Дене шынықтыру жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы Астана 2013 ТҮсінік хат «Дене шынықтыру»



бет1/3
Дата18.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#11946
  1   2   3


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған
оқу бағдарламасы

Астана


2013

ТҮСІНІК ХАТ
«Дене шынықтыру» пәні бойынша білім беру бағдарламасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпы білім беру стандарт талабына сәйкес құрылған. Оқу бағдарламасы «Дене шынықтыру» пәнін бастауыш сыныптарда төрт жыл оқуға есептеп даярланған және білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыруды қарастырады.

Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты: дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;

- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;

- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;

- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;

- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;



  • жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.

Оқу бағдарламасының құрылымы және мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның танымдық белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктерге сәйкес келеді және келесі тақырыптарды қамтыған: «Дене жаттығуларының адам денесаулығына тигізетін әсері», «Оқу бағдарламасының белгілі бір дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Қимыл-қозғалыс тәртібі мен жеке гигиенасы, олардың денсаулық және оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін көтеру үшін маңызы», «Шынығу тәртібі», «Қазақстан халқының дене шынықтыру мәдениеті, оның еңбек іс-әрекеттерімен байланысы».

«Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру» бөлімі негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруге және оқушылардың дайындық деңгейлерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жалпы дене дайындығының құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада ондай құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылған.

Бағдарлама дене шынықтыру сабағы үшін базалық компоненттен тұратын материалды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) айқындайды.

Вариативті компонент мұғалімнің оқу процесі бойынша сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағыттайды. Вариативті компонент мектептің материалдық базасы мен орналасқан жерін, оқытушының мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын білім беру ұйымдары ұсынады, жергілікті орындарда дене шынықтыру пәні мұғалімі әзірлейді.

Бағдарлама «Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөліммен аяқталады. Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке сүйенеді: «білу/түсіну», «меңгере білу», «көрсете білу».

Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар бағдарламалық материалды оқушының табысты меңгеруін бағалаудың өлшемі (критерий) болса, екінші жағынан бастауыш сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.

Дене шынықтыру мұғалімі бағдарлама талаптарына сүйенеді және әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың (қорытынды тапсырмалар) өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы объективті бағалауға мүмкіндік береді.



Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері. Бастауыш мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі мыналар: дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей мөлшерді құрайды:



1-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 99 сағат);

2-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);

3-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);

4-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат).

«Дене шынықтыру» сабақтарындағы оқу процесінде келесі оқу пәндерімен байланыс орнатылады:



«Қазақ тілі және әдебиет»: өлең жолдарын қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруға қолдану.

«Қоршаған орта»: оқушы жаттығуларды орындау кезінде өзінің ағзасындағы мүшелер, дене бөліктері, табиғатта болатын маусымдық өзгерістер туралы мәліметтермен танысады. Тән гигиенасы, киімді таза ұстау ережелерін игереді. Жүгіру және түрлі ойын кездерінде уақыт туралы түсінік қалыптасады.

«Математика»: оқушы сантиметр, метр, шақырым, секунд және т.б. өлшем бірліктерімен танысады.

«Музыка»: оқушы қимыл-қозғалыстарды екпінмен, ырғақпен орындауды үйренеді.

«Бейнелеу өнері»: оқушы көрсетілген жаттығуларды орындау үшін бейнелі суреттерді қолдануды үйренеді.

«Еңбекке баулу»: өзіндік іс-әрекеттерді ұйымдастыруды үйренеді.

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1 сынып

Барлығы – 99 сағат (аптасына 3 сағ.)



Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын

тоқсандарға бөлу

Бағдар-лама түрлері

Бағдарлама бөлімдері


Оқу тоқсандары



1

2

3

4

Σ

Базалық

1. Жеңіл атлетика

6

-

-

6

12

2. Қозғалмалы ойындар

8

7

7

8

30

3. Гимнастика

7

8

6

-

21

4. Шаңғы*

-

-

10

-

10

5. Жүзу**

-

-

-

6

6

Базалық компонент бойынша сағаттар

саны:


21

15

23

20

79

Вариативті

1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

6

6

4

4

20

2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:

6

6

4

4

20

Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ ):

27

21

27

24

99


Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.
БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

Оқушылардың спорт залдары мен спорт алаңдарында қимыл-қозғалыс ережелерін сақтау тәртібі. Күн тәртібін сақтау және жеке бас гигиенасы. Дене жаттығуларының адам денсаулығы үшін маңызы. Оқу бағдарламасында берілген жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Шынығудың ағзаны сауықтырудағы маңызы.


Қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдылары

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Бастапқы қалып. Сапқа, қатарға және колоннаға тұру. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!» пәрмендері. Бір орында, оңға, солға, адымдап бұрылулар. Шеңберде, қатарда, колоннада тұрып ажырау және қосылу. «Оңға!», «Солға!», «Бір орында адымда!», «Адымда!», «Жүгіре бас!», «Сынып, тоқта!» пәрмендері.

Колоннада жүру: еденге сызылған белгілер бойынша аяқ ұшымен, өкшемен, жүрелей, толығымен отырып жүру; дұрыс мүсінді (дене бітімін) сақтап жүру; қолды түрлі қалыпта ұстап жүру.

Спорттық құралдармен (доп, шығыршық, секіргіш) және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Қол және аяқтың негізгі қалыптары; қол, аяқ және кеудемен орындалатын негізгі қимыл-қозғалыстар. Дұрыс мүсінді қалыптастыратын жаттығулар. Тыныс алу жаттығулары.

Өрмелеу. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығу және түсу; гимнастикалық орындыққа өрмелеу және астынан өту; көлденең және еңіс орнатылған гимнастикалық орындықта тізерлеп өрмелеу; ішпен жатып оң және сол аяқты кезегімен асырып гимнастикалық орындықтан асып түсу.

Тепе-теңдік жаттығулары. Бір орында, гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, бұрылу және жүрелей отыру, еңіс орнатылған гимнастикалық орындықтың және аласа бөрененің үстімен жүру.

Акробатикалық жаттығулар. Таянулар (жүрелей отырып, жатып, бүгіліп, отырып арттан таяну, арқамен жатып білекпен таяну), отыру түрлері (өкшемен, «бұрыш» қалпын ұстап), жинақталып отыру және жинақталып жатып (арқада) алға-артқа тербелу, төсенішке арқамен жатып (қол жоғарыда) оң және сол жаққа аунау.

Би жаттығулары. Ырғи адымдау, аяқты аяққа қосып қапталмен және жорғалай (аяқты жиі басып) адымдау.

Ойын түрлері және ойын түріндегі тапсырмалар: гимнастика және акробатика элементтерінен құрылған эстафеталар, өрмелеу арқылы түрлі кедергілерден өту.


Жеңіл атлетика

Жүгіру. Жүрумен кезектестіре отырып 2 минут жүгіру немесе 1 шақырым қашықтықты өту. Бағытты өзгертіп жүгіру (жыланша, шеңбермен, арқамен). Түрлі бастапқы қалыпта тұрып жүгіру. Жоғары сөрелік (старттан) қалыптан үдей жүгіру. 3×10 м қайталап жүгіру. 30 м жүгіру.

Секірулер. Бір орында тұрып бір және екі аяқпен секіру; алға ұмтыла және артқа секіру; бір орында тұрып оң және солға бұрыла секіру; 1-2 адым жасап ұзындыққа және биікке секіру; 30 см биіктіктен секіріп түсу.

Лақтырулар. Шағын допты нысанаға лақтыру. Үлкен және шағын доптарды лақтыру және қағып алу.

Жүгіру, секіру, лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар.


Қозғалмалы ойындар

Қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуға арналған ойындар: «Бақшадағы қояндар», «Қуыспақ», «Мергендер», «Қарлығаштар мен қаршығалар», «Балапандар», «Өз жалаушаларыңа!», «Жылжыма өз орныңа тұр!» және т.б.

Доппен өткізілетін ойындар: «Аңшылар мен үйректер», «Доп сайысы», «Доп шеңбермен», «Лақтыр да, қағып ал!» және т.б.
Шаңғы

Шаңғыны тасымалдау, шаңғының иыққа қойып саппен жүру. Таяқтың көмегінсіз адымдап және сырғи қозғалу. Бір орында және қозғалыста адымдап бұрылу. Аласа дөңге адамдап көтерілу және негізгі тұру қалпында еңіске түсу. «Қақпадан өту», «Кім ұзағырақ сырғиды», «Тіркеме қозғалыс» және т.б. қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.


Жүзу

Суға бой үйрету жаттығулары: суға баспен сүңгу, су түбінен түрлі заттарды алып шығу, суға дем шығару; «Жұлдызша», «Қалытқы» жаттығуларын тыныс алуды тоқтатып орындау.

Суда өткізілетін ойын түрлері: «Кім көп көбік шығарады», «Саусақ санамақ», «Кім биігірек секіреді», «Толқиды теңіз», «Суға кім жылдам тығылады» және т.б.
2 сынып

Барлығы – 102 сағат (аптасына 3 сағ.)

Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын

тоқсандарға бөлу



Бағдар-лама түрлері

Бағдарлама бөлімдері


Оқу тоқсандары



1

2

3

4

Σ

Базалық

1. Жеңіл атлетика

7

-

-

7

14

2. Қозғалмалы ойындар

8

7

8

7

30

3. Гимнастика

8

10

6

-

24

4. Шаңғы*

-

-

10

-

10

5. Жүзу**

-

-

-

6

6

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

23

17

24

20

84

Вариативті

1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

4

4

6

4

18

2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар саны

4

4

6

4

18

Оқу жылы бойынша сағаттар саны: (Σ )

27

21

30

24

102

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.
Білім негіздері

Оқушының қимыл-қозғалыс тәртібі. Таңертеңгілік гимнастика және дене жаттығуларымен таза ауда шұғылданудың маңызы. Дене жаттығуларын орындау кезіндегі гигиеналық ережелер. Жүгіру және шаңғы тебу кезіндегі тыныс алу түрлері. Суға шомылу, ауа және күн ванналарын пайдалану ережелері. Оқушылардың суға түсу кезінде қаіпсіздік ережелері сақтаулары.


Қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдылары

Гимнастика

Алдыңғы сыныпта үйретілген оқу материалдарын қайталау.



Саптық жаттығулар. Бір орында тұрып шеңбермен бұрылуды «Шеңбермен! Бір-екі» пәрмені бойынша бөліп орындау. Бір колоннадан екі колоннаға және бір қатардан екі қатарға сап құру. Колоннаға орналасып «қиғаштап» және «қарама-қарсы бағытта» қозғалуды түрлі арақашықтықпен және түрлі екпінмен орындау.

Спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Акробатикалық жаттығулар. Аяқты бүгіп және тіктеп жауырынға тұру. Жинақталып отырған қалыптан алға аунау. Арқада жатып «көпір» қалпын қабылдау. Етпеттеп жатқан қалыптан шалқайып аяқ ұшын басқа тигізу («қорапша» қалпы).

Тепе-теңдік жаттығулары. Бөрене үстіне қойылған кедергілерден аттап жүру.

Өрмелеу жаттығулары. Еңіс орнатылған орындық гимнастикалық орындыққа жүрелей отырып өрмелеу. Көлденең және еңіс орнатылған гимнастикалық орындыққа етпеттеп жатып қолмен тартылу. Биіктігі 60 см гимнастикалық бөренеден асып түсу.

Асылу және таяну. Жатып асылған қалыпта орындалатын жаттығулар, таянып тұрған қалыпта орындалатын жаттығулар; түргеліп тұрып және жатып таянған қалыптан орындалатын жаттығулар.

Би жаттығулары. Аяқпен орындалатын позициялар, алма-кезек адымдар.

Ойын түрлері және ойын түріндегі тапсырмалар: гимнастика және акробатика элементтерінен құрылған эстафеталар, өрмелеу арқылы кедергілерден өту.


Жеңіл атлетика

Алдыңғы сыныпта үйретілген оқу материалдарын қайталау.



Жүру және оның түрлері.

Жүгіру. Жоғарғы сөре (старт). Бағытты және екпінді өзгертіп жүгіру. Қайталап 3×10 м жүгіру. 30 м жүгіру. Уақытты есепке алмай 1000 м қашықтыққа жүгіру.

Секірулер. Бір орында және 90о и 180о бұрылып секіру, бір орыннан ұзындыққа секіру. Тік бағытпен жүгіріп келіп секіру, 40 см биіктіктен секіру, секіргішпен бір орында секіру.

Лақтырулар. Көлденең және тік орнатылған нысанаға шағын допты лақтыру; «иықтан асыра» лақтыру тәсілімен алысқа лақтыру.

Жүгіру, секіру, лақтыру және эстафета түріндегі қозғалмалы ойындар.


Дала жарысы. Ойлы-қырлы жерлері аз далада табиғи кедергілерден өтіп жүгіру (1,5-2 шақырым).
Қозғалмалы ойындар

Алдыңғы сыныпта үйретілген ойындар.

Қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуға арналған ойындар: «Жылжымалы арқан», «Нөмірлерді шақыру», «Үйсіз қоян», «Орамал», «Ау» және қуыспақ ойындарының түрлері.

Доппен өткізілетін ойындар: «Доппен қуыспақ», «Нысанаға дәл тигізу», «Допты аяқпен тебе қозғалу», «Колоннада тұрып допты лақтыру», «Допты көршіге беру», «Допты өткізу» және т.б.


Шаңғы

Таяқпен итеріле сырғу. Адымдап және сырғи шаңғы ізімен қозғалу. Бір орында тұрып аяқтың өкшесін көтермей адымдай бұрылу. Аласа дөңге адымдап, «шырша» және «баспалдақ» тәсілдерімен көтерілу. Негізгі тұру қалпында еңіске түсу. «Соқаша» тежелу. Шаңғымен 1 шақырым қашықтықты өту.

Қозғалмалы ойындар және қарама-қарсы эстафеталар: «Кім тауға бірінші болып шығады», «Кім таудан ұзағырақ сырғиды», «Шаңғы сайысы», «Қақпаға» және т.б.
Жүзу

Тыныс алу жаттығулары. «Жұлдызша» және «Қалытқы» қалпында демді ұстау жаттығулары. Біреудің көмегімен немесе бассейннің жақтауынан ұстап етпеттеп және шалқалап жатып «жұлдызша» жаттығуын орындау. Бассейннің жақтауынан ұстап жатып аяқпен кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қимылдарды орындау. Етпеттеп және шалқалап жатып сырғу.

Судағы ойындар: «Туннелге кіретін поезд», «Балықтар және ау», «Толқиды теңіз», «Су түбіне отыр», «Дельфиндер», «Торпедо» және т.б. су қарсылығын жеңуге, суда сырғу және сүңгуді үйрететін ойындар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет