын анықтаушылар жоқ

  • Көрсетілетін көмектің мақсаты қойылмаған



Сұрақ құрастырудың мысалы – 2 жобасы


Миокард инфарктіні өткізген науқастарға сол қарынша қызметі
сақталған жағдайда АПФ ингибиторларын тағайындау өлім
қаупы мен МИ қайталау жиілігін төмендете ме?

PIСO (ПКСА)
P - Миокард инфарктіні өткізген науқастар, бірақ сол қарынша қызметі сақталған
I - АПФ ингибиторларын инфарктан кейінгі кезеңде тағайындау
С - салыстырмалы топ – кәдімгі АПФ ингибиторлары қолданылмайтын ем тағайындалған науқастар
O - өлім қаупы және МИ қайталау жиілігі көрсеткіштері


2 құрастырылған сұрақтың жетістігі

  • Сұрақ анық және науқастар тобы айқындалған

  • Көмек түрі таңдалған

  • Бағалау нысаналары мен салыстырмалы тобы анық

  • Осы іс-әрекетті қолдану арқылы алынатын нақты мақсат қойылған




Мәліметтер іздестіру үшін алдын-ала қандай жағдайларды білу қажет?

  • Пациент.Популяция, Жағдай

  • Іс-әрекет (көмек, шара), Болжама жағдай

  • Салыстыру (бақылау)

  • Өлшенетін ақыры(нәтиже)

  • Клиникалық сұрақтың түрі

  • Біз пайданалатын клиникалық сынақтың (зерттеулердің) түрі



Клиникалық сұрақтар түрі


1.Ем - емдік іс-әрекеттердің тиімділігін бағалау. Клиникалық ақыры-науқастың жағдайының жақсаруы немесе асқынулар даму қаупының төмендеуі.
2.Қауыптілігін бағалау – науқастың хәліне әсер ететін қолайсыз жағ- дайлардын болуын бағалау, сырқаттанушылық және өлім.
3.Диагностика - әр түрлі диагностикалық әдістердің мәліметтілігін бағалау.
4.Болжау - дерттің келешек ағымын бағалау


Сапалықтың көрсеткіштері – клиникалық сынақтар
сапалығының түпнұсқасы (стандарттары)


Клиникалық сұрақтар түріне сәйкес зерттеу түрлері таңдалады
Ем тиімділігі - Екі жақты жасырынды рандомизациялық бақылаулы
клиникалық сынақтар
Дерттің болжамы - Ұзақ уақыт қорытындысы бақыланатын проспективті когорттық зерттеу

Диагностикалық
әдістің тиімділігі - Жеке жасырынды түрде басқа әдіспен салыстыру, кейіннен басқа науқастар тобында қайта тексеру немесе сынау
Этиологиясы / қатерлі әсері - Нәтижесі нақты бағаланған «когорттық» немесе «дамыған жағдай – бақылау тобы» сынақтар түрі


Бұл клиникалық зерттеулер сапалығы анықтаушыларының «алтын түпнұсқасы (стандарттары)»!!!


Дәйектемелерді іздеп табу

  • Алдымен басылым шығармаларын қарау

  • Қорытындылар (Evidence Reports, Cochrane ревю, ACP Journal Club- дәйектемелер есептері)

  • Электрондық қор

- электрондық журналдар
- СD-ROM и интернет
- Medline
- Health Star
- Регистр контролируемых исследований Cochrane

Арнайы зерттеулер қоры



  • Журналдар, конференциялар мәліметтері (басылымдар), кітаптар

  • Мәліметтердің электрондық қоры

  • Библиографиялық мәліметтер

  • Зерттеулердің тіркелген тізімдері

  • Күнделікті басылымдар

  • Басылымға шыққа мәліметтер

-фарм.компаниялардың және өідіріс фирмалардың
-медициналық әдебиеттің

  • Қызметтестер және зерттеушілермен жеке қарым-қатынас



Анықталған дәйектемелерді баға беру (сараптау)



  • Бақылау (салыстырмалы) тобы бар ма?

  • Рандомизация сапасы

  • Пациенттер саны

  • Пациенттер мен клиницистер жасырын түрде анықталды

  • Алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу (өлшеу, санау) нақты және толық жүргізілді

ДМ дірігерге мына сұрақтардан бас тартуын талап етеді: Бұл не?Бұл қалай түсіндіріледі? Бұл неге бұлай болады? – бұл «бастапқы» сұрақтар – этиология, патогенез. Бұл сұрақтарға жауап қызық болуы мүмкін, бірақ бұл сұрақтар белгілі бір науқасқа көмек көрсету үрдісіне қатыстығы аз.
ДМ дұрыс сұраққа бағыт береді – не жасау қажет? Туралап айтқанда: А атты көмек В атты жағдайға С атты нәтижеге жету үшін тиімді ме?–яғни, тәжірибеде қалай жасалу керек? деген сұраққа жауап береді – аста-рында нақты бір дерті бар науқасқа көмек көрсетудегі арнайы білімділікті талап етеді және оның 4 құрастырушысы бар - PIСO (ПКСА).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет