Дайындалғандық- бұл дене дайындығының кешенді нәтижесі (дене сапаларының даму дәрежесі); әдістік дайындығы (қозғалыс дағдыларының жетілдірілу деңгейі); тәсілдік дайындық (тәсілдік ойлау қабілетін дамыту дәрежесі); психикалық дайындық (адамгершілік және ерік-жігер сапаларының жетілдірілу деңгейі). Дайындықтың жоғарыда атап көрсетілген дайындық түрлерінің әрқайсысына (дене, әдістік, тәсілдік және психикалық дайындалғандығы) бөлек қатынасы болуы мүмкін.
Дайындалғандықтың жақтарының әрбірі басқа жақтарының жетілу дәрежесіне тәуелді, соларымен анықталады, өз кезегінде, олардың дайындалғандық деңгейіне ықпал жасайды. Мысалы, спортшының әдістік жетілуі күш, шапшаңдық, иілгіштік, үйлесімділік қабілеттері сияқты әртүрлі қозғалыс сапаларының даму деңгейіне байланысты. Қоғалыс сапаларының көріну деңгейі, мысалы, төзімділік, күрделі жағдайдағы жарыстық тартыстың үйлесімді тәсілдік үлгісін іске асыра білуімен, шаршап, шалдығуды жеңудегі психикалық орнықтылық деңгейімен, әдістердің үнемділігімен тығыз байланысты. Сонымен бірге, тәсілдік дайындықтың тек қана ақпаратты қабылдай білу және жедел қайта өңдей білу қабілеттілігіне, тәсілдік жоспар құра білуімен және жинақталған жағдайға байланысты қозғалыс міндеттерін шешудің тиімді жолдарын табуымен, сонымен бірге әдістік шеберлігінің, дене дайындығының, батылдығының, шешімшілдігінің, мақсатқа ұмтылушылық және т.б. байланысты емес екенін атап өткен жөн.
Спорттық бап – жарыстық іс-әрекетте спорттық, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық дайындалғандықты оның бір уақытта іске асыру қабілетін сипаттайтын дайындалғандықтың жоғарғы дәрежесі.
Достарыңызбен бөлісу: |