ТҰРАҚты дамуды қамтамасыз етудегі тұЛҒалық бағдарланудың маңызы



Дата25.06.2017
өлшемі160,46 Kb.
#20010



ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒДАРЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

С.А.Талжанов, А.И.Аманжолов

АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Өркениет дамуы алға қадам басқан сайын елдің ұлттық байлығының негізгі үлесін құрайтын адами әлеуеттің даму сапасының артуы және тұлғаның нақты жағдайда әрекет етуге байланысты ұстанымдары зор маңызға ие болып отыр. Ғаламшардың әр адамы қандай да бір қоғамдық оқиғаларға әсер етеді немесе кем дегенде осы оқиғаларға өзінің қатынасын білдіреді. Тұлғаны қалыптастыруда ғылыми – географиялық білімнің біртұтастығын анықтау, жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлігі ретіндегі біртұтас географиялық бейне қалыптастыру - география пәнінің басты мақсаты болып табылады. Осыған орай, тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны өмір мен қоғамға бейімдеудің негізгі міндеттерін шешу үшін бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі білім беру ұстанымдарының ең озық үлгілерін қолдану қажеттілігі туындап отыр [1].

Көптеген дамыған елдерде жалпы білім беретін бағдарламалар заманауи қоғамда адам білімінің нақты деңгейін аяқтағаннан кейін меңгеруі тиіс қасиеттер, құзіреттіліктер тізімін көрсетеді. Мұндай бағдарламалар оқыту үрдісі мақсат қою, яғни жалпы білім беретін бағдарламада көрсетілген мақсаттар негізінде жобаланатын құзыретті педагогика арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаһандану негізімен, жоғары ақпараттық технологиялар уақытымен, ғылыми прогрестің ашықтылығымен талап етіледі [2].

Білім сала ретінде қоғамның білім алуда қажеттіліктерін қанағаттандыруда, қоғамның кадрлық әлеуетін жаңғырту мен дамытуға бағытталған білім қызметін жүзеге асыратын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардың жиынтығы болып табылады. Білімнің педагогикалық үрдіс ретіндегі басты мақсаты, оның миссиясы азаматтың тұлға, қызметкер, адам ретіндегі құндылықтарын арттыру болып табылады. Бұл мәселе Білім беру жүйесінде қарастырылып отыр. Сондай – ақ, 12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде мынадай білім беру нәтижелері регламенттелген:

- білім алушыларды әлеуметтендіру – бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;

- метапәндік нәтижелер – оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;

- пәнді оқыту нәтижелеріигерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыретттіліктер. Бұл аталып өтілген білім беру нәтижелері - барлық пәндер үшін ортақ көрсеткіштер [5]. Ал тұрақты даму үшін жаһандық білім беру - қазіргі кезеңде білім берудің басты бағыты. Осы бағытты ұстануда негізге алатны Еуропалық Біліктілік Стандартының негізгі сегіз білігі және олардың негіздемелік өлшемдері: ана тілінде қатынас жасай білу; шетел тілдерінде қатынас жасай білу; элементар математиканың дағдыларын және ғылым мен технологияда білігін таныта білу; дижитальды/ақпараттық біліктіліктерді көрсете білу; оқу іскерлігі; тұлғааралық, мәдениетаралық, әлеуметтік және азаматтық біліктіліктерді көрсете білу; кәсіпкерлік дағдыларын таныта білу; әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құндылықтарды қалыптастыра білу.

Білім беру процесіне келсек, оқытудағы педагогикалық менеджмент оқушыларды оқыту процесін тиімді басқару жөніндегі мұғалімінің мақсатты бағытталған педагогикалық қызметі болып табылады. Қазіргі таңдағы осындай талаптарға байланысты саралап, даралап білім беру мәселесі қойылып отырғанда, деңгейлік тапсырмаларды бірізділікпен, логикалық жүйелілікпен бірте-бірте күрделендіре түсуге бағытталған зерттеушлік іс-әрекетті қажет етеді. Мұндай жүйелілік бізден оқу тапсырмаларын Блум таксономиясына негіздеп құруды талап етеді.



Блум бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы оқу тапсырмаларын алты деңгейге бөледі. Бірінші деңгей «Білімдер» –ақпаратты мұғалім сөздерінен, оқулық бетінен, басқа да қайнаркөзден «Жад» қоймасына көшіру, ақпараттық айналдыруға үйренуі;

  • Екінші деңгей «Түсіну» – «Жадқа» түскен білімді көптеген басқа сипатта, басқа түрде ұсынуға, өз сөзімен айтып беруге үйренуі;

  • Үшінші деңгей «ҚОЛДАНУ» – БІЛІМДІ үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалануға үйренуі;

  • Төртінші деңгей «Талдау»- бұрын алған білімінің негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін жаңа білім ашуға үйренуі;

  • Бесінші деңгей «Синтез»- бұрын алған білімнің негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін жаңа білім ашуға үйренуі;

  • Алтыншы деңгей «Бағалау»- мақсаты алдыңғы деңгейлерде өзі үшін ашылған жаңа білімдерді бұрын алған білімнің негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы нақты жағдайда қорытындылар жасауға үйренуі [2].

Аталмыш оқу тапсырмаларының таксономиясын негізделіп әзірленген бір сабақ жоспарының үлгісі төмендегідей:



ТИТУЛ БЕТІ

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР КАТАЛОГЫ

ТАҚЫРЫП:

1


Базалық құзыреттілік:

Жел



Математикалық қабілет пен негізгібілім, ғылым мен технологияда қолдана

Пән:

1.1

Құрамды құзыреттілік:

Физикалық география

Ғылми білік табиғи дүниені түсіндіруге қажет білімдер

Сынып:

6

1.1.1

Әдіс, амал, операция, құрал/цикл

Оқытушы:

Ғылми білік табиғи дүниені түсіндіруге қажет білімдер жел тақырыбы мысалында

Иванова Г.М.

Дидактикалық дәреже/категория:

2

Мақсатты әлеуметтендіру

Оқу орны:

Н.Нұрмақов атындағы ДБМИ

Базалық оқулық:

1



«Табиғат»

Бірмағамбетов Ә., Мамырова К.

6сыныпқа арналған география

Тұрақты дамуды қамтамасыз ету


Сабақтың мазмұны:

2


«Қоғам»

Жел, желдің бағыты мен жылдамдығы, жергілікті желдер, жел өрнегі, желдің маңыздылығы.

Жеке интеллектуалдық әлеуетті көрсету


3

«Мен»

Ақпаратты сызба түрінде беру дағдысы



Блум бойынша сабақтың тапсырмалар

МАТРИЦАСЫ
Бірінші деңгей – БІЛІМДЕР

Оқу тапсырмаларының таксономиясы – бірінші деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі

1.00 Білім


1.10 Нақты мәліметтерді білу

1.11 Терминологияны білу

Анықтау, меңгеру, айыра алу, еске түсіру, танып білу

Сөздік, түсініктер, терминология, мән, анықтамалар, байланыстар, элементтер

Негізгі ұғымдарды меңгеру

Екінші деңгей - ТҮСІНУ



Таксономия – екінші деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі

2.20 Интерпретация

Интерпретациялау, қайта құру, дифференциациялау, жету, жасау, орнату, түсіндіру, көрсету

Қатынастар, маңызды фактілер, аспектілер, көзқарас, жаңа мінездемелер, қорытындылар, әдістер, теориялар, абстракциялар

Кестені пайдалана отырып жел өрнегін жаса

Үшінші деңгей - ҚОЛДАНУ



Оқу тапсырмаларының таксономиясы – үшінші деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі

3. Қолдану

қолдану, жалпылау, байланыс орнату, таңдау, дамыту, ұйымдастыру, пайдалану, жетекшілікке алу , қайта өзгерту, топтастыру

Қағидалар, заңдар, қорытындылар, эффекттер, әдістер, теориялар, абстракциялар, жағдайлар, жалпылау, үрдістер, феномендер, тәсілдер




Кестені жетекшілікке ала отырып жергілікті желдерді салыстыр

Төртінші деңгей - ТАЛДАУ



Оқу тапсырмаларының таксономиясы – төртінші деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі

Талдау


4.10 Элементтерді белгілеу

Дәлелдеу, идентификациялау, топтастыру, айыра алу, шығару, категориялау

Элементтер, гипотезалар, қорытындылар, фактілерді белгілеу, дәлелдер, қасиеттер

Ұғымдарды топтастыр

Бесінші деңгей – СИНТЕЗ



Оқу тапсырмаларының таксономиясы – бесінші деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі

Синтездеу


5.10 Өз шығармасын жасау

Жазу, айту, жасау, беру, модификациялау, құжаттау

Құрылым, модель, жетілдіру, жоба, жұмыс, жалпылау, күш, ерекше фактілер, шығарма

Қазақстанда желдің күшін пайдалану жобасын жасаңдар

Алтыншы деңгей – БАҒАЛАУ



Оқу тапсырмаларының таксономиясы – алтыншы деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі




6.20 Ішкі сынау

Пайымдау, дәлелдеу, шоғырландыру, салыстыру, стандарттау, бағалау

Мақсат, құралдар, тиімділік, экономика, пайдалылық, альтернатива, әрекеттер жоспары, СТАНДАРТТАР, ТЕОРИЯЛАР, ЖАЛПЫЛАУЛАР

Бүгінгі күннің ауа райы құбылыстарын төмендегі шартты белгілермен өз бетінше бағала

Оқу тапсырмаларының классификаторы:


1. «БІЛІМДЕР». Еске түсір:

Жел дегеніміз –

Желбағар –

Муссон дегеніміз –

Бриз дегеніміз –

Жел өрнегі дегеніміз –

Желдің маңыздылғы –

2. «ТҮСІНУ». 1- тапсырманы «балық» сызбасына иллюстрацияла

Төмендегі кестедегі мәліметтерді сәйкестендіріп көрсет



Күндіз теңізден құрлыққа, түнде құрлықтан теңізге соғатын желдер

тропосфера

Ауаның горизонталь бағытта жылжуы

термометр

Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап

бриз

Ауа температурасын өлшейтін аспап

амплитуда

Атмосфераның ең төменгі қабаты

жел

Температураның ең жоғары және ең төменгі температурасының айырмасы

барометр



3. «ҚОЛДАНУ». Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып «жел розасын» жаса

Желдің бағыты

О

С

Ш

Б

ОШ

ОБ

СБ

СШ

Желдің соққан күндер саны

5

4

4

6

3

2

4

3

Кестені жетекшілікке ала отырып жергілікті желдерді салыстыр:






Муссон

бриз

қалыптасу себебі







кездесетін территориялар







бағытын өзгертетін мезгіл







бағытын неше рет өзгертеді







Бүгінгі күннің ауа райы құбылыстарын төмендегі шартты белгілермен өз бетінше бағала

Желдің бағыты

С СШ Ш ОШ О ОБ Б СБ

Желдің күші

Тымық


баяу жел

қоңыр жел

қатты жел

дауыл


жауын – шашын

жауын шашын ...

қар *

қиыршық


бұршақ

қырау


шық

Бұлттылық

аспан ашық

ала бұлт бар

аспанның жартысын бұлт басқан

аспанды түгелге жуық бұлт басқан

аспанды түгелдей бұлт басқан

ауа райы құбылыстары

4. «ТАЛДАУ». Қарағанды қаласындағы қаңтар айындағы жел өрнегіне талдау жасап, энергия алу үшін өз ойыңды дәлелде

Желдің бағыты

О

С

Ш

Б

ОШ

ОБ

СБ

СШ

Желдің соққан күндер саны

3

4

5

8

5

2

4

0

5. «СИНТЕЗ»Қазақстан қалалары бойынша жел өрнегіне талдау жаса және оны тиімді пайдалану жолдарын көрсет



Қарағанды қаласы

Желдің бағыты

О

С

Ш

Б

ОШ

ОБ

СБ

СШ

Желдің соққан күндер саны

7

4

5

3

1

4

4

3

Атырау қаласы

Желдің бағыты

О

С

Ш

Б

ОШ

ОБ

СБ

СШ

Желдің соққан күндер саны

6

2

3

7

4

5

2

2

Қостанай қаласы

Желдің бағыты

О

С

Ш

Б

ОШ

ОБ

СБ

СШ

Желдің соққан күндер саны

2

3

8

6

4

5

2

1


6. «БАҒАЛАУ». Жел энергиясын пайдалануда өз отбасы жағдайында және үйінде тиімді шешу жолдарын көрсет, өз пайымдауларыңды ұсын, бағала [3,4].
Заманауи сабақты бағалау үшін, бақылау өлшеуіштері оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес әзірленеді және оқу материалын меңгерудің әрбір деңгейіне тән оқу іс-әрекетінің мазмұнын көрсетеді.

Қорытындылай келсек, негізгі құзыреттіліктерді оқушы бойына дарытуды көздей отырып, оқу тапсырмаларын Блум таксономиясына негіздеп әзірлеу арқылы осы заманның және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты дамуды қамтамасыз ете аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. География пәнінің оқу бағдарламасы 6-9 сыныптар үшін; Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы; Астана – 2011ж

2. Педагогика ХХІ века на пороге школы; А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева, Алматы – 2009

3. Ой еңбегі мәдениеті немесе оқудың 101 техникасы; Рудик Г.А., Қостанай – 2010

4. Физикалық география 6 сыныптарға, Бірмағамбетов Ә., Мамырова К., Аламты – 2010

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 2006 ж, Астана

References


  1. Alma-Ata. Encyclopaedi - Editor-in-chief Kozybaev M.K., Alma-Ata,1963

  2. 100 Wonders of the World/ Author-compilerN.A.Ionina. – M.: Veche, 2002.

  3. http://issyk.info/.

  4. Erdavletov S.R. Geography of tourism of Kazakhstan, Almaty, 1992.

  5. Myrzabekov Z.M. Protected areas of Kazakhstan, Almaty, 2000.

  6. Chigarkin A.V. Natural monument of Kazakhstan. Almaty, 1980

  7. http://www.almaty.kz/page.php?page_id=41&lang=1#id_224

  8. http://tengry.net/index.php?option=com_content&task=view&id=24&Itemid=39

Сведения об авторе

Аманжолов Айдын Иманкешович

Кафедра географии, КарГУ им.А.Букетова

Магистрант 2 курса

Дом. адрес

г.Караганда

ул. Университетская 14-205

872022396362

aidyn_1988kz@mail.ru

Талжанов Серикболат Алдунгарович

Кафедра географии, КарГУ им.А.Букетова

Зав.кафедрой географии

Дом. адрес

г. Караганда

ул. Приканальная 31-181

8(7212)342869



s_ a_ talzhanov@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет