Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды.
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық,физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Денсаулық деген не?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз.
Денсаулық – ағзаның қоршаған ортада салмақтылығы мен ешбір ауырсыну өзгерістерінің болмауымен сипатталатын табиғи жағдайы. ДСҰ анты бойынша: «Денсаулық – бұл аурулардық жоқтығы мен физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, ол амандықтың толық физикалық, рухани және қоғамдық жағдайы.

Халықтың денсаулығын анықтайтын факторларға жатады: еңбек ақысының мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек интенсивтілігінің деңгейі мен шарты, кәсіптік зияндықтардың болуы, олардың дәрежесі мен сипаты, өмір салты, мемлекеттің денсаулық сақтау және санитарлық жағдайы.