Delphi — визуалды программалау жүйесі


Сабақ тақырыбы: Edit басқару элементі



бет4/7
Дата27.11.2019
өлшемі0,65 Mb.
#52548
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
konspekt Delphi


Сабақ тақырыбы: Edit басқару элементі
Сабақ мақсаты: Edit басқару элементінің қасиеттерін және әдістерін программалау.

Теориялық бөлім:

Tedit бір қатардан тұратын тексті өңдеуге арналған редактор. Оның көмегімен мәтіндерді енгізу, шығаруды ұйымдастыруға болады. Көп қолданылатын қасиеті: TEXT.

Компонент қасиеттері:



property AutoSize: Boolean;

 


Егер True болса және BorderStyle=bsSingle, онда шрифт көлемін өзгерткен кезде компонент биіктігі автоматты түрде өзгереді.

TBorderStyle =

bsNone..bsSingle;

property BorderStyle: TBorderStyle;


Қоршау стилін көрсетеді:

bsNone –қоршау жоқ; bsSingle - компонент

бір сызықпен қоршалады.


TEditCharCase = (ecNormal,

ecUpperCase, ecLowerCase) ;



Әріп биіктігін өзгерту : ecNormal - өзгеріс жоқ; ecUpper Case –бас әріптер; ecLowerCase – жай әріптер.

property MaxLength: Integers;

Текстің макисмал ұзындығын анықтау.

property Modified: Boolean;

True, егер текст өзгеріске ұшыраса

property OnChange: TNotifyEvent;

Текст өзгеріске ұшырағандағы қасиет

property PasswordChar: Char; 

Тексті енгізген кезде пайда болатын символ (*)

property Readonly: Boolean;

True болса тексті өзгерте алмайсыз

property SelLength: Integers;

Айрықшаланған текст ұзындығы

property SelText: Strings-

Айрықшаланған текст

property Text: String;

Барлық текст

Компонент әдістері:

 procedure Сlears;

Барлық тексті өшіру

procedure ClearSelection;

Айрықшаланған тексті өшіру.

procedure CopyToClipboard;

Айрықшаланған тексті буферге көшіру.

procedure CutToClipboard;

Айрықшаланған тексті буферге қиып алу

procedure PasteFromClipboard;

Буферден шығару

procedure SelectAll;

Бүкіл тексті айрықшаландыру

procedure Undo;

Фокус алғанға дейінгі текстегі өзгерістен бас тарту.

Практикалық жұмыс


Теорияда көрсетілген қасиеттер мен әдістерді қолданып төмендегідей программа құр.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin


edit1.Visible:=false;

end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

begin

edit1.Visible:=true;



end;
procedure TForm1.Button3Click(Sender: TObject);

begin


edit1.enabled:=false;

end;



procedure TForm1.Button4Click(Sender: TObject);

begin


edit1.enabled:=true;

end;
procedure TForm1.Button5Click(Sender: TObject);

begin

edit1.CharCase:= ecUpperCase;



end;
procedure TForm1.Button6Click(Sender: TObject);

begin


edit1.CharCase:= ecNormal;

end;
procedure TForm1.Button7Click(Sender: TObject);

begin

edit1.PasswordChar:='*';



end;
procedure TForm1.Button8Click(Sender: TObject);

begin


edit1.PasswordChar:=#0;

end;
procedure TForm1.Button9Click(Sender: TObject);

begin

Fd1.Execute;



edit1.Font:=Fd1.Font;

end;
procedure TForm1.Button10Click(Sender: TObject);

begin

Edit1.Undo;



end;
procedure TForm1.Button11Click(Sender: TObject);

begin


edit1.Clear;

end;
procedure TForm1.Button12Click(Sender: TObject);

begin

edit2.Text:=edit1.SelText;



end;
procedure TForm1.Edit1Change(Sender: TObject);

begin


edit2.Text:=edit1.Text;

end;
procedure TForm1.Button13Click(Sender: TObject);

begin

edit1.CopyToClipboard;



end;
procedure TForm1.Button14Click(Sender: TObject);

begin


edit2.PasteFromClipboard;

end;



Сабақ тақырыбы: Мәліметтерді енгізу, шығаруды ұйымдастыру.

Мәтінді санға, санды мәтінге айналдыру функцияларын қолданып есептер шығару.


Сабақ түрі : практикалық
Сабақ мақсаты: Тексті санға, санды текстке айналдыру процедура мен функцияларын қолданып есептер шығаруды үйрету.
Бүтін сандар типтері

Аталуы

Байт саны

Диапазоны

Cardinal

4

0. .. 2 147 483 647

Byte

1

0...255

Shortint

1

-128...+127

Smallint

2

-32 768...+32 767

Word

2

0...65 535

Integer

4

-2 147 483 648...+2 147 483 647

Longint

4

-2 147 483 648...+2 147 483 647

Int64

8

-9*10 18 . ..+9*10 18

LongWord

4

0. . .4 294 967 295

Нақты сандар типтері



Байт саны

Аталуы

Цифрлар саны

Диапазоны

8

4

8

10

8

8

Real

Single


Double

Extended

Comp

Currency



15…16

7…8


15…16

19…20


19…20

19…20


5.0*10e-324…1.7*10e308

1.5*10e-45…3.4*10e38

5.0*10e324…1.7*10e308

3.4*10-4951…1.1*10e4932

-2e63…+2e63-1

+/-922 337 203 685477,5807


Тексті санға айналдыру функциялары




Function StrToFloat(St:String): Extended

St жолын (символдар тізбегін) нақты санға айналдыру.

Function StrToInt(St:String): Integer;

St жолын (символдар тізбегін) бүтін санға айналдыру.

Санды текстке айналдыру функциялары



Function FloatToStr(Х: Extended): String;

Х нақты санын жолға (символдар тізбегін) айналдыру.

Function IntToStr(Х: Integer) : String;

Х бүтін санын жолға (символдар тізбегін) айналдыру.




  1. Мысал. Пернетақтадан енгізілген екі санның үлкенін анықтайтын программа құр.







Қасиеттері

компонент

Name

Caption

text

color

Label

Label1

1 сан







Label

Label2

2 сан







Label

Label3

2 санның үлкені







Label

Label4







clGradientActiveCaption

Edit

Edit1










Edit

Edit2










Button

Button1

Ок







Button

Button1

Тазалау







procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

var x,y,z : real;

begin


x:=strToFloat(edit1.Text);

y:=strtofloat(edit2.text);

if x>y then z:=x else z:=y;

label4.Caption:=floattostr(z);

end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

begin


edit1.Text:='';

edit2.Text:='';

edit3.Text:='';

end;
Тапсырмалар



Тармақталған алгоритмдерді программалау



  1. Енгізілген нүктенің Х, Ү кординаталары бойынша қай ширекте жататынын анықтайтын программа құр.

  2. Пернетақтадан енгізілген x , y координатасы бойынша

нүктенің штрихталған облыста жататындығын немесе

жатпайтындығын анықтайтын бағдарлама құр.



  1. Квадрат теңдеуді шешу бағдарламасын құр. А. В, С коэфиценттері пернетақтадан енгізіледі.

  2. Пернетақтадан енгізілген үшбұрыштың үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың қандай екенін анықтайтын бағдарлама құр. (Тең бүйірлі, тең қабырғалы, тік бұрышты)

  3. Асан інісінен мектепке барарда үйден 3 минут кеш шықты. Мектеп дейінгі ара қашықтық S метр. Асанның жылдамдығы V1 м/мин, ал інісінікі V2 м/мин. Асан мектепке жетпей тұрып інісін қуып жете ала ма?

Циклдік алгоритмдерді программалау




  1. Цифрларының квадраттарының қосындысы N –ға қалдықсыз бөлінетін барлық екі таңбалы сандардың қосындысын анықта. .

  2. Цифрларының қосындысы N –ға тең қалдықсыз бөлінетін барлық үш таңбалы сандар санын анықта.

  3. Ойлаған санды табу ойынын құрастыр. Компьютер 1-ден N –ға дейінгі аралықта сан ойлайды. (кездейсоқ сандарды генерациялау арқылы) Қолданушы берген жауабына байланысты ол ойлаған саннан үлкен немесе кіші екенін хабарлап отырады. Ойын ойлаған санды тапқан кезде немесе R рет жауап енгізгеннен кейін тоқтайды және ойыншының ұтқанын немесе ұтылғанын хабарлайды. R және N пернетақтадан енгізіледі.

  4. N-нан кіші Фибоначи сандарының қосындысын анықта. Фибоначи сандары: 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34 ...

  5. Екі натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін (ЕҮОБ) анықтайтын бағдарлама құр. ЕҮОБ анықтауда Эвклид алгоритімін қолдан: екі сан тең болғанша, үлкен сан ауыстырылады үлкен сан мен кіші санның айырмасына. Мысалы: А:=12 мен B:=15

B:=B-A (B:=3 A:=12)

A:=A-B (A:=9 B:=3)

A:=A-B (A:=6 B:=3)

A:=A-B (A:=3 B:=3) A=B тоқтаймыз. ЕҮОБ =3.



  1. Екі натурал санның ең кіші ортақ еселігін (ЕКОЕ) анықтайтын бағдарлама құр.

ЕКОЕ анықтауда қолданылатын формула: ЕКОЕ := A * B / ЕҮОБ

ЕКОЕ := 12* 15 / 3

ЕКОЕ := 60



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет