Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро Қазақстан республикасы


Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата24.11.2019
өлшемі0,58 Mb.
#52336
1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 6

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

билік органдарына өз бетімен осындай іс-шаралар өткізуден бас тартуға мүмкіндік

береді.  Осы  сайлаудың  барысында  жиналыс  немесе  сайлаушылармен  кездесу

өткізуге  рұқсат  беруден  бас  тартудың  немесе  əлдебір  алалаушылық  шектеулер

салудың  бірнеше  мысалы  болды.

8

  Кандидатураларды  қаржылық  есеп-қисаптағы



қателіктер үшін алып тастау туралы қағидалары бар «Жемқорлықпен күрес туралы»

Заң да кейде алалаушылықпен жəне саяси уəждемелермен қолданылды.

9

Сайлау процесіне қатысты бірқатар мəселелер ОСК Қаулылары, бұқаралық ақпарат



құралдары туралы Заң, саяси партиялар туралы Заң, əкімшілік құқық бұзушылықтар

туралы  Кодекс,  Жемқорлықпен  күрес  туралы  Заң  жəне  басқалары  секілді  басқа

заңдармен  жəне  қағидалармен  реттеледі.  Осы  қағидалардың  біразы  оларды  ЕҚЫҰ

мүше-елдерінің  демократиялық  сайлауға  қатысты  міндеттемелері  мен  басқа

халықаралық  стандарттарға  сəйкестікке  келтіру  үшін  келесіде  қайта  қарауды  жəне

жетілдіруді қажет етеді.



V.

САЙЛАУДЫ ДАЙЫНДАУ ЖƏНЕ ӨТКІЗУ

A. 

С

АЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ

Орталық  сайлау  комиссиясы  (ОСК)  сайлау  комиссияларының 4 деңгейлі  жүйесіне

басшылық етеді. Республикалық деңгейден төменгі сайлау комиссиялары аумақтық,

округтық жəне учаскелік деңгейлерде əрекет етеді. Барлық сайлау комиссиялары 7

мүшеден  тұрады.  Барлық  ОСК  мүшелерін  Мəжіліс  Республика  Президентінің

ұсынысы  бойынша  тағайындайды,  ал  төменгі  деңгейдің  сайлау  комиссияларының

мүшелерін тиісті мəслихаттар сайлайды.

Сайлау  комиссияларының  құрамы  елеулі  алаңдаушылық  туғызады.  Заң  бойынша

аумақтық,  округтық  жəне  учаскелік  сайлау  комиссияларының  мүшелерін  тиісті

мəслихаттар  сайлайтын  болғанымен,  ОСК  берген  осы  комиссиялардың  құрамы

жөніндегі  деректер  комиссиялардың  көпшілігінің  үкіметті  қолдайтын  партияларға

артықшылық бергенін анық көрсетеді. Жалпы ел бойынша, үкіметтің шылауындағы

«Асар»  жəне  «Отан»  партиялары  ұсынған  сайлау  комиссияларының  мүшелеріне

кандидаттар  тиісінше 99,7% жəне 98,8% жағдайларда  тағайындалды,  ал

оппозициялық «Ақ Жол» жəне «ҚДТ» партияларынан кандидаттардың тағайындалу

пайызы 51,6% жəне 20% болып шықты.

Оппозициялық партиялар көп жағдайда өздеріне қарсы бағытталған кемсітушілікті

айтады.  Мысалы,  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  Атырау  қаласында  үкіметке    қолдау

көрсететін  партияларға  төрағаның 83 орынынан 79 орын  жəне 83 хатшылық  орын

тиесілі  екені  белгілі  болды. «Ақ  Жол»,  ҚДТ  жəне  Қазақстанның  Коммунистік

Партиясы  (ҚКП)  партияларының  əрқайсысында  тек  бір  комиссия  мүшесі  болды

жəне бір де бір төрағалық немесе хатшылық орын болмады. Жалпы Атырау облысы

бойынша «Отан» УСК 444 кандидат ұсынып, олардан 365 тағайындалса, «Ақ Жол»

200 ұсынып, олардан 18 тағайындалды.

ОСК  түсіндіруі  бойынша  сайлау  комиссияларындағы  саяси  партиялардың

дисбалансына  саяси  партиялардың 2003 жылғы  мəслихатқа  сайлаудағы  төмен

                                                     

8

 



Толығырақ VII Сайлау алды науқаны бөлімінен қараңыз.

9

 



Мысалдарды VI Партиялар мен кандидаттарды тіркеу бөлімінен қараңыз.

Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 7

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

белсенділігі  себеп  болды.  Осындай  жағдай  Сайлау  туралы  заңға  сайлау

комиссияларының  жан-жақты  жəне  плюралистік  құрамына  кепілдіктерді  енгізу

қажеттілігін  көрсетеді.  Қазіргі  қолданыстағы  заң  сайлау  комиссияларын

қалыптастыруға  қатысты  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  алдындағы  алаңдаушылығын  тек  ішінара

есепке алады.



Б.

С

АЙЛАУДЫ БАСҚАРУ

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ-сы  Орталық  сайлау  комиссиясы  (ОСК)  жабық  түрде  қызмет

атқарды  жəне  сайлау  процесінің  барысында  өз  бетімен  жəне  алалаушылық

шешімдер  қабылдады  деген  қорытындыға  келді.  СБМ  белгілі  болғандай,  сайлау

алдындағы  науқан  басталғаннан  жəне  тап  сайлау  күніне  дейін  ОСК  бес  мүшелік

міндетті  кворумы  бар  ашық  мəжілістер  өткізген  жоқ.  ҚДТ  кандидатын  рұқсатсыз

демонстрация ұйымдастыру үшін айыптау бойынша сотқа шақыруға рұқсат секілді

маңызды  шешімдер  қажетті  кворум  жоқ  кезде  жабық  қабылданған  тəрізді.

10

  ОСК


бұқаралық  ақпарат  құралдарына  эфирде  ҚКП/ҚДТ  блогының  насихаттық  ролигін

көрсетпеуге  ұсыныстамасының  кворумсыз  қабылданғаны  жəне  кейіннен  қайта

шақырылып  алғаны  қазір  анықталды.  Оппозициялық  партиялардан  бұқаралық

ақпарат  құралдарына  қатысты  басқа  шағымдар  қарастырусыз  қалдырылды  немесе

жағдайды түзету мақсатында қандай да бір шешімдер қабылдаусыз ОСК Қоғамдық

кеңесінде талқыланбады.

11

Сайлау  алдындағы  науқанның  барысында  ОСК  мүшелері  елді  көп  аралады,



сондықтан  шешімдер,  соның  ішінде  шағымдар  жəне  кандидаттарға  қатысты

санкциялар  қолдану  бойынша  шешімдер  телефон  жəне  факс  арқылы  қабылданып

отырды.  Алайда  бұл  жағдай  мүдделі  тұлғалардың  ОСК  шешімдер  қабылдау

процесіне  қол  жеткізу  бойынша  заңның  талаптарына  сəйкес  келмейді.

12

  ОСК  осы



жағдайда  ақталу  үшін  Қазақстанның  ұлан-байтақ  ауданына  сілтегенімен,  аумағы

үлкен басқа мемлекеттер бұл мəселені жолын тауып шешеді жəне орталық деңгейде

шешімдер  қабылдау  процесінің  ашықтығын  қамтамасыз  етеді.  ОСК  мүшелерінің

сайлау  алдындағы  науқанның  бүкіл  барысында  елді  аралау  практикасы  сайлау

комиссияларының ашық жəне жариялы жұмысына септеспейді.

Əлденеше рет жолданғанға қарамастан, ОСК сол беті ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ-ге өзінің

қолданыстағы  қаулыларының  тізімін  бермеді.  Бюллетеньдерді  жасау,  оларды

тасымалдау  жəне  сақтау  туралы,  сондай-ақ  басып  шығарылған  бюллетеньдердің

жалпы  саны  туралы  ақпарат  беру  жайында  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  өтініштері

қауіпсіздік тұрғысынан қабылданбады.

Одан  төмен  деңгейлерде  байқау  жүргізілген  сегіз  облыстың  төртеуінде  сайлау

комиссиялары 

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ 

СБМ 


байқаушыларын 

немесе 


жергілікті

байқаушыларды  өздерінің  мəжілістері  жайында  ақпараттандырмағанымен,  кейбір

сайлау комиссиялары өте ашық жəне жариялы жұмыс істеді.

                                                     

10

 

Сайлау  алдындағы  науқанның  уақытында  кандидаттар  егер  ОСК  өзгеше  шешпесе,  қамауға



алуға немесе əкімшілік санкцияларға қатысты қол сұғылмаушылықты пайдаланады.

11

 



ОСК  Қоғамдық  кеңесті  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  байланысты  дауларды  шешуге

арналған  кеңесші  орган  ретінде  құрған.  Ол  саяси  партиялардан,  үкіметтің  лауазымды

тұлғаларынан, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен ОСК мүшелерінен тұрды.

12

 20-1.3 



Бап.

Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 8

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

Сайлаудың  бірінші  турынан  бір  апта  бұрын  ОСК  электронды  дауыс  беру  үшін

алдын ала іріктелген учаскелік сайлау комиссияларына (УСК ) жабдықты тексеруді

жəне сынамалық дауыс беру үшін сайлаушыларды шақыруды тапсырды. Нəтижелер

əрқилы  болып  шықты  жəне  кейбір  учаскелік  сайлау  комиссияларында  жүйені

пайдалануда  көп  қиыншылықтар  туындауы  мүмкін  екенін  көрсетті.  Ақыр  аяғында

осының  алдында  электронды  дауыс  беруді  пайдалану  жоспарланған  учаскелердің

саны  сайлауға  бір  апта  қалғанда  қысқартылды,  ал  басқа  электронды  дауыс  беру

учаскелерінде қағаз бюллетеньдермен қатар дауыс беру процесі енгізілді.

Қалыптасқан  мəн-жайларда  бұл  оң  қадам  болғанымен,  бастапқыда  жоспарланған

электронды  дауыс  берудің  кең  масштабтары  мен  шешімді  кеш  қабылдау  сайлау

күніндегі  шатасуға  əкеліп  соқты  жəне  сайлауды  жабық  өткізу  үшін  түрткі  болды.

Шешімді  кеш  қабылдауға  ішінара  үкіметтің  электронды  дауыс  беруді  қолданудың

масштабы туралы ОСК шешімінің құқықтық алғышарты ретінде Электронды дауыс

беру жөніндегі комиссияны қалыптастырудағы кідірісі себеп болды.

Елде  сайлаушыларды  ақпараттандыру  жəне  баулу  бойынша  кең  бағдарлама

өткізілді.  Электоратты  алғаш  рет  енгізіліп  отырған  электронды  дауыс  беру

технологиясы 

туралы 

ақпараттандыруға 



ерекше 

күш 


салынды. 

ОСК


сайлаушылардың  арасында  таратылған  мазмұнды  ақпараттық  брошюра,  сондай-ақ

бірнеше  телеклиптер  шығарды.  Сайлауға  тек  екі  күн  қалғанда  жарияланған

ақпараттық  аспектілердің  бірі  сайлаушыларға  дауыс  беру  үшін  жеке  куəлікке

жабыстырылған штрих-код болудың міндетті еместігі болды. Шындығында барлық

жерде  соның  алдында  ғана  сайлауды  өткізу  үшін  жауапты  тұлғалардың  өздері  де

бұл туралы мүлдем керісінше хабарлаған еді.



В.

Э

ЛЕКТРОНДЫ ДАУЫС БЕРУ ЖҮЙЕСІ

«Сайлау»  электронды  дауыс  беру  жүйесі  Қазақстанда  əзірленді.  Аталмыш  жүйе

сайлаушылардың 

тізімдерін 

дайындауға, 

сайлаушыларды 

сəйкестендіруді

оңайлатуға, электронды дауыс беруді мүмкін қылуға, мезгіл-мезгіл Орталық сайлау

комиссиясына  дауыс  бергендердің  саны  туралы  ақпарат  беріп  отыруға,  сондай-ақ

нəтижелерді  шығаруға  мен  сайлау  учаскелері  деңгейінде  хаттамаларды  дайындау

процесін тездетуге  арналған.

Электронды  дауыс  беруді  енгізу 2004 жылдың  наурыз  айында  үшінші  оқу  кезінде

Сайлау туралы заңға электронды дауыс беру туралы кеш түзетулерден бастап, елеулі

талқылаудың  мəні  болып  табылды.  Оппозиция  қайраткерлері,  сол  тəрізді  кейбір

белгілі  үкіметті  қолдайтын  саясаткерлер  қоғамның  сенімін  нығайту  мақсатында

электронды  дауыс  беруді  біртіндеп  енгізуге  шақырды.  Басқалары,  соның  ішінде

ОСК  төрағасы  осы  жүйені  тиісті  электрондық  инфрақұрылымы  бар  барлық  негізгі

үлкен қалаларда енгізуді қолдап шықты.

Заң бойынша электронды дауыс беру туралы шешім қабылдау үшін жауап беретін

мемлекеттік  комиссия  сайлауға  тек  бес  күн  қалғанда  қалыптастырылды.  Соның

нəтижесінде  электронды  дауыс  беруді  пайдалану  масштабтары  тап 17 қыркүйекке

дейін  айқындалған  жоқ,  сондықтан  кейбір  УСК    оған  нашар  дайындалған  болып

шықты.  ОСК  шешіміне  сəйкес,  электронды  дауыс  беру 9480 сайлау  учаскелерінің

961-інде өтуге тиіс болды.

13

                                                     



13

 

ОСК веб-сайты бойынша. Дəл деректер сол күйі СБМ берілген жоқ.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 9

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

Бұл  сайлау  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  электронды  дауыс  беруді  осынша  ауқымды  масштабта

байқаған  алғашқы  сайлау  болды.  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  жүйені  қатаң  техникалық

тұрғыдан  тексеруді  мақсат  етіп  қойған  жоқ,  өйткені  оны  сайлау  процесінің

Қазақстандық  қатысушылары  жүргізуге  тиіс  болған  еді.  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ

ашықтық, құпия дауыс беру, тексерілу, қауіпсіздік, сайлаушылар үшін қол жеткізу

мүмкіндігі  принциптерінде  оны  енгізуді  жəне  қолдануды  бағалау  жүргізді.  Осы

принциптерді ескере отырып, нақты проблемаларды шешу керек.

Электронды  дауыс  беру  жүйесі  сайлау  процесінің  Қазақстандық  қатысушылары

тарапынан  жүйеге  деген  сенімді  нығайтуға  ықпалдаса  алатын  ашық  жəне  тəуелсіз

сертификаттаудан  өтпеді.  Жүйеге  шолуды  ОСК  шақырған  жəне  кейбір  саяси

партиялар  жолдаған  сарапшылардың  бірлескен  тобы  өткізді,  бірақ  СБМ  маманына

құпиялылық тұрғысынан жүйені тексеруге қатысуға рұқсат берілмеді. Топ «жүйені

бұзу жəне сайлаудың нəтижелерін қолдан жасау мүмкін  емес»  деген  қорытындыға

келді,  бірақ  бір  саяси  партияның  өкілі  топтың  қорытындысына  қол  қоюдан  бас

тартты.  Бұл  сарапшылар  тобы  өзінің  қорытындыларының  куəлігіне  толық

техникалық дəлелдер жарияламады.

«Сайлау»  жүйесі  берілген  бюллетеньдерді  қағаз  жүзінде  есепке  алу  мүмкіндігін

жоққа  шығарады,  сондықтан  қолдан  қайта  санау  мүмкіндігі  де  болмайды.  Демек,

Сайлау туралы заңның 43.9 бабымен көзделгендей қайта санау мүмкіндігі де жоққа

шығарылады.  Қайта  санауға  мүмкіндіктің  болмауы  деректерді  есепке  алудың

дұрыстығына  күмəн  келген  жағдайда,  қайтадан  тексеру  мүмкіндігінің  жоқтығын

білдіреді.

14

Жүйе  дауыс  беруден  кейін  бірден  сайлаушының  сұрауы  бойынша  түпкілікті



бақылаушылық  хаттаманы  тексеру  үшін  пайдаланыла  алатын  жəне  сонысымен

дауысты  есепке  алудың  дұрыстығын  тексеруге  мүмкіндік  беретін,  сайлаушымен

байланыспаған  дара  ПИН-код  береді.  Алайда  осы  ПИН-код,  егер  сайлаушы  оны

партияға, кандидатқа немесе жұмыс берушіге хабарласа, оның қалай дауыс бергенін

көрсететін болады. Бұл мəн-жай дауыс беру құпиясын бұзуға, сондай-ақ қорқытып-

үркітуге  мүмкіндік  жасайды.  Сайлау  барысында  ондай  байқалмағанымен  немесе

мəлімденбегенімен,  аталмыш  жүйе  оған  мүмкіндік  береді.  Ол  аз  болса,

байқаушылар  кей  жағдайларда  ПИН-кодтар  бар  түпкілікті  бақылаушылық

хаттамалар  сайлау  учаскелерінде  орналастырылғанын  атап  өтті.  Сонымен,  ПИН-

кодтардың ешқандай практикалық ықпалы болмады.

Сырттан  қол  сұғудан  немесе  кездейсоқ  техникалық  істен  шығудан  сақтауға

мүмкіндік жеткілікті болып көрінеді. Жүйе екі физикалық тасымалдаушыға қосалқы

көшірмелерді  мезгілдік  резервтік  сақтауды  жүргізеді  жəне  байланыс  желілері

арқылы деректерді табыстаудың барлығы жұмбақталған түрде жүреді. Алайда, жүйе

сайлау  учаскелері  мен  облыстық  сайлау  комиссияларының  арасындағы  əдеттегі

телефон  желілерін  пайдаланады,  ал  олар  рұқсатсыз  аңду  немесе  табысталатын

ақпаратты бұрмалау мүмкіндігіне қатысты əлуеті осал.

Жалпы  алғанда,  жүйенің  көптеген  тиімді  жақтары  бар  жəне  дұрыс  қолданылған

жағдайда  сайлауды  жүргізудің  жəне  дауыстарды  санаудың  жылдамдығы  мен

дəлдігін  арттыра  алады.  Алайда,  сайлаушылар  тіпті  қалаларда  да,  əсіресе

                                                     

14

 



Сондай-ақ ЕҚЫҰ ДИАҚБ Сайлау туралы конституциялық заңға бағасын қараңыз, 19-бет.

Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 10

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

кандидаттың  немесе  партияның  штрих-кодының  үстінен  дəл  орналастыру  штрих-

кодты  оқу  құрылғысымен  жұмыс  кезінде  қиыншылықтарға  тап  болды.  Жүйені

пайдаланудағы қиыншылықтар байқау жүзеге асырылған сайлау учаскелерінің 37%

жұмыскерлерінің  сайлаушыларға  дауыс  беруге  көмектесуге  тиіс  болғанына  əкеп

соқтырды.  Ондай  көмектің  заңға  қайшы  екендігін  жəне  дауыс  беру  құпиясын

бұзатындығын айта кету керек.

Көптеген  жағдайларда  электронды  жүйені  немесе  қағаз  бюллетеньдерді

пайдаланған  кезде  дауыс  беруді  таңдау  ұсынылған  сайлаушылар  оның  соңғысын

таңдады.  ОСК  берген  статистикаға  талдау  қағаз  бюллетеньдерді  таңдағандардың

арақатынасы сайлаудың екінші турының барысында одан сайын өскенін көрсетеді.

Бұл  аталмыш  жүйеге  қоғамдық  сенімді  көтеру  жəне  жүйені  толық  масштабта

енгізгенге  дейін  сайлаушылармен  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізу  керектігінінің

куəсі бола алады.



Г.

С

АЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІ

ОСК  сайлаушылардың  тізімдерін  жаңғырту  жəне  компьютерлендіру  мен  олардың

дəлдігін арттыру үшін күш салды. Алайда, төменде «Дауыс беруді жəне дауыстарды

санауды  байқау»  бөлімінде  аталғандай,  сайлаушылар  тізіліміне  қатысты

проблемалар қалып отыр. Алматы қаласының бір сайлау округында 19 қыркүйекке

дейін  бірнеше  мың  сайлаушылар  тəрізді,  жергілікті  билік  органдарының

шенеуніктерінің  арасындағы  даудың  нəтижесінде  тізімге  кірмеді  деп  айтылған

ресми  шағым  берілді.  Сайлаушыларға  сайлау  күніне  дейін  сайлау  учаскелеріндегі

тізімдерді  қайта  тексеру  ұсынылды,  алайда  ондай  мүмкіндікті  көпшілігі

пайдаланған жоқ.

Сайлау  туралы  заң  жергілікті  басқару  органдарының  сайлаушылардың  тізімдерін

тоқсан  сайынғы  қайта  қарауын  жəне  Орталық  сайлау  комиссиясының

сайлаушылардың  біртұтас  электронды  тізілімін  құруын  көздейді.  Бұл  процесс

əкімшіліктер  табыстаған  тізімдердің  негізінде 2004 жылдың  наурыз  айында

басталды. 13 қыркүйекте ОСК төрағасы дауыс беру құқығы бар 8,4 миллионға жуық

сайлаушылар  алдын  ала  тіркеуден  ендігі  өтіп  қойды  деп  мəлімдеді.  Дауыс  беру

құқығы бар сайлаушылардың түпкілікті саны тап сайлау күніне дейін жарияланған

жоқ. Қазақстанның халқы шамамен 15 миллион адамды құрайды.

Электронды  дауыс  беруге  арналған  сайлау  учаскелерінде  қағаз,  сондай-ақ

электронды  дауыс  беру  жүйелерін  қолданудың  сайлаушылартың  тізімдеріндегі

проблемаларға  əкеліп  соққаны  анық.  Сайлау  күні  сайлаушылардың  электрондық

тізімінде  көрсетілген  сан  мен  қағаз  тізімнің  арасындағы  айтарлықтай

сəйкессіздіктердің  жиі  жағдайлары  байқалды.  Мысалы,  Астана  қаласының  сайлау

учаскелерінің  бірінде  тізімдердің  екі  түрінің  арасындағы  айырмашылық 1200

сайлаушыны құрады.

15

 Кейбір жағдайларда электрондық нұсқадағы сайлау тізімінің



саны  қағаздағы  тізімдегіден  едəуір  артық  болып  шықты,  алайда  керісінше  де  жиі

болып отырды.

Сайлаудың  екінші  турының  барысында  көптеген  жағдайларда  электрондық  жəне

қағаз  тізімдердің  арасындағы  айырмашылық  Алматы  қаласында  аз  мөлшерде

болғанымен де кездесті. Кейбір сайлау учаскелерінің төрағалары дауыс берудің екі

                                                     

15

 2-нші дуындық сайлау комиссиясы, 84-інші сайлау учаскесі.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 11

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

турының аралығындағы кезеңде тізімдер жаңғыртылды деп мəлімдеді, ал басқалары

тізімдердің  тап  бірінші  турдағыдай  болғанын  айтты.  Сайлау  туралы  заңда  бұл

туралы  ештеңе  айтылмаған,  бірақ  сайлаушылардың  тізімдерінің  біркелкі  болмау

фактісі өзіндік проблема болып табылады.

Əр  округ  бойынша  тіркелген  сайлаушылардың  саны  айтарлықтай – 92000-нан (1-

округ,  Астана) 154000-ға (10-округ,  Ақмола  облысы)  дейін  өзгеріп  отырады.

Сонымен,  сайлаушылардың  теңдей  өкілдігі  жоқ,  бұл  дауыс  беруде  тең  құқықты

талап ететін Копенгагендік міндеттемелерге қайшы келеді.

VI.

ПАРТИЯЛАР МЕН КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ

Партиялар мен кандидаттарды тіркеу табысты өтті жəне қандай да бір елеулі оқыс

оқиға  болған  жоқ.  Сонымен,  саяси  партиялар  мен  кандидаттарды  тіркеу

Копенгагендік міндеттемелерге сай келетін оң қадам болып табылды.

Мəжілістегі 77 орынның оны пропорционалды өкілдік  жүйесі бойынша  партиялық

тізімдер бойынша сайланды. ОСК осы 10 орынға таласқан 8 саяси партияны жəне 2

партия  блогын  тіркеді.  Осы  күреске 1999 жылы  болмаған  Қазақстанның

Демократиялық таңдау партиясы қатысты. Мəжілістегі қалған 67 орын бір мандатты

сайлау  округтары  бойынша  сайланды.  Барлығы 18 тамызға  (ресми  сайлау

алдындағы науқан басталардан бір күн бұрын) қарай ОСК 67 бір мандатты  сайлау

округтарындағы 623 кандидатты жəне партиялық тізімдер бойынша 106 кандидатты

тіркеді.


ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  алдын  ала  тіркеуді  оң  бағалағанына  қарамастан,  сайлау

алдындағы  науқан  уақытында  кандидаттарды  тіркеудің  күшін  жою  жағдайлары

байқалды.  Ондай  жағдайларға  «Ақ  Жол»  партиясының  тең  төрағасы  Болат

Əбіловтың  кандидатурасын  жала  жапқаны  үшін  шартты  сотталу  негізінде  алынып

тасталғанын мысал етіп келтіруге болады. Сондай-ақ 2002 жылғы аралық сайлауда

да  Əбілов  мырзаны  тіркеуден  бас  тартылған  еді.  Жалпы  алғанда  кемінде

кандидатураларды  тіркеуден  алып  тастаудың 32 жағдайы  орын  алды,  оның  үстіне

олардың біразы сайлау күнінің тап алдында орын алды. Кейбір кандидаттарға күмəн

туғызатын  негіздерде,  соның  ішінде  қаржылық  есеп-қисаптағы  қателіктер  үшін

тіркеуден  бас  тартылды.  Кейіннен  кем  дегенде  екі  кандидатқа  қатысты  тіркеу

қалпына келтірілді.

16  қыркүйекте  ОСК  толық  емес  қаржылық  ақпарат  берді  деген  желеумен    бір

мандатты  округтардан  он  кандидатты  тіркеуден  бас  тартты.  Бұл  шешім  ашық

отырыста  қабылданбады,  ал  кандидаттардың  өздері  ОСК  олардың  істерін

қарастырғаны  туралы  бейхабар  болды.  Кандидаттар  ОСК  шешімі  туралы

хабарлауды  факс  арқылы  тек 18 қыркүйекте  ғана  алды,  ал  олардың  бірі  СБМ

өкілдеріне  өзінің  кандидатурасының  алынып  тасталғаны  туралы  тап  сайлау  күніне

дейін білмегенін мəлімдеді. Ол он кандидат заңмен көзделген шекті мерзімдер өтіп

кетіп,  оны  жасауға  кеш  болғандықтан,  өздерінің  кандидатураларын  алып  тастау

туралы  шешімнің  күшін  жою  үшін  тиімді  апелляция  бере  алмады.

 

18  қыркүйекте



түнде жəне сайлау күні Жоғарғы Сот осы істердің жетеуі бойынша апелляцияларды

тыңдады.  Негізінен  ОСК  шешімі  қуатталса  да,  бір  жағдайда,  яғни  Павлодар

қаласының  №52  сайлау  округы  бойынша  кандидатқа  қатысты  осындай  шешімнің

күші  жойылды.  Кандидат  өз  округындағы  сайлаудың  нəтижелерін  жарамсыз  деп



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 12

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

жариялау үшін күресетінін мəлімдеді, бірақ кейіннен өзіне көрсетілген қысым мен

қорқытып-үркіту  сылтау  етіп  оны  жүзеге  асырмады.  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  осының

алдында  Заңнан  кандидаттарды  қаржылық  есеп-қисаптағы  қателіктердің  негізінде

тіркеуден  алып  тастау  туралы  қағиданы  теріс  пайдалануға  түрткі  ретінде  алып

тастауға ұсыныстама жасаған еді.

Округтық сайлау комиссиясы Оңтүстік Қазақстанда екі өзбек кандидатты тіркеуден

алып  тастаған,  бұл  жағдайлардың  кемінде  біреуі  күмəн  туғызатын  мəн-жайларда

орын алды. Төменде «Ұлттық азшылықтардың қатысуы» бөлімінен қараңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет