procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject); begin animate1.FileName:='c:\777.avi'; animate1.Active:=true end; procedure TForm1.BitBtn2Click(Sender: TObject); begin animate1.Stop end;
System парағында Windows үшін стандартты DDE (Dinamic Data Exchange)жəне OLE (Object Linking and Embedding) мəліметтерімен алмасуды сүйемелдейтін компоненттер, таймер т.б. жүйелі сервистік элементтерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын компоненттер бар.
46-
сурет. System парағы.
Timer – таймер. Бұл компонент уақыт аралығын есептеу қызметін атқарады.
PaintBox - Сурет салуға арналған аумақ. Графикалық бейнелерді салуға арналған тіктөртбұрышты бөлік құрады.
MediaPlayer – мультимедиалық құрылғыларды (CD-Rom, MIDI т.с.с.) басқару жұмыстарын атқарады.
OleContainer – OLE- объектілерін орналастыруға болатын жабдық
(контейнер).
MediaPlayer компоненті анимацияларды дыбыспен қамтамасыз ететін видеороликтерді, дыбыстарды жəне дыбысы бар анимацияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
47- сурет. MediaPlayer компоненті.
MediaPlayer компонентін формаға қосу нəтижесінде формада қарапайым аудио немесе бейне плеердегі сияқты батырмалар тобы шығады.
Олардың қызметі төмендегі кестеде көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |