Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-тарау.Мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары



бет2/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,51 Mb.
#9803
1   2   3   4

2-тарау.Мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1. Аға жаттықтырушы
      78. Лауазымдық міндеттері. Спортшылардың оқу-жаттығу процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, спортшылардың жеке дайындық жоспарын жасайды.
      79. Спортшылардың физикалық, теориялық, моральдық – ерік, техникалық және спорттық даярлығын арттыруды, спортшылардың жоспарланған жаттығу жүктемелері көлемін, спорттық нәтижелерді және қажетті қалпына келтіру іс-шараларын орындауын, оқу-жаттығу процесі және спорттық іс-шаралар кезінде спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      80. Тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды жүргізеді.
      81. Өндірістік-есепке алу және есептік құжаттаманы уақтылы және сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімше басшысына, құрама команданың аға жаттықтырушысына тапсыруды жүзеге асырады.
      82. Атқарылған жұмысқа белгіленген тәртіпте есеп жүргізеді, оның нәтижелері мен тиімділігін талдайды.
      83. Спортшылардың медицина қызметкерлерінің антропометриялық өлшеулер, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар негізінде берген нұсқаулары мен бақылау жаттығуларын орындауын бақылайды.
      84. Спортшылардың жалпы және арнаулы дене тәрбиесі даярлығы бойынша бақылау нормативтерін жүргізеді.
      85.Спортшылардың тыйым салынған дәрілерді және әдістерді (допингке қарсы) қолдануын болдырмайды.
      86. Спортшылардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді, спорттық жетілдіру үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүзеге асырады.
      87. Даярлықтың әрбір кезеңінде спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшылардың мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
      88. Бекітілген даярлау жоспарының орындалуын, спортшылардың өнер көрсету нәтижелерін талдайды және алынған мәліметтерді ескере отырып, оларды одан әрі даярлауға түзетулер енгізеді.
      89. Спортшыларды даярлауға қатысатын басқа спорт ұйымдарымен бірлесіп әрекет етеді.
      90. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; қазіргі заманғы спорт ғылымның жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдісі; педагогика, психология, физиология негіздері; спортшылардың спорт түрлері бойынша әртүрлі дайындық кезеңіндегі оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерінің мазмұны; еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары және өндірістік санитарлық нормалар.
      91. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
2. Спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы
      92. Лауазымдық міндеттері. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың жұмысын қамтамасыз етуге басшылық жасайды және жүзеге асырады.
      93. Оқу-жаттығу процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.
      94. Спортшылардың теориялық, физикалық, моральдық, техникалық және спорттық даярлығын арттыруды, спортшылардың жоспарланған жаттығу жүктемесін орындауын, спорттық нәтижелерді және қажетті қалпына келтіру іс-шараларын қамтамасыз етеді.
      95. Оқу-жаттығу процесін және спорттық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      96. Тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді.
      97. Есепке алу және есептілік құжаттаманы сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімшенің бастығына уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.
      98. Белгіленген тәртіпте атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді, оның нәтижелері мен тиімділігін талдайды, спортшылардың медицина қызметкерлерінің антропометриялық өлшеулер, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар негізінде берген нұсқаулары мен бақылау жаттығуларын орындауын бақылайды.
      99. Спортшылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін қабылдайды.
      100. Спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қабылдау жағдайларын болдырмайды.
      101. Спортшылардың жарысқа қатысуын ұйымдастырады, спорттық жетілдіру үшін спортшыларды іріктеуді жүзеге асырады.
      102. Бекітілген дайындық жоспарларының орындалуын, бөлімше спортшыларының өнер көрсету қорытындыларын талдайды, алынған мәліметтерді есепке ала отырып, спортшылардың дайындығына түзетулер енгізеді.
      103. Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесін өткізеді.
      104. Жүйелі түрде біліктілігін арттырады, әдістемелік оқуларға, конференцияларға, семинарларға қатысады.
      105. Белгіленген тәртіпте спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушыларды көтермелеу туралы ұсыныстар енгізеді.
      106. Спортшыларды даярлауға қатысатын ұйымдармен өзара бірлесіп әрекет етеді.
      107. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттары; қазіргі заманғы спорт ғылымның жетістіктері, отандық және шет елдік спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдістері мен үрдісі; педагогика, психология, физиология негіздері; спортшылардың спорт түрлері бойынша әртүрлі дайындық кезеңіндегі оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерінің мазмұны; еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары және өндірістік санитарлық нормалар.
      108. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
3. Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы
      109. Лауазымдық міндеттері.Дайындықтың жылдық және ағымдық жоспарын әзірлейді, қатысушы-спортшылармен бірге өз жұмысының нәтижелері мен мазмұнына жүйелі түрде есеп жүргізеді, талдайды, жинақтайды
      110. Бөлімше оқушыларының топтарымен, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топтарға жататын оқушылармен оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмыстар жүргізеді (оқу-жаттығу процесін жоспарлайды, әр оқушыға даярланудың жеке жаттығу жоспарын жасайды).
      111. Өз жұмысында спорттық даярлықтың және оқушыларды сауықтырудың аса тиімді әдістерін пайдаланады.
      112. Оқушылардың жоспарланған жаттығу жүктемелерінің, спорттық көрсеткіштерінің және қажетті сауықтыру іс-шараларының жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді.
      113. Спорттық жетілдіру үшін аса перспективалы оқушыларды іріктеуді қамтамасыз етеді.
      114. Олармен тәрбиелік және патриоттық жұмыстар жүргізеді.
      115. Оқушылардың теоретикалық, физикалық, техникалық және спорттық дайындығын арттыруды, жаттығулар барысында олардың денсаулығын нығайтуды және сақтауды, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      116. Спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қолдану жағдайларын болдырмайды.
      117. Оқушылардың уақтылы медициналық тексерістен өтуін, олардың антропометриялық өлшемдердің, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулардың негізінде дәрігерлердің ұсынмдарын орындауын және бақылау жаттығуларының орындалуын бақылайды.
      118. Оқушылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін өткізеді.
      119. Есепке алу және есептілік құжаттамасын сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімшенің бастығына, аға жаттықтырушы-оқытушыға уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.
      120. Жаттықтыырушылар мен нұсқаушылардың семинраларына қатысады.
      121. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; оқу-спорттық мекемелерінің қызметін және спортшы-оқушылардың дайындығын реттейтін нормативтік құжаттар; дидактика қағидаттары, педагогика және жас ерекшелігі психологиясының негіздері; сабақ өтудің жалпы және жеке технологиялары, оқу мәнін әдістемелік қамтамасыз етудің қағидаттары; оқу-жоспарлау құжаттамасын әзірлеудің қағидаттары мен тәртібі; педагогикалық жұмыстың тиімді нысандарын және әдістемелерін айқындау, жинақтау және тарату әдістемесі; педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және қолдау қағидаттары; еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормалары және санитарлық-гигиеналық нормалар.
      122. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
4. Спорт жаттықтырушысы
      123. Лауазымдық міндеттері.Одан әрі спорттық жетілдіру үшін аса перспективалы оқушы-спортшыларды іріктеуді қамтамасыз етеді.
      124. Тәрбиелік және патириоттық жұмыстар жүргізеді.
      125. Дайындықтың жылдық және ағымдық жоспарларын әзірлейді, оқушылармен атқарған жұмысының нәтижелері мен мазмұнын жүйелі есепке алады, талдайды, жинақтайды.
      126. Бөлімше оқушыларының топтарымен, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топтарға жататын оқушылармен оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмыстар жүргізеді (оқу-жаттығу процесін жоспарлайды, әр оқушыға даярланудың жеке жаттығу жоспарын жасайды).
      127. Өз жұмысында спорттық даярлықтың және оқушыларды сауықтырудың аса тиімді әдістерін пайдаланады.
      128. Оқушылардың жоспарланған жаттығу жүктемелерінің, спорттық көрсеткіштерінің және қажетті сауықтыру іс-шараларының жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді.
      129. Оқушылардың теоретикалық, физикалық, техникалық және спорттық дайындығын арттыруды, жаттығулар барысында олардың денсаулығын нығайтуды және сақтауды, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      130. Спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қолдану жағдайларын болдырмайды.
      131. Оқушылардың уақтылы медициналық тексерістен өтуін, олардың антропометриялық өлшемдердің, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулардың негізінде дәрігерлердің ұсынмдарын орындауын және бақылау жаттығуларының орындалуын бақылайды.
      132. Оқушылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындықтары бойынша бақылау нормативтерін өткізеді.
      133. Есепке алу және есептілік құжаттамасын сапалы жүргізуді және басшылыққа, құрылымдық бөлімшенің бастығына, аға жаттықтырушы-оқытушыға уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.
      134. Жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың семинарларына қатысады.
      135. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; оқу-спорттық мекемелерінің қызметін және спортшы-оқушылардың дайындығын реттейтін нормативтік құжаттар; дидактика қағидаттары, педагогика және жас ерекшелігі психологиясының негіздері; сабақ өтудің жалпы және жеке технологиялары, оқу мәнін әдістемелік қамтамасыз етудің қағидаттары; оқу-жоспарлау құжаттамасын әзірлеудің қағидаттары мен тәртібі; педагогикалық жұмыстың тиімді нысандарын және әдістемелерін айқындау, жинақтау және тарату әдістемесі; педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және қолдау қағидаттары; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
      136. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
5. Спорт және дене шынықтыру әдіскері
      137. Лауазымдық міндеттері.Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізуді ұйымдастырады.Жаттықтырушылар құрамы жұмысының бағытын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамасыз етеді және оқу топтарын сапалы жасақтауды қамтамасыз етеді.
      138. Оқу-жаттығу және тәрбиелік процестердің нәтижелерін үйлестіреді.
      139. Дайындық оқу жоспарының және бағдарламасының орындалуын, оқытушы-жаттықтырушылар жұмысының сапасын қадағалайды.
      140. Өндірістік-есепке алу және есептілік құжаттамасын уақтылы және сапалы жүргізіп, басшылыққа, ұйымның құрылымдық бөлімше басшыларына тапсыруды қамтамасыз етеді.
      141. Белгіленген тәәртіпте атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді, оның нәтижелері мен тиімділігін талдайды.
      142. Оқытушы-жатытықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды, спорт түрлері бойынша бөлімшелерде семинарлар, ашық сабақтар өткізуді ұйымдастырады.
      143. Қызметкерлердің денсаулығын нығайту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ұйымдарда бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді
      144. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, салық, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; оқу-спорттық мекемелерінің қызметін және спортшы-оқушылардың дайындығын реттейтін нормативтік құжаттар; дидактика қағидаттары, педагогика және жас ерекшелігі психологиясының негіздері; сабақ өтудің жалпы және жеке технологиялары, оқу мәнін әдістемелік қамтамасыз етудің қағидаттары; оқу-жоспарлау құжаттамасын әзірлеудің қағидаттары мен тәртібі; педагогикалық жұмыстың тиімді нысандарын және әдістемелерін айқындау, жинақтау және тарату әдістемесі; педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және қолдау қағидаттары; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
      145. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
6. Дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушы
      146. Лауазымдық міндеттері. Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізуді ұйымдастырады.
      147. Спорттық және сауықтыру бағытындағы секцияға (топқа) дене шынықтыру және спортпен айналысуға ниетті және медициналық тұрғыдан жарамды адамдарды жинауды жүзеге асырады, олармен оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді.
      148. Дене тәрбиесі теориясы мен практикасы, салауатты өмір салты мәселелері бойынша кеңес береді.
      149. Спорттық іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіреді.
      150. Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
      151. Спорттық қызығушылық клубтары, дене шынықтыру-сауықтыру секциялары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
      152. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстардың есебін жүргізеді және талдайды.
      153. Салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асырады, дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адамдарға медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
      154. Озық жұмыс тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және енгізеді.
      155. Еңбек және демалыс тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды, аурудың алдын алу үшін дене шынықтырудың өзге де түрлі әдістерін, нысандарын пайдалану жөніндегі ұсынымдарды, әдістемелік материалдарды әзірлейді.
      156. Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге ықпал ететін жаттығулар кешенін әзірлейді.
      157. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстың теориялық негіздері, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемелері; педагогика, психология, физиология негіздері; спорт түрлері бойынша дайындықтың әртүрлі кезеңіндегі спортшылардың оқу-тәрбиелік және оқу-жаттығу процестерінің мазмұны; өрт қауіпсіздігі техникасының қағидалары, санитарлық-гигиеналық нормалар, еңбекті қорғау қағидалары.
      158. Біліктілік талаптары. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
7. Нұсқаушы-спортшы
      159. Лауазымдық міндеттері. Дайындықтың жеке жоспарын, оқу-жаттығу және жарыс тапсырмаларының жүктемесін орыындайды.
      160. Спорттық нәтижелерді арттыруды қамтамасыз ететін дайындықтың жалпы дене тәрбиелік және арнайы деңгейлерін қамтамасыз етеді.
      161. Жеке дайындық жоспарында қарастырылған тапсырмалардың орындалуы бойынша есеп жүргізеді.
      162. Жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп, оқу-жаттығу процесін жоспарлауға қатысады.
      163. Спорттық республикалық және халықаралы жарыстарға, соның ішінде әлем және Азия чемпионаттарына, әлем, Азия және Еуропа кубоктарына, Олимпиада және Азия ойындарына қатысады.
      164. Оқу-жаттығу сабақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормаларды, спорттық жарыстардың қағидаларын сақтайды.
      165. Халықаралық Олимпиада комитетінің хартиясына сәйкес спорттық этиканың нормаларын сақтайды, спортта тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) қолданбайды.
      166. Жас спортшыларға практикалық көмек көрсетеді.
      167. Ұйымдарда өткізілетін сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
      168. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық жарыстарды өткізу ережелері, қағидалары және регламенті; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибелер; дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік саясатының негізгі міндеттері, қазіргі заманғы спорт ғылымының жетістіктері, спорт түрлері дамуының теориясы мен әдістемесі; еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі техникасының қағидалары мен нормалары және санитарлық-гигиеналық нормалар.
      169. Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
3-тарау. Допингке қарсы ұйымдар лауазамдарының
біліктілік сипаттамалары
1. Допингке қарсы лабораторияның (ұйымның) басшысы
      170. Лауазымдық міндеттері. Лабораториялық топтардың тиімді жұмысын ұйымдастырады, лабораторияның қызметі бойынша стратегиялық шешімдер қабылдайды.
      171. Допингке қарсы бақылауды жүзеге асыру және допингке қарсы мәселелер бойынша ғылыми-практикалық конференцияларға және семинарларға қатысу үшін методологиялық тәсілдерді әзірлеуді қамтамасыз етеді.
      172. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігімен (ДДҚА), допингке қарсы саласындағы ғалымдардың дүниежүзілік қауымдастығымен, Ұлттық допингке қарсы орталықпен, Ұлттық олимпиада комитетімен және басқа допингке қарсы ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      173. Қызметкердің тиісті тренингтен өтуін және аккредиттелген ДДҚА лабораториясы үшін халықаралық стандарттар деңгейінде өз міндеттерін орындау үшін қажетті дағдыларға ие болуын қамтамасыз етеді.
      174. Лабораторияға жүктелген функциялар мен міндеттерді мамандардың уақтылы және сапалы орындауын ұйымдастырады.
      175. Сапалық жүйені енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмысты және әдістемелік басшылықты үйлестіруді жүзеге асырады.
      176. Сынақтарды жүргізу кезінде мамандардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
      177. Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз етеді.
      178. Лабораториялық зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелеріне қол қояды.
      179. Біліктілігін арттыру мақсатында лаборатория қызметкерлерін техникалық оқытуды ұйымдастырады.
      180. Тестілеуді жүзеге асыру және оның статистикасы бойынша тоқсан сайын ақпарат ұсынады.
      181. Тиісті органдарға (жауапты билікке, ДДҚА, халықаралық федерациялар) ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кдексінің және ДДҚА тиісті техникалық құжаттарының талаптары бойынша талдамалардың теріс нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.
      182. Білуі тиіс.ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексі, лобароторияларға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар, лобароторияның қызметіне қатысты басшылық, нормативтік және анықтамалық материалдар, экономика және кәсіпкерлік қызметтің негізі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік, санитарлық және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, алдыңғы қатарлы шетелдік допингке қарсы сынақ лабораториясының тәжірибесі.
      183. Біліктілікке қойылатын талаптар.жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру мамандығы бойынша, ғылыми дәрежесі және/немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы оның баламасы немесе бір немесе одан көп жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми дәрежесімен салыстырмалы түрдегі дайындығы, допинг ретінде қолданылатын субстанциялар бойынша биологиялық материалдарды талдау саласында тәжірибесі бір жылдан кем емес, допинг-бақылау құқықтық аспектісіндегі дайындығы мен тәжірибесі бір жылдан кем емес. Шет тілін білуі қажет (ағылшын немесе француз).
Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет