Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро Қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата24.11.2019
өлшемі0,58 Mb.
#52336
1   2   3   4   5

VII.

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ НАУҚАН

Сайлауға  дара  немесе  басқа  партиялармен  блокта  қатысу  үшін  тіркелген 12 саяси

партиялардың көпшілігі өздерін президентті қолдайтындармыз  деп санайды. Ең ірі

партия  «Отан»  болып  табылады,  оның  құрметті  төрағасы  Президент  Назарбаев.

Басқа  екі  негізгі  президентті  қолдайтын  партиялар – Президенттің  қызы  Дариға

Назарбаева  басшылық  ететін  «Асар»  жəне  Аграрлық  партия  мен  Азаматтық

партияның коалициясы болып табылатын «АИСТ» блогы. Екі негізгі оппозициялық

күш – «Ақ  Жол»  партиясы  жəне  Қазақстан  Коммунистік  партиясы  мен

Қазақстанның Демократиялық таңдау партиясы қалыптастырған «Коммунистер мен

ҚДТ оппозициялық халықтық одағы» блогы.

Басқа бес партия – «Ауыл», Қазақстан патриоттар партиясы, «Руханият», Қазақстан

Коммунистік  партиясы  мен  Қазақстанның  Демократиялық  таңдау  науқанда  шағын

рөл  атқарды.

16

  Өзін  өзі  ұсынған  кандидаттар  да  сондай-ақ  олардың  біразы  саяси



партиялардың мүшелері болғанымен немесе олардан қолдау алғанымен, науқанның

барысында айтарлықтай рөл атқарды.

Сайлау  науқаны  жалпы  алғанда  тыныш,  біршама  шағын  сандағы  жаппай

демонстрациялармен  немесе  митингілермен  жүрді.  Үкіметтің  қолдайтын  «Отан»

жəне  «Асар»  партиялары  бүкіл  елде  концерттерге,  жиылыстарда  шығып  сөйлеуге

жəне басқа да іс-шараларға демеуші болды. Осы екі партияның билбордтарда жəне

қалалардағы  басқа  жарнамаларда  үстемдігі  болды.  Үкіметті  қолдайтын  «АИСТ»

блогы да сондай-ақ белсенділігімен көзге түсті.

«Ақ  Жол»  жəне  «Коммунистер  мен  ҚДТ  оппозициялық  халықтық  одағы»  блогы

(бұдан  əрі – ҚКП/ҚДТ  блогы)  қызу  сайлау  алдындағы  науқан  жүргізді.  Алайда,

ҚКП/ҚДТ  блогы  оның  электоратқа  өзінің  жолдауларын  жеткізу  қабілетін

қиындатқан  жүйелі  килігушіліктерге  тап  болып  отырды.  Ол  килігушіліктерге  кем

дегенде  үш  жағдайда  Алматы  жəне  Павлодар  қалаларында  ҚДТ  белсенділерін

полицияның  ұстауы  жəне  бірқатар  жағдайларда  (мысалы,  Алматы,  Қостанай  жəне

Павлодар  қалаларында)  сайлау  алдындағы  іс-шаралар  өткізу  кезінде  жергілікті

билік  орындарының  тарапынан  килігушіліктер  кірді.  ҚКП/ҚДТ  блогының  үгіттік

ролигі  сайлау  күнінен  аз  бұрын  кейіннен  күші  жойылған  ОСК  өтініші  бойынша

теледидарлық эфирден алынып тасталды (Төменде «БАҚ» бөлімінен қараңыз).

                                                     

16

 



Науқан  барысында  СБМ  барлық  саяси  партиялардың  өкілдерімен  кездесті,  сондай-ақ

кандидаттар мен партиялардың өтініштері бойынша олармен кездесулер өткізді.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 13

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

«Ақ  Жол»  жəне  ҚКП/ҚДТ  блогы  сайлаушыларға  жасалатын  қысымға,  БАҚ-тың

алалаушылығына  жəне  жоспарланып  отырған  электронды  дауыс  беруді  кеңінен

енгізілетіндігіне  алаңдаушылық  білдіріп,  бойкотпен  қорқытты.  Алайда,  ақыр

аяғында олар өздерінің жақтастарын сайлауға баруға шақырды.

Екі  оппозициялық  жетекші – ҚДТ-дан  Ғалымжан  Жақияновқа  жəне  «Ақ  Жолдан»

Болат  Əбіловқа  осы  сайлауда  кандидат  болуға  рұқсат  етілмеді.  Жақиянов  мырза

жемқорлық айыбы тағылып, жазалау мерзімін өтеуде, ал Əбілов мырза жалақорлық

үшін шартты сотталған. Екі үкімді де көпшілік саяси уəжделген деп қарастырады.

Оппозициялық партияларға митингілер өткізуге рұқсат беруден бас тартуды (немесе

рұқсат митингінің болуына мүмкіндік бермеу үшін тым кеш беріліп отырды) жəне

үгітке арналған қоғамдық орындарды əділетсіз бөлуді қоса алғанда, жергілікті билік

орындарының  шешімдеріндегі  алалаушылық  жəне  науқан  кезінде  қысым  көрсету

туралы  көптеген  хабарлар  бар

Мысалы,  Солтүстік



 

Қазақстан  облысындағы  бір

мандатты  округтардан  кандидаттар  кездесулерді  кандидаттардың  біріне  ыңғайлы

орындарда  өткізуге,  ал  басқаларына  оларды  тек  қаланың  орталығынан  аулақта

рұқсат  етілді  деп  айтады.  Ал  ҚДТ  Астана  қаласының  əкімшілігінен  қаланың

орталығында  митинг  өткізуге  рұқсат  алуда  кедергілерге  тап  болды.  Осы  іспетті

жағдайлар  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Мақтаарал  ауданында  жəне  Алматы

қаласында байқалды.

Сонымен  қатар  əкімшілік  ресурстарды  үкіметтің  қолдауындағы  кандидаттардың

мүддесі  үшін  пайдалануға  деген  бірқатар  нұсқау  берушілік  сақталып  отыр.

17

Мысалы,  Солтүстік



 

Қазақстан  облысында  облыстық  əкімшілік

18

  сайлаушылар



«АИСТ» блогынан кандидатты қолдауы үшін оларға қысым көрсетті деген бірнеше

дүркін айыптар бар. Бұл жағдайды мемлекеттік прокурор бақылауына алды. Таразда

жергілікті  əкімшілік  олимпиада  чемпионымен  кездесуді  ұйымдастырды,  оның

үстіне  бұл  іс-шараны  «Отан»  анық  қолдаған.  Кейбір  аймақтарда,  əсіресе  Алматы

мен  Өскеменде  байқаушылар  сондай-ақ  əкімшіліктердің  сайлау  комиссияларының

жұмысына килігу жағдайларын атайды.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ сондай-ақ партияларға кіру жəне белгілі бір партиялар немесе

кандидаттар  үшін  дауыс  беру  мақсатында  сайлаушыларға  қысым  көрсету  туралы

бірнеше  сенімді  хабар  алды.  Бір  жағдайда  жоғарғы  оқу  орнының  оқытушысы

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  ол  «Ақ  Жол»  партиясын  қолдағандықтан,  өзінің  еңбек

шартының  ұзартылмағанын  хабарлады.  Атырауда  «Руханият»  партиясының  өкілі

байқаушыларға  азаматтық  алу  үшін  жүгінетін  иммигранттарға  көш-қон

органдарының  өкілдері  қысым  жасап,  оларды  «Руханият»  партиясына  кіруге,

сондай-ақ  айына 50 теңге  құрайтын  мүшелік  жарналар  төлеуге  мəжбүрлейтінін

хабарлады.  Сонымен  қатар, «Руханият»  партиясының  төрағасы  жəне  Қазақстан

имммграциялық  қызметінің  бастығы  Алтыншаш  Жағанова  ханым  өзінің  үгіт

плакатын Атырау қаласының иммиграциялық қызметінің бөлімінде іліп қою туралы

бұйрық  шығарған  тəрізді.  Екі  турдың  да  барысында  сайлау  күні  сайлаушыларға

                                                     

17

 



Оппозициялық  партиялар  мен  тəуелсіз  кандидаттар  əкімшілік  ресурстарды  теріс  пайдалану

жайында көптеген айып тақты, бірақ байқаушылар мұны əркез қайта тексеріп отыра алмады.

Алайда,  ондай  айыптар  «Асар»  жəне  «Отан»  партияларының  жетекшілері  тарапынан  да

естілді.


18

 

Əкімшілік – облыс деңгейінде немесе одан төмен атқарушы жергілікті өзін-өзі басқару органы.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 14

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

қысым  көрсету  туралы  басқа  да  хабарлар  болды  (төменде  сайлау  күні  туралы

бөлімдерден қараңыз).

VIII. БАҚ

A.

Н

ЕГІЗГІ МəЛІМЕТТЕР

Қазақстанда  əрекет  ететін  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  саны  көп.  Ресми

статистикалық  деректерге  сəйкес, 2004 жылдың  маусым  айында  Қазақстанда 2041

бұқаралық ақпарат құралдары бар, олардың 1575 жеке тұлғалардың қолында немесе

медиа-холдингілерге тиесілі, ал 466 мемлекеттік; 981 бұқаралық ақпарат құралдары

республикалық  деңгейде  жұмыс  істейді.  Барлығы 1859 баспасөздік  БАҚ, 171

электронды  БАҚ  (соның  ішінде 40 радиокомпания  мен 131 телерадиокомпания),

сондай-ақ 11 ақпарат агенттігі бар.

Көптеген  БАҚ  жеке  тұлғалардың  қолдарында  шоғырланған  немесе  Президент  пен

оның  отбасына  жақын  холдингілерге  тиесілі. «Асар»  партиясынан  кандидат  жəне

оның  жетекшісі  Дариға  Назарбаева  сайлау  алдындағы  науқанды  өткізу  уақытына

«Хабар»  медиа-холдингінің  басқарма  кеңесі  төрағасының  лауазымынан  уақытша

бас тартқанымен, «Хабар» президентті қолдайтын партияларға артықшылық беруін

жалғастыра  берді.  Дариға  Назарбаева  өзі  Парламентке  сайланған  жағдайда,

«Хабардағы» орнын қалдыратыны туралы жұртшылыққа жария етті.

Бұқаралық  ақпарат  құралдарын  монополияландыру  жəне  шоғырландыру

редакциялардың саясатына жиі ықпал етеді, бұл халықаралық стандарттарға қайшы.

Мысалы,  БҰҰ  пікірді  білдіру  бостандығы  жөніндегі  арнайы  баяндамашысының,

ЕҚЫҰ  БАҚ  бостандығы  жөніндегі  өкілінің  жəне  ОАГ  пікірді  білдіру  бостандығы

жөніндегі

19

  Бірлескен  мағлұмдамасы  БАҚ  иелерінің  журналистердің  редакциялық



тəуелсіздігін  құрметтеуге  жауапкершілігін  атап,  БАҚ  иелігінің  шамадан  тыс

шоғырлануының алдын алуға ұсыныстама жасайды жəне БАҚ иеленуші лауазымды

тұлғалар  мен  үкімет  мүшелерінің  туындайтын  мүдделер  қақтығысын  шешу

қажеттігін көрсетеді.

Сайлау күніне дейін билік орындары сайлау алдындағы науқан кезінде ақпараттық

ортаны  жақсарту  бойынша  біраз  қадамдар  жасады.  Ақпарат  министрі  болып

жетекші  оппозициялық  қайраткер  тағайындалды,  ал  ОСК  теледебаттардың  жеті

раундын  ұйымдастырды  жəне  БАҚ  жұмыс  ережелерін  қабылдады.  Бұл  қадамдар

жаңалықтар  шығарылымдарында  саяси  партияларды  тең  құқылы  қамтуды

қамтамасыз ету бойынша күштермен қошталмады.



Б.

БАҚ 

 ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді жəне

цензураға тыйым салады. Осыған байланысты, əрбір азаматтың бұқаралық ақпарат

құралдарын қоса алғанда, кез келген тəсілмен ақпарат алуға жəне таратуға құқығы

                                                     

19

 



N. 190, 2002 жылдың  желтоқсан  айы.  БҰҰ  арнайы  баяндамашысы  да  сондай-ақ  өзінің 1999

жылғы  жылдық  есептемесінде  «БАҚ  монополиясына  немесе  бірнеше  адамның  қолында

шамадан  тыс  шоғырлануына  пікірлер  мен  дауыстар  плюрализмін  дамыту  мүддесінде  жол

бермеу керек» деп мəлімдеді.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 15

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

бар.  Сайлау  алдындағы  науқан  кезінде  БАҚ  қызметін  реттейтін  екі  негізгі  құжат  -

«Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  заң  жəне  БАҚ  арқылы  сайлау

алдындағы үгіт Ережелері болып табылады.

20

Сайлау  туралы  заңда  сайлау  алдындағы  науқан  кезінде  барлық  БАҚ



кандидаттардың,  саяси  партиялардың  сайлау  науқанын  объективті  таныстыруды

жүзеге  асыруға  міндеттілігі  көзделген.

21

  Сонымен  бір  мезгілде,  Сайлау  туралы  заң



кандидаттар  мен  партиялардың  сайлау  алдындағы  үгіт  жүргізу  үшін  бұқаралық

ақпарат  құралдарына  қол  жеткізу  мүмкіндігінің  тең  жағдайға  құқығын,  сондай-ақ

мемлекеттің  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  кедергісіз  қол  жеткізу  мүмкіндігіне

кепілдік беруге міндетін белгілейді.

22

Əрбір  кандидатқа  теледидар  арқылы  он  бес  минуттық  бір  шығып  сөйлеуге,  радио



арқылы он бес минуттық бір шығып сөйлеуге, сондай-ақ баспасөз басылымдарында

екі  мақала  жариялауға  мемлекеттік  қаражаттар  бөлінеді.  Сондай-ақ  тең  құқықтық

негізде  ақылы  саяси  үгіт  материалдарына  рұқсат  берілген.  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ

аталмыш мəселеге қатысты қандай да бір бұзушылықтар немесе шағымдар туралы

деректер жоқ.

ОСК  жəне  Ақпарат  министрлігі  Сайлау  туралы  заңның  кейбір  принциптерін  одан

сайын  күшейткен  БАҚ  арқылы  сайлау  алдындағы  үгіт  Ережелерін  əзірледі.  Ол

ережелерге  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жұртшылықты  сайлаудың  барысы

туралы  ақпараттандыруға  міндеті,  сайлау  алдындағы  науқан  туралы  риясыз

хабарлауға міндеті, кандидат ретінде тіркелген журналистердің өздерінің сайлаудың

барысы  туралы  ақпараттандыру  бойынша  қызметін  уақытша  тоқтатуға  міндеті,

сондай-ақ  сайлау  күніне  бес  күн  қалғанда  қоғамдық  пікірге  сауалдамалардың

нəтижелерін таратудан бой тартуға міндеті кірді.

Халықаралық тəжірибе бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттарға тең

жəне  объективті  қол  жеткізу  мүмкіндігі  туралы  қағидалар  енгізуді  көздейді.  СБМ

жүргізген  БАҚ  мониторингінің  нəтижелері  орталық  теледидардың  тіркелген  он

партия мен блоктарға тең жəне объективті қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ете

алмағанын көрсетеді.

23

БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгіт Ережелерінде ОСК мониторингінің Ережелерге



сəйкестігі үшін жауап береді делінеді. Сайлау алдындағы науқан кезінде ОСК БАҚ

мониторингі  жөніндегі  бөлімді  іске  қосып,  сонысымен  бұқаралық  ақпарат

құралдарының БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгіт Ережелеріне сəйкестігін тексеру

мандатын  нысандық  түрде  іске  асырды.  Алайда,  мониторингінің  не  əдістемесі,  не

нəтижелері  сол  күйі  жарияланбады.  БАҚ  мониторингін  жүргізуге  ОСК

талпыныстары жетістік болып табылады, алайда осындай қадамдардың құндылығы

ашықтық деңгейінен тəуелді болады.

                                                     

20

 

БАҚ  арқылы  сайлау  алдындағы  үгіт  Ережелерінің  ресми  атауы – «Бұқаралық  ақпарат



құралдары  арқылы  сайлау  алдындағы  үгітті  жүзеге  асыру  жəне  Қазақстан  Республикасы

Парламентінің Мəжілісіне депутаттар сайлауды ақпараттық қамсыздандыру ережелері».

21

 

Сайлау туралы заңның 27.7.



22

 

Сайлау туралы заңның 28.1 жəне 28.2 Баптары.



23

 

БАҚ мониторингінің диаграммаларынан қараңыз.



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 16

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

ОСК  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ақпараттандыруға  қатысты  шағымдарды

талқылау  үшін  БАҚ  жəне  саяси  партиялардың  өкілдері  қатысатын  «Қоғамдық

кеңесті» құрды. Алайда, ОСК дисбалансты тиімді түзетуді қамтамасыз ету бойынша

одан  əргі  қадамдар  жасамады  жəне  оппозициялық  партиялар  аталмыш  мəселеге

қатысты  берген  барлық  ресми  шағымдарды  қабылдамай  тастады.  ОСК,  төменгі

деңгейлердің  комиссиялары  мен  соттардың  тең  ақпараттандыруға  жəне  бұқаралық

ақпарат  құралдарына  қол  жеткізу  мүмкіндігіне  қатысты  шағымдарға  көрсетілген

енжарлығы  кандидаттардың  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  тең  құқықтығын

қамтамасыз  етуге  бағытталған  қимыл  болып  табылмайды.  Оның  үстіне,  бұл

жағдайды  одан  сайын  нашарлатады  жəне  БАҚ  пен  саяси  партиялардың  тарапынан

теріс пайдалануға əкеліп соғады.

Жалпы алғанда құқықтық шеңбер сайлау алдындағы науқан  туралы  теңдестірілген

жəне  əділ  ақпараттандырудың  маңызды  кепілдіктерін  қамтығанымен,  жала

жабушылық  жəне  Президенттің  ары  мен  абыройына  кір  келтіруге  қатысты

Қылмыстық  кодекске  жəне  мемлекеттік  істердің  құпиялылығы  туралы  заңға

сілтемелер  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  саяси  жүйенің  сыншылары  ретінде

əрекет  ету  бостандығын  шектейді.  Жалпы  алғанда  жала  жабушылық  туралы

екіұшты  заңдар  өз  бетінше  қолданыла  алады  жəне  бұқаралық  ақпарат  құралдарын

дамытуға жəрдемдеспейді.



В.

БАҚ 

МОНИТОРИНГІ

Бүкіл  сайлау  алдындағы  науқанның  ішінде  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  жалпы

республикалық  ауқымы  бар  төрт  теледидар  станцияларына  мониторинг  жүргізді.

Таңдауға жалпы республикалық ауқым жəне көрермендердің саны, сондай-ақ сайлау

алдындағы  науқан  үшін  мағыздылығы  жəне  сайлаушылар  үшін  ақпараттық

сыйымдылығы  негіз  болды.  Мониторингіге  мемлекеттік  «Қазақстан-1»  арнасы,

негізінен мемлекеттік «Хабар» арнасы жəне жекеше екі станция – «31 канал» жəне

«КТК»  кірді.  Сондай-ақ  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  шығатын  негізгі  баспасөздік

бұқаралық ақпарат құралдарына (күнделікті, сондай-ақ апталық) талдау жүргізілді.

24

Əдетте  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  жүргізетін  БАҚ  мониторингі  БАҚ  саласындағы  саяси



плюрализмнің  сандық  жəне  сапалық  аспектілерін  талдайды.  БАҚ  мониторингі

сайлауға əрбір қатысушы үшін уақытты жəне орынды бөлу бойынша дəл  деректер

беруді  мақсат  етіп  қойды.  Сонымен,  мониторинг  БАҚ  жүйесінің  əр  түрді  саяси

баламалары  туралы  теңдестірілген  жəне  тең  ақпараттың  жеткілікті  деңгейіне

қаншалықты кепілдік бере алатынын қайта тексерді.

Саясат жəне сайлау алдындағы науқан туралы ақпараттың басым бөлігі жаңалықтар

шығарылымдарынан орын алды. Ақылы саяси үгітті негізінен «Ақ Жол» партиясы

мен «АИСТ» блогы пайдаланды.

 «Қазақстан-1»  мемлекеттік  теледидар  станциясы  өзінің  эфирдегі  уақытының 64%

«Отан»  партиясының  саяси  жаңалықтарын  шолуға  жəне  оның  мүшелеріне  арнады.

                                                     

24

 



Мониторингімен  қамтылған  мезгілдік  басылымдарға  төмендегілер  кірді: «Айқын», «Егемен

Қазақстан», «Известия  в  Казахстане», «Караван», «Казахстанская  правда», «Литер»,

«Мегаполис», «Новое  поколение», «Панорама», «Республика», «Соз», «Начнем  с

понедельника», «Время», «Жас Алаш», «Деловая неделя», «Казахстан».



Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 17

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

Хабарлардың  сыңайы  негізінен  бейтарап  болды,  бірақ  басқа  тіркелген  партия  мен

блоктар туралы материалдар аз болды. Сайлау алдындағы науқан кезеңінде «АИСТ»

блогы  саяси  жаңалықтарға  арналған  эфирдегі  уақыттың 9% алды,  ал  қалған  8

тіркелген партиялар мен блоктар, соның ішінде «Асар», эфирдегі уақыттың 6% кем

алды.


«Хабар»  теледидар  станциясы  «Асар»  жəне  «Отан»  партияларына  елеулі  түрде

артықшылықтар  берді,  бұл  тиісінше  эфирдегі  уақыттың 44 жəне 31 пайызын

құрады. Осы партиялардың хал-жағдайы өздеріне оң қабақ танытуға байланысты да

анағұрлым  жақсы  болды,  ал  оппозициялық  «Ақ  Жол»  партиясы (5%) жəне

ҚКП/ҚДТ  блогының  үлесі (7%) мардымсыз  болды,  оның  үстіне  көбіне  көлеңкелі

тұстары көрсетілді.

Жеке  меншік «31 канал»  арнасының  бағдарламалары  негізгі  бақталастарды

насихаттауды  неғұрлым  тең  ұстауға  тырысса  да,  дейтұрғанмен  «Ақ  Жол»

партиясына  артықшылық  берді  (саяси  жаңалықтар  шығарылымында  уақыттың 36

пайызы). «31 канал» сайлау алдындағы науқан мəселелері көрсетуде бағдарламалар

көрсетті,  онда  барлығынан  көп  шолынған  «Ақ  Жол»  жəне  «Отан»  партиялары

болды. «Асарға» «31 канал» арнасында шолу аз берілді.

КТК

 

коммерциялық  теледидар  станциясы  «Асар»  партиясы  мен  оның



кандидаттарының пайдасына мəн беретіндігін көрсетті (саяси жаңалықтарға шолуда

эфирдегі  уақыттың 45 пайызы).  КТК  жаңалықтар  шығарылымдарында  бірнеше

дүркін оппозициялық партияларға, əсіресе «Ақ Жол» партиясына қарсы бағытталған

редакциялық  шабуылдар  орын  алды – КТК  арнасы  «Ақ  Жолға»  арнаған  эфирдегі

уақыттың 90% -ін анық негативті сарынға бұрды.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  бұдан  бұрынғы  сайлауда  орын  алғандай  бір  де  бір  БАҚ

органын жабу немесе журналистерді қудалау жағдайын байқамады. Алайда, сайлау

алдындағы науқанның соңғы аптасының ішінде мониторингімен қамтылған барлық

телестанциялар қамаудағы ҚДТ жетекшісі Ғалымжан Жақиянов қатысқан ҚКП/ҚДТ

блогының  ақылы  үгіт  материалдарын  көрсетуді  тоқтатты.  Үгіт  материалдарын

көрсетуді  тоқтату  ОСК  ұсыныстамасына  негізделді.  ҚКП/ҚДТ  блогы  Жоғарғы

Сотқа  шағым  берді,  бірақ  Сот  шешімі  олардың  пайдасына  қабылданбады.  Осы

материалдардың эфирден Орталық сайлау комиссиясының ресми шешімінсіз алыну

фактісі мен ол үшін заңдылығы шүбəлі негіздеме бұқаралық ақпарат құралдарының

ресми  қысымнан  азаттық  дəрежесіне  қатысты  жəне  БАҚ  туралы  қағидаларды

қолданудың объективтілігіне қатысты сұрақтар туғызады.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ  Петропавл  қаласында  бұқаралық  ақпарат  құралдарының

редакциялық  бостандығына  ресми  килігу  жағдайын  куəландыруға  мүмкіндігі

болмады.  Осы  инцидент  кезінде  Солтүстік  Қазақстан  облысы  əкімшілігінің

жанындағы ішкі саясат Департаменті жергілікті газеттердің редакторларына сайлау

алдындағы  науқанды  шолудың  мазмұны  мен  форматы  бойынша  «Отан»  билеуші

партиясының  қолдауына  нұсқаулар  бар  хат  жолдады.  Прокурор  жəне  ОСК  «Ақ

Жол»  партиясы  берген  шағымға  дереу  жауап  қайтарды  жəне  нəтижесінде  облыс

əкімінің  ішкі  саясат  Департаментінің  лауазымды  тұлғасына  ескерту  жасауға

тəртіптік санкция ұсынылды.


Қазақстан Республикасы – Парламенттік сайлау

Бет: 18

2004 жылғы 19 қыркүйек жəне 3 қазан

ЕҚЫҰ ДИАҚБ қорытынды есептемесі

ОСК  орталық  «Қазақстан-1»  жəне  «Хабар»  арналарында  теледебаттардың  жеті

раундын  ұйымдастырып,  оларға  қатысуға  он  тіркелген  партия  мен  блоктардың

барлығын  шақырды.  Кейбір  партиялар  бағдарламалардың  шектеулі  форматын

сынағанымен,  бұл  дебаттар  жұртшылыққа  саяси  баламалар  туралы  ақпарат  алуға

мүмкіндік берді.

Баспасөздік  БАҚ  жарияланымдардың  көпшілігінен  партиялық  редакциялық

саясаттың  көрініс  тапқанына  қарамастан,  электронды  бұқаралық  ақпарат

құралдарына  қарағанда  анағұрлым  алуан  түрлі  суретін  ұсынды.  Оппозициялық

газеттер  «Республика» (бұрынғы  «Ассанди  Таймс»)  жəне  «Сөз»  үкімет  пен

президентті қолдайтын партияларды сынайтын мақалалар жариялады. Мемлекеттік

«Казахстанская  правда»  газетінің  мемлекеттік  электронды  БАҚ  секілді  науқанды

теңдестірілген  шолуды  қамтамасыз  етпеу  фактісі  ерекше  назар  аударуды  талап

етеді.


Үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде ешқандай бұзушылықтар байқалған жоқ.

IX.

ШАҒЫМДАР ЖƏНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛАР

Заңнамалық  шеңбер  сайлаушыларға,  кандидаттар  мен  саяси  партияларға  сайлау

комиссияларына, соттар мен прокуратураларға шағымдар жəне апелляциялар беруге

мүмкіндік  береді.  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  СБМ 200-ден  астам  ресми  шағымдар  туралы

белгілі болды.

25

Шағымдар мен апелляцияларды қарастыру процесі жабық түрде болып, көбіне-көп



тиімділік  əкеле  қойған  жоқ.  Барлық  деңгейдегі  сайлау  комиссиялары  шағымдар

бойынша  шешімдерді  ықылассыз  қабылдайды – оның  орнына  істер  көбінесе  басқа

органдарға табысталып отырды. Мысалы, 17 қыркүйекте «Ақ Жол» ОСК көпшілігі

Орталық сайлау комиссиясына жолданған осының алдындағы шағымдарға жауаптан

бас  тартқанына  қатысты  шағым  берді.  Төменгі  деңгейлерде  шағымдар  көбінесе

тиісті  түрде  құжатталмаған  немесе  елеусіз  мəселелер  бойынша  берілгенімен,

сондай-ақ анағұрлым елеулі сипаттағы шағымдар да болды.

ОСК шағымдар бойынша шешімдерін ашық отырыстарда қабылдамады, сондықтан

партиялар,  кандидаттар  жəне  байқаушылар  шешімдер  қабылданатын  отырыстарға

қатыса  алмады,  бұл  Сайлау  туралы  заңның 20-1.3 бабына  қайшы  келеді.  ОСК

өкілдері плакаттарды орналастыру, кандидаттарға қарсы қылмыстық айып тағу мен

сайлау  науқанына  байланысты  басқа  мəселелер  секілді  саяси  партияларды

толғандыратын мəселелерді талқылау үшін олармен тұрақты кездесіп отырды. БАҚ

бойынша  Қоғамдық  кеңестің  отырыстарында  талқыланды,  оларға  сондай-ақ

партиялардың өкілдері де кірді. Осындай топтарды құру қолдау тауып жəне ақпарат

алмасуға  арналған  форум  болып  табылғанымен,  ол  топтар  шағымдарды  қараудың

тиімді тұтқасы бол алмады.

Төменгі  деңгейлерде  шағымдарды  қарастыру  рəсімі  дəйексіз  қолданылды.  СБМ

Алматы, 

Қостанай 

қалаларында 

жəне 


Оңтүстік 

Қазақстанда 

сайлау

                                                     



25

 

ОСК  СБМ 1999 жылғы  парламенттік  сайлаумен  салыстырғанда  ресми  берілген  шағымдар



санының аздығы туралы ақпараттандырғанымен, келіп түскен шағымдар туралы мəліметтерді

СБМ тұрақты бермеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет