Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,51 Mb.
#9803
  1   2   3   4
Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 желтоқсанда № 9015 тіркелді


      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Баспасөз хатшысы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының, лауазымының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 14 маусымдағы № 06-2-2/4121 бұйрығы жойылсың.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы
      Спорт және дене шынықтыру
      істері агенттігінің төрағасы                       Т. Есентаев
      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      ____________ Т. Дүйсенова
      29 қарашадағы 2013 ж.
Қазақстан Республикасы    
Спорт және дене шынықтыру   
істері агенттігі төрағасының
2013 жылғы 26 қарашадағы   
№ 434 бұйрығымен бекітілді 
Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
1-тарау. Басшылар лаузымдарының біліктілік сипаттамалары
1. Ұйымның басшысы
      1. Лауазымдық міндеттері. Қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.
      2. Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды.
      3. Басқа ұйымдармен немесе өзге де заңды тұлғалармен келісімшарт жасасады, келіссөздер, операциялар жүргізеді, өкімдер, бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның мүддесін білдіреді.
      4. Оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді.
      5. Педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды.
      6. Ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді.
      7. Барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды.
      8. Жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушы-әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
      9. Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар, банктерді қоса алғанда, алдындағы міндеттемелерінің сапалы орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім шарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді.
      10. Басқа лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады; қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, белгіленген тәртіпте қызметкерлерді аттестаттудан өткізеді, басқарманың құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.
      11. Спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды.
      12. Ішкі еңбек тәртібінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздіктерінің сақталуына жауап береді.
      13. Тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның қаржы-шаруашылық, оқу-жаттығу және басқа қызметтерінің есебін ұсынады.
      14. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) және  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; педагогика, психология, физиология негіздері; дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбиелік және оқу-жаттығу процесінің мазмұны; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
      15. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
2. Басшының орынбасары
(негізгі қызметі бойынша)
      16. Лауазымдық міндеттері. Ұйымның бірінші басшысының басшылығымен және басқа құрылымдар мен қызметтің басшыларымен өзара әрекет ете отырып, өз міндеттерін орындайды.
      17. Өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді.
      18. Спорттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады, спортшыларды даярлаудың бағдарламасын және жоспарын орындау жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы құрамының жұмысын сондай-ақ оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді үйлестіреді.
      19. Спорттық топтарды жасақтауды қамтамасыз етеді, оқу топтарының сабақ кестесін, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құру жұмыстарын жүзеге асырады.
      20. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оқу-жаттығу процесін оқытудың және қткізудің әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      21. Дене шынықтыруды және спортты насихаттау және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
      22. Спортшыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникаларын сақтауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      23. Оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      24. Спортшылардың оқу-жаттығу процесін орындауын, оқу бағдарламаларының талаптарын орындауын қамтамасыз етеді, спортшылардың дайындық деңгейін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді, медициналық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді; спорт түрлерінен федерациялармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ұйымдағы спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіреді; спортшыларды дайындаудың перспективалық, ағымдағы және жеке жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді.
      25. Спорт түрлері бойынша ұйым спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары нәтижелерді қамтамасыз етеді.
      26. Құрылымның және штат кестесінің өзгеруі бойынша ұсыныстар енгізеді.
      27. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) және  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; есеп және қаржы талдамасының, менеджмент және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздері; ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру тәртібі; салалық келісімдер, ұжымдық шарттар әзірлеу және жасау және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу тәртібі; дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе; Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; педагогика, психология, физиология негіздері, дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесінің мазмұны; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
      28. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
3. Басшының орынбасары
(қаржы және ұйымдастыру қызметі бойынша)
      29. Лауазымдық міндеттері.Өзіне жүктелген өкілеттік шегінде қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметтері мәселелерін шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға – құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады.
      30. Ұйымның белгіленген есептік құжаттамасын сапалы және уақытылы жасауды қамтамасыз етеді.
      31. Бөлімшенің қызметінде заңдылық сақтауды және олардың қаржылық басқару, келісімшарт және қаржылық тәртіптерді, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайта отырып, құқықтық тәсілдерді пайдалануда шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруды, еңбекте қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, құрылымдық бөлімшелерде еңбек тәртібін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      32. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) және  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; есеп және қаржы талдамасының, менеджмент және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздері; ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру тәртібі; салалық келісімдер, ұжымдық шарттар әзірлеу және жасау және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу тәртібі.
      33. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
4. Мемлекеттік жаттықтырушы
      34. Лауазымдық міндеттері. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту стратегиясын айқындайды.
      35. Спорт түрі (түрлері) бйынша федерациялармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, Қазақстан Республикасының өңірлерінде спорт түрін (түрлерін) насихаттауды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      36. Дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың, Республика құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша жаттықтырушылардың, мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      37.Спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді (допингке қарсы) пайдалану жағдайларын алдын алу және болдырмау жұмыстарын ұйымдастырады.
      38. Республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарын, спорт түрі (түрлері) бойынша бірыңғай спорттық сыныптаманы әзірлейді.
      39. Қазақстан Республикасында спорт түрі (түрлері) бойынша жаттықтырушылар құрамының жұмысына басшылық жасайды.
      40. Қазақстан Республикасының штаттық және ұлттық құрама командасының құрамына үміткерлерді алу үшін ұсыныстар енгізеді.
      41. Олимпиадаға спортшыларды даярлаудың кешенді нысаналы бағдарламасын әзірлеуге қатысады, оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      42. Спорт түрі (түрлері) бойынша республиканың ұлттық құрама командасы спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа технологияларды қолдану есебінен жоғары нәтижелер көрсетуді қамтамасыз етеді.
      43. Спортшылардың өнер көрсету қорытындыларының негізінде дайындық жоспарын түзету бойынша ұсыныстар енгізеді және спорт түрі (түрлері) бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы жаттықтырушылар құрамының жұмысына талдау жасайды.
      44. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу ережелері, қағидалары және регламенті; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және отандық және шетелдік тәжірибелер; қазіргі заманғы спорттық ғылымның жетістіктері, спорт түрінің даму теориясы және әдістемесі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларының және нормаларының негіздері.
      45. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
5. Құрама команданың бас жаттықтырушысы
      46. Лауазымдық міндеттері.Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команданы (бұдан әрі – құрама команда) даярлау жөніндегі жаттықтырушылар құрамының және спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда үшін резерв даярлауды жүзеге асыратын жастар (және жасөспірімдер) командасының барлық бас жаттықтырушыларының жаттықтырушылар кеңесінің жұмысына басшылық етеді.
      47. Жас ерекшеліктеріне сәйкес құрама командалардағы ауыспалылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
      48. Құрама команданың даярлығын жүзеге асырады және олардың жарыстарға қатысуын ұйымдастырады.
      49. Спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін дайындықтың әр кезеңінде құрама команда дайындығының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
      50. Перспективалы спортшыларды іріктейді және құрама команда мен штаттық командаларды жасақтауды жүзеге асырады.
      51. Құрама команданың мүшелері дайындығының перспективалы, ағымдық және жеке жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысады, тәрбиелік және патриоттық жұмыстар жүргізеді.
      52. Құрама команданыың жаттықтырушылар үшін жарыстардың жоспар-тапсырмаларын әзірлейді және айқындайды.
      53. Құрама команданың спортшыларын даярлау бойынша жаттықтырушылардың жұмысын қамтамасыз етеді.
      54. Құрама команданың және жеке спортшылардың бекітілген дайындық жоспарларының орындалуын, өнер көрсету қорытындыларын талдайды, ұсынылған деректерді ескере отырып, бұдан әрі дайындықтарына түзетулер енгізеді.
      55. Спортшыларды даярлауға қатысатын спорттық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      56. Жарыстарда құрама командаға мүше спортшылардың өнер көрсету нәтижелері туралы есепті тікелей басшылыққа, мемлекеттік жаттықтырушыға, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
      57. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының Конституциясы;  Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу ережелері, қағидалары және регламенті; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және отандық және шетелдік тәжірибелер; қазіргі заманғы спорттық ғылымның жетістіктері, спорт түрінің даму теориясы және әдістемесі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидаларының және нормаларының негіздері.
      58. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
6. Жастар (жасөспірімдер) құрама командасының аға
жаттықтырушысы
      59. Лауазымдық міндеттері. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жастар (жасөспірімдер) құрама командаларын (бұдан әрі – құрама командалар) даярлау жөніндегі жаттықтырушылар құрамының жұмысына басшылық жасайды.
      60. Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаға резерв даярлауды, жастар (жасөспірімдер) құрама командасының жаттығу процесін жүзеге асырады және олардың жарысқа қатысуын ұйымдастырады.
      61. Даярлықтың әрбір кезеңінде спорттық нәтижеге қол жеткізу үшін құрама командалардың мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
      62. Перспективалы спортшыларды іріктейді және құрама команда мен штаттық командаларды жасақтауды жүзеге асырады.
      63. Спортшыларды даярлаудың перспективалы жоспарын әзірлейді және жұмылдырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын қамтамасыз етеді, спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына даярлығы бойынша жұмыстарды және олардың жарыстарда өнер көрсетулерін ұйымдастырады.
      64. Спортшылармен тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді.
      65. Құрама команда мүшелерінің перспективалық, ағымдық және жеке даярлық жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді және оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысады, тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды жүргізеді.
      66. Құрама команданың жаттықтырушылары үшін жарыстардың жоспар-тапсырмаларын айқындайды.
      67. Құрама командалар спортшыларын даярлау жөніндегі жаттықтырушының жұмысын қамтамасыз етеді.
      68. Бекітілген даярлау жоспарының орындалуын, құрама командалардың және жекелеген спортшылардың қатысу нәтижелерін талдайды және алынған деректерді ескере отырып, олардың кейінгі дайындығына түзетулер енгізеді және спортшылардың жоспарланған нәтижелерін орындауына жауапты болып табылады.
      69. Спортшыларды даярлауға қатысатын спорт ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейді.
      70. Құрама командаға мүше спортшының жарыстарға қатысу нәтижелері туралы тікелей басшысына, мемлекеттік жаттықтырушыға және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға есеп ұсынады.
      71. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы, спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар бекіткен халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелер және регламенттері; дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және спортты дамыту мемлекеттік саясатының негізгі міндеттері; қазіргі заманғы спорттық ғылымның жетістіктері, спорт түрінің даму теориясы және әдістемесі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының және нормаларының негіздері.
      72. Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
7. Құрама команданың бастығы
      73. Лауазымдық міндеттері.Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы (бұдан әрі-құрама команда) үшін спорттық іс-шараларды өткізу орындарын дайындауды, өткізуді ұйымдастыруды, спорттық киімдермен, керек-жарақтармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, тамақтануын, тұратын жерін, медициналық қызметін, тіркелуін, жарысқа қатысушыларға қызмет көрсетуді, қауіпсіздік шарттарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      74. Спорттық киімдерді, керек-жарақтар мен құрал-жабдықтарды алуға өтінім әзірлейді, шығыстарды жоспарлайды және осы мақсаттарға бағытталған қаражаттың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз етеді.
      75. Құрама команданы жарыстарға дайындаудың перспективалы және ағымдық жоспарларын әзірлеу, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      76. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджеттік, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі),  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың халықаралық спорттық жарыстарды өткізу қағидалары, ережелері және регламенттері; Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөнінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттар; педагогика, психология, физиология негіздері; спортшылардың әртүрлі дайындық кезеңіндегі оқу-тәрбиелік және оқу-жаттығу процестерінің мазмұны; медико-биологиялық және қалпына келтіру құралдарының негіздері; қаржылық-шаруашылық қызметтің негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының негіздері.
      77. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет