With Canvas do begin
Pen.Color:=clRed;
Pen.Width:=1;
Pen.Style:=psDash; Ellipse(30,30,120,120); end;
II. Brush (қылқалам)- тұйық облысты, геометриялық фигура ішін бояуды жүзеге асырады. Brush қасиетінің өз қасиеттері бар.
Color – фигура ішін бояу түсін көрсетеді.
Style- бояу стилін анықтайды.
Оның мəндері: bsSolid- тұтас бояу bsHorizontal- горизонталь сызықпен бояу bsVertical- вертикаль сызықпен бояу bsFDiagonal, bsBDiagonal- диагонал сызықпен бояу bsCross- тік торлы бояу bsDiagCross- көлденең торлы бояу bsClear- боялмаған.
Мысалы: Келесі код нəтижесінде əртүрлі түспен жəне стильмен боялған фигуралар форма бетіне шығады.
Procedure Tform1.Button1Click(Sender: Tobject); begin
With Canvas do begin
Pen.Color:=clRed; //1-фигура
Pen.Style:=psSolid;
Brush.Color:=clgreen;
Brush.Style:=bsHorizontal;
Ellipse(5,5,60,60);
Brush.Color:=clRed; //2-фигура
Brush.Style:=bsBDiagonal;
Rectangle(70,5,140,70);
Brush.Color:=clblack; //3-фигура
Brush.Style:=bsSolid;
Ellipse(5,75,75,120);
Brush.Color:=claqua; //4-фигура
Brush.Style:=bsVertical;
Chord(80,80,140,140,80,110,140,110); end; end;
Келесі суретте қосымшаны орындату нəтижесі көрсетілген.
54- сурет.
III. Сурет салу бетіне (канвада ) мəтін шығару үшін TextOut əдісі қолданылады.
Оның жазылу форматы:
TextOut(x,y:integer; const Text:string);
Қаріп (шрифт) параметрі Canvas объектісінің Font қасиеті арқылы анықталады. Ол келесі қасиеттерден тұрады:
Name –қаріп атауы. мысалы: Arial, Kz Decor, Times New Roman т.с.с.
Size– қаріп өлшемі. (пунктпен өлшенеді)
Style- қаріп стилі. (оның мəндері: fsBold- жартылай қою, fsItalic- курсив, fsUnderline- асты сызылған )
Color- қаріп түсі.
Мысалы: “Мəтін шығару” батырмасының коды жəне орындалу нəтижесі төменде көрсетілген.
55- сурет.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); begin
with canvas do begin Font.Name:='KZ Decor';
Font.Size:=18;
Font.Style:=[fsBold,FsItalic];
Font.Color:=clRed;
TextOut(10,10,'BORLAND DELPHI 7') end; end;
Анимация деп экран бетіндегі əртүрлі бейнелердің орын ауыстыруын, жылжуы мен формасын өзгертуін айтады. Экрандағы қандай да бір объектінің орын ауыстыруының негізінде келесі əрекеттер тізбегі жатады:
− объектіні экранға шығару
− оны экраннан өшіру
− кейбір ығысу арқылы объектінің басқа нұсқасын шығару т.с.с.
Аздаған ығысу арқылы объектіні экранға жиі шығару оның қозғалысының иллюзиясын береді.
Қарапайым анимациялық алгоритм келесі қадамдардан тұрады:
− белгілі бір түспен сурет шығару
− суретті сол орнында фон түсімен шығару (сурет жоқ болып кеткен тəрізді болады)
− суретті бастапқы түспен келесі жерде шығару т.с.с.
Өзіндік бақылау сұрақтары :
Анимация деген не?
Қарапайым анимациялық алгоритм қандай қадамдардан тұрады?
Анимациялық эффект жасау үшін Delphi-дің қандай компоненттері қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |