Delphi — визуалды программалау жүйесі



бет6/7
Дата27.11.2019
өлшемі0,65 Mb.
#52548
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
konspekt Delphi


Сабақ тақырыбы: ‘ListBox’, ‘ComboBox’ компоненттерімен танысу
Windows жүйесінде тізімдер көп кездеседі. М/лы: Шрифтер тізімі, процент тізімі, т.б.

‘ListBox’, ‘ComboBox’ компоненттері тізіммен жұмыс жасау үшін қажет.




Негізгі қаcиеттері:
Property Items: Tstring – тізімге деректерді енгізу.
Property ItemIndex: integer –

Тізімдегі белгіленген элементтің индексін көрсетеді.


Property Sorted : boolean-

Тізім алфавит бойынша сұрыпталуын анықтайды.


Property MultiSelected: Boolean –

Бір уақытта бірнеше элементті белгілеуге мүмкіндік береді.


Property Selected[index: integer]: Boolean – егер тізімдегі i-ші элемент белгіленсе , онда

Selected[i] = true


ListBox1.items[i] - тізімнің і-ші элементі. (функцияның қайтаратын мәні текст)

Индек 0-ден басталады.

ListBox1.Count - Тізімдегі элементтер санын анықтау үшін (функцияның қайтаратын мәні сан)
М/лы:
Компонент әдістеріне мысал.
ListBox1.Clear – ListBox1 компонентіндегі тізімді тазалау

ListBox1.items.add(edit1.Text) - edit1 компонентінде орналасқан тексті тізімге енгізу.

ListBox1. DeleteSelected; тізімде белгіленген элементті өшіру.
Практикалық жұмыс.
1. 1 тапсырма батырмасын басып, бағдарламамен біраз жұмыс істеп көр.

1 тапсырмадағы бағдарламаны өзің құрастыр.




  1. Бағдарламаны тізімдегі макисмал элемент пен минимал элементтің орнын

ауыстыратындай батырмамен толықтыр.

  1. 20-дан 50-ге дейінгі аралықтағы 3 бөлінетін, бірақ 5-ке бөлінбейтін сандарды тізімге енгіз.

  2. 35 пен 87 аралығындағы 7-ге бөлгенде қалдығы 1, 2, 5 болатын сандарды тізімге енгіз.

  3. Алғашқы N Фибоначи санын тізімге енгіз.

  4. Тізімдегі жұп сандардың қосындысын, тақ сандардың көбейтіндісін, 0-ге тең сандардың санын анықта.

  5. Тізімдегі 3-ке және 9-ға қалдықсыз бөлінетін сандардың көбейтіндісін анықта.

  6. 1-ден 50-ге дейінгі 2,3,5-ке бөлінбейтін сандарды тізімге енгіз.

  7. 1-ші тізімді кездейсоқ натурал сандармен толтырыңыз. 2-ге бөлгенде қалдығы 3 болатын сандарды 2-ші тізімге шығарыңыз.

  8. 1-ші тізімді кездейсоқ натурал сандармен толтырыңыз. Жұп орында тұрған жұп сандарды 2-ші тізімге шығарыңыз.


Сабақ тақырыбы: Графикалық ақпараттармен жұмыс істеуге арналған компоненттер.
Image – графикалық файлдарды қарауға мүмкіндік береді.

Shape – пішінде қарапайым графикалық бейнелер салуға арналған.

PaintBox – программа орындалу барысында қарапайым суреттерді салуға мүмкіндік береді.
Орналасуы: PaintBox – «Система» тақтасында,

Image, Shape «Дополнительно» тақтасында.


Image компонентінің негізгі қасиеттері.
Canvas – программа орындалу барысында қарапайым суреттер салуға мүмкіндік береді.

Мысалы:


Image1.Canvas.LineTo(50,50);

Center : boolean

True – сурет компоненттің ортасына тураланады.

False– сурет компоненттің сол жақ жоғарғы шетіне тураланады.

Picture – компонентте орналасатын файл сақталады



Stretch : boolea

True – Picture қасиетінде көрсетілген файл компоненттің көлеміне дейін дәлденеді


Image компонентінің негізгі әдістері

М/л


img.Picture.LoadFromFile('1.bmp') - «1.bmp» файлын компонентке жүктеу.

img.Picture.SaveToFile('1.bmp'); - «1.bmp» файлында болған өзгертулерді сақтау.


Shape компонентінің негізгі қасиеттері

stRectangle тіктөртбұрыш

stSquare шаршы

stRoundRect бұрышы доғал тіктөртбұрыш

stRoundSquare бұрышы доғал шаршы

stEllipse элипс

stCircle) ; шеңбер.
Программа арқылы қарапайым суреттерді салу

MoveTo (x,y) – графикалық курсорды x,y кординатаға орналастыру.

LineTo(x,y) – графикалық курсор орналасқан жерден бастап x, y кординатаға дейін сызық сызу.

Rectangle (x1,y1,x2, y2) – жоғарғы сол жақ бұрышының кординаты x1,y1, төменгі оң жақ бұрышының кординаты x2, y2 болатын тіктөртбұрыш салу.

Ellipse (x1, y1, x2, y2) жоғарғы сол жақ бұрышының кординаты x1,y1, төменгі оң жақ бұрышының кординаты x2, y2 болатын тіктөртбұрышқа іштей сызылған элипс салу.

Сабақ тақырыбы: Меню жасау. MainMenu, PopupMenu компоненттері. (Фильм 1)

1. Қолданба терезесіне негізгі меню жасау үшін MainMenu компоненті қолданылады. Компонентті пішінге орналастырғаннан кейін оның опцияларын жасау керек. Ол үшін ол компонентті 2 рет шерту керек. Объект инспекторының “caption” қасиетіне меню атын жазып, Enter пернесін басу керек. Келесі деңгейдегі менюлер дәл осылай жасалады. Меню атын жазу барысында “&” таңбасын қолдансақ, онда меню атында асты сызылған әріп пайда болады. Оны жылдам команда орындау үшін пайдалануға болады. М/лы:



&Файл - Файл. Файл менюін Alt + “Ф” пернесін басу арқылы ашуға болады.

Frame1

Негізгі қасиеттері



Caption

Меню аты жазылады

Checked

Менюді шерткенде белгі қалады

Enabled

Меню екпінді (екпінді емес)

Visible

Менюді көрсету (жасыру)

Bitmap

Менюмен бірге шығатын кішкентай сурет

2. PopupMenu – контекстік меню. PopupMenu – визуалды емес компонет. PopupMenu-дің опцияларын жасау дәл MainMenu компонентінікі сыяқты.

Кез келген визуалды компонеттің PopupMenu қасиетіне PopupMenu компонетінің аты көрсетіледі. Сонда сәйкесінше көрсетілген контекстік меню ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет