Демеуов Ахан Калыбаевич Тулебаев Абдислам Раймбекович Жаңбыр Нұрлыбек Қаржауұлы «Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру»


Кәсіптік-педагогикалық дағдыларды және бағдарламалық-әдістемелік құжатнамаларды жасау біліктіліктерін жетілдіру



бет7/58
Дата08.02.2022
өлшемі0,72 Mb.
#119548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру

3. Кәсіптік-педагогикалық дағдыларды және бағдарламалық-әдістемелік құжатнамаларды жасау біліктіліктерін жетілдіру.

Жоспары:


1. Спорттың әлеуметтік қызметі.


Спорттың әлеуметтік қызметі. Спорттық қызметке жеке тұлға және қоғамның нақтылы қажеттілігін қанағаттандыру және дамыту, адамға және адамдар арасындағы қатынасқа объективті тән әсер ету қасиеті жатады.
Спорттың қызметін шартты түрде спецификалық (ерекше болмыс құбылысы ретінде тек өзіне тән) және жалпыға бөлеміз. Біріншісіне, жарыстық-мөлшерлік өлшеу (эталондық) және эвристикалық-нәтижелілік қызметі. Екіншісіне, қазіргі уақытта әлеуметтік-қоғамдық мәні бар қызметтерді, яғни жеке тұлғалық бағытты тәрбие, үйрету және дамыту қызметін қосады; сауықтыру-рекрлациялық қызмет; жеке тұлғаның әлеуметтік интеграциясы және социолизациясы; коммуникативтік және экономикалық қызметі.
Жарыстық-әталондық қызметі. Жеңіске спорттың негізгі спецификасын немесе жеке өзіндік жоспарда жоғары спорттық нәтижеге жету немесе жарыста орын алуға бағдарланған сайыстар барысында нақтылы адам мүмкіндіктерін жүйелі салыстыру және әділ бағалаудың максимальды мәнін айқындаумен тұжырымдалатын меншікті жарыстық қызмет құрайды.
Спорттағы есепке алынып, белгіленген рекордтар мен жетістіктер спорттық дәреже талаптарын орындау жалпы адам мүмкіндіктерін және өзіне тән көрсеткіші қызметін атқарады, және кең танылымға ие болады. Техника эталонынан (өлшемінен) айырмасы "спорттық эталон" тарихта өзгеріссіз қалмайды, спортшының өзін жетілдіруіне, күшті жұмылдыруына бағыттап, ынталандырып, барлық уақытта алға озады. Спорттың эталондық қызметі жоғары жетістіктер спортында анық көрінеді, алайда белгілі шамада бүкіл спортқа, оның ішінде арнайы ұйымдастырылған жарыстар жүйесі арқылы жалпы көпшілік бұқаралық спортқа да тән.
Эвристикалық - табысқа жету қызметі. Спорт үшін адамға өз мүмкіндіктерін білуге жұмылдыратын шығармашылық ізденіс қызметі тән, яғни оны максимальды іске асыруда және арттыруда тиімді әдістерін іздеп табу. Бұл қызмет жоғары жетістіктер спортында барынша толық көрініс тапқан, өйткені жетістікке жету жолында дайындық жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа құралдарын жаттығу әдістерін, спорттық күресті жүргізудің жаңа әдістің және тәсілдің күрделі элементтері үлгісін шешімін іздеу қажет. Спортшы барлық уақытта шерберліктің жаңа деңгейіне көтерілу үшін жарыстарда өзінің мүмкіндіктерін толық жұмылдырып және көпжылдық дайындықтың әртүрлі сатыларында олардың барын тиімді пайдаланып, өз қабілеттерін жетілдіруі тиіс. Алып шығармашылық лабораториясы сияқты спорт адам жетістіктерінің шыңына таптаурын жол салады. Нобель силығының лауреаты Арчибальд Хиллдың "Физиологиялық мәліметтердің шоғырландырылған саны физиология кітабында емес, әлемдік спорттық рекордтарда", – деген сөзі бұған дәлел.
Әлеуметтік - қоғамдық қызметіне бәрінен бұрын жекелік – бағытты тәрбие, оқытып үйрету және дамыту қызметтері жатады. Спорт тек дене және спорттық жетілу үшін үлкен мүмкіндік туғызып қомайды, сонымен бірге ол адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық, интеллектуальдық (ақыл-ой) және еңбек тәрбисін береді. Спорттың өзіне тарту күші дене және психикалық күштердің көрінуіне жоғары талап, адамның саналылығы мен рухани бейнесін жекелей – бағытты тәрбиелеу үшін кең ауқымдағы мүмкіндіктер туғызады. Тәрбиелік мақсатқа жетудің соңғы нәтижесі тек спорттың өзіне ғана емес, барлық тәрбие және даму жүйесінің әлеуметтік бағыттылығына да байланысты. Осындай бейнеде, спорттың тәрбиелік мүмкіндіктері өзінен-өзі шешілмейді, спорт аясында жинақталған тәрбиелік-бағытталған қатынастар жүйесі арқылы іске асырылады.

Біздің заманымызда халықаралық спорттық байланыстар орасан зор деңгейге дейін өсті, ал "Спорт барлығы үшін" және олимпиадалық қозғалыс сияқты спорттық қозғалыс түрлері қазіргі заманғы өте кең ауқымдағы халықаралық ағымына айналды. Қазіргі таңда Халықаралық Олимпиада комитеті 200-ден астам Ұлттық олимпиадалық комитеттерді біріктіреді.
Спорттың экономикалық қызметі. Спорттың үлкен экономикалық мәні бар, яғни спортты дамытуға жұмсалған қаражат бәрінен бұрын тұрғын халықтың денсаулық деңгейін арттыруға, адамның өмірін ұзартуға және жалпы жұмыс қабілеттілігін арттыруға жұмсалу арқылы есесі қайтады. Спорт туралы ғылымның, материалдық-техникалық базаның дамуы маман дайындау – осылардың барлығы балалар және жасөспірімдер спорты, жалпы көпшілік спортының (бұқаралық) және жоғары нәтижелер спортының дамуына мүмкіндік жасайды.
Сонымен бірге спорттық көріністерден, спорт ғимараттарын жалға пайдаланудан түскен қаржы көзінің де экономикалық маңызы бар. Алайда бұл мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың спортты дамытуға бөлген қаржының азғантай бөлігіне тең. Біздің қоғамымыздың негізгі құндылығы – бұл денсаулық . Бұл аспектіде де спорттың бағасы жоқ.
Спорт әлеуметтік-педагогикалық жүйеге кіргендіктен дене тәрбиесінің ықпалды құралы болып табылады, ал спорттық кәсіби-қолданбалы түрлерімен шұғылданудың арқасында еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне айналады.
Спорттың сауықтыру-рекреациялық қызметі адам ағзасының жағдайына және қызметтік мүмкіндіктеріне оңды әсер етуімен көрінеді. Әсіресе бұл балалар мен жасөспірімдер спортында анық көрінеді, яғни спортпен шұғылданудың дамып және қалыптасып келе жатқан ағзаға пайдалы әсеріне баға жетпейді. Дәл осы жаста денсаулықтың негізі қаланады, дене жаттығуларымен жүйелі шұғылданудың дағдылары үйлестіріледі, жеке және қоғамдық гигиена дағдылары қалыптасады. Спорт сонымен бірге жақсы көңіл күйдің көзі болып табылады, ол балалардың психикалық жағдайын түзейді, ақыл-ой шаршауын басуға мүмкіндік береді, бұлшық ет қуанышын сезіндіреді. Әсіресе балалардың гиподинамиясының кері құбылысын жою ісінде оның рөлі өте зор.
Елдің ересек тұрғындарымен жұмыс істеуде спортқа көп мән беріледі. Ол сауықтыру еңбек қызметіндегі және тұрмыстағы қозғалыс белсенділігінің тез азаюы тән ғылыми - техникалық прогрестің қолайсыз зардаптарынан қорғау құралы болып табылады. Спорт бос уақытын салауатты демалыспен және көңіл көтерулермен ұйымдастырудың таралған түрі.
Спорттың әсерлену және көріністік қызметі өнермен бірлестікте адамның дене және рухани сапалары үйлескен үндестікте көрінетін оның көп түрлері өзімен эстетикалық қасиеттерді ала жүреді. Әсіресе, бұл жоспарда олардың ішіндегі қызықтыратын тартымдысы күрделі қозғалыс үйлесімділігіндегі мына спорт түрлері: спорттық және көркем гимнастика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секіру және т.б. Адам денесінің сұлулығы, әдіс-тәсіл жағынан күрделі және мәнерлі дағдыланған қозғалыс, мерекелік көңіл күй – осылардың бәрі спорттың ақиқат табынушыларын қызықтырады. Спорт көпшілікке танылған ойын-сауық сияқты құбылыс ретінде әсерлілігімен және қабылдау өткірлігімен көпшілік адамдардың жеке және ұжымдық қызығушылық ынтасын қозғайтын, сонымен бірге "спорт тілінің" әрбір адамға іс жүзінде түсінікті жан-жақтылығымен сипатталады.
Барлық адамдар үшін спорт сезімге, мазмұнға бай қызық көрініс. Осы заманғы коммуникацияның техникалық құралдары, әсіресе бейне көрініс спорттық көрермендер аудиториясының бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда ауқымы кеңейді, яғни бұл адам баласының сезім әлеміне спорттың әсерін арттырды.
Көрермен жанкүйерлерсіз спорт жалпыға бірдей маңызы бар әлеуметтік құбылыс болмаған болар еді. Спорттық майданға бәсекелесіп жарысып жатқандармен бірге әсерленіп, жанкүйерлер өзін солардың ішінде жүргендей спорттық сайыста, мінездердің күресінде, спорттық дауларды сезіммен-бейнелік деңгейде шешуде солармен бірдей сезінеді және өзінің өмірлік ұстанымында бекітуге еліктеу және жекелеу үшін айқын мысалдарды табады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік интеграциясы мен социолизациясының қызметі.
Спорт адамдарды қоғамдық өмірге тартудың қуатты қозғаушы күштерінің бірі болып табылады, яғни шұғылданушыларды оған қатыстыруға ынталандырады және шұғылданушылардың әлеуметтік қатынастағы тәжірибесін қалыптастырады. Жеке тұлғаны социялизациялау процесіндегі оның маңызды рөлі осыған негізделген.
Ерекше спорттық қатынастар (жеке тұлғалар арасында, топтар арасында, ұжым аралық) спорттың шегінен тыс шығатын әлеуметтік қатынастар жүйесіне осылай немесе басқаша қатыстырылады. Бұл қатынастардың жиынтығы спорттың жеке тұлғаға әсер ету негізін құрайды, яғни оның тәжірибесін спорт ауқымында және одан да басқа барынша кең масштабта меңгеру қажет болады.
Спорттық қозғалыс жалпы көпшіліктік әлеуметтік ағым ретінде және әлеуметтік интеграция қозғаушы күштерінің бірі ретінде үлкен маңызға ие болды, яғни адамдарды бір-біріне жақындату және оларды топтарға, ұйымдарға, одақтарға, клубтарға қызығушылық ынтасы мен қызметіндегі бірлік негізінде қанағаттандыру болып табылады. Спорттың жалпы көпшілікке түсініктілігі, жалпы халықтық сапаға өту үшін спорттық жетістіктерді халықтың, ұлттың, мемлекеттің беделді ықыласымен табиғи бағалау, оны жалпы көпшілік санасына әсер ету үшін қолайлы жол (канал) етеді. Қазіргі заманғы өмірде бұл жол коммерциялық мақсатқа да қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет