СөЖ-2 Орындаған: Абдулхамидова Айгерим Абсанова Динара



Дата06.10.2022
өлшемі5,45 Mb.
#151921
Байланысты:
СОЦИОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІС (1)
1нуска, эссе психология, 7 кл СОР-5

СӨЖ-2

Орындаған: Абдулхамидова Айгерим

Абсанова Динара

Есенгелдиева Балнур

Айбазарова Камила

Елтай Аяулым

Абайхан Дильназ

Болатханова Акмерей

201-топ

Қазақ ұлттық қыздар педАгогикалық университеті ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ

СӨЖ: Социометриялық әдіс

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 201топ

Орындаған:Абдулхамидова.А.Ж

Тексерген:Кенжан.А.М

КІРІСПЕ

  • Социометриялық әдіс — саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді.

Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы — Джекоб Морено.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциомет -риядан, ретроспективті социометриядан және т.б әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді.
  • Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптас- тыруға мүмкіндік тудырады.

Социометрия — топтағы тұлғалар арасындағы қатынастардың сандық, графикалық, құрылымын айқындауға мүмкіндік беретін әдіс.
Социограмма — бұл респонденттер қатынасының бір-біріне деген социометриялық талаптарға жауабының графикалық құрылымы.

Социометрияны дайындау және өткізу кезендері:

  • Оқушыларға парақтар таратылады, өз парақтарын белгілеу және алынған ақпараттың құпиялығына кепілдік береді.
  • Оқушылар жауаптары шын жүректен шығулары тиіс. Алынған нәтижелер тек қана жұмысты жақсартуға қолданылады және басқа ешкім, мұғалімдерді қоса, онымен таныс болмайды.
  • Өткізу нұсқаулары мынадай компоненттерге ие: жұмыс мақсаты, оны өткізу шарттары, тапсырманы орындау туралы нұсқаунамалар, автордың қол кою қажеттілігі және т.б.
  • Әлеуметтік үдеріс негізінен 10-15 минут уақыт алады. Мысалы, «жетекші» және «алшақтанған» оқушыларды анықтау мақсатында оқушыларға ұсынылған парақта «мына балалардың қайсысын: а) сынып старостасына сайлаушы едіңіз; б) кезектегі староста, егер алғашқысы кейбір жайттарға орай міндеттерін орындамаса, кімді сайлар едіңіз» деген сияқты сұрақтар болуы мүмкін.
  • Зерттеуші оқушылар толтырған парақтарды жаяды да, әлеуметтік өлшем матрицасын дайындайды. Торлардағы әр фамилия (тегі) қарсы таңдап алынған оқушы нөміріне сәйкес, таңдауды көрсететін 1; 2; 3 сандары қойылады.
  • Матрица негізінде социограмма құрастырылады, бұл топтағы өзара қатынастарды көрнекті және терең айқындау мүмкіндігін туғызады.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Социометрия бұл Морено озiрлеген топішілік, тұлғааралық байланыстарды зерттеудiң эмпирикалык әдісі.Бұл қойылған сұрақтарға топ мүшелерiнiң iшiндегi тандауларының жауаптарын пайдаланатын әдiс -топтың қаншалықты ұйымшылдығын, топ көшбасшысын анықтауға мүмкіндік бередi.Ол педагогикалык тәжiрибеде оку ужымдарын калыптастыру және кайта топтарга бөлуде, топішілік өзара әрекеттесуді анықтау үшiн кеңiнен пайдаланылады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  • Қаңтарбай С.Е Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: оқулық: ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен/ С.Е.Қаңтарбай, Ж.А. Жүсіпова; ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы,2012,-256б.
  • Арнайы педагогика және психология негіздері:оқу құралы / З.Б.Мадалиева,Б.А.Әріпова.-Алматы:Қазақ университеті,2016,-186б.
  • Педагогика мен психология негіздері:оқу құралы / Ғаббасов С. –Алматы.Таймас баспа үйі,2008.-448б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет