Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


Допингке қарсы лабораторияның басшының орынбасары



бет3/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,51 Mb.
#9803
1   2   3   4

2. Допингке қарсы лабораторияның басшының орынбасары
(негізгі қызмет бойынша)
      184. Лауазымдық міндеттері. Лабораторияның барлық зерттеу топтарының тиімді жұмысын ұйымдастырады, лаборатория жүргізетін өлшемдер мен сынақ талдауларының нәтижелерін үйлестіріп, дұрыстығын тексереді.
      185. Сынақ жабдығы мен өлшеу құралдарының жағдайын, дәлдік дәрежесінің нормативтік құжаттамада белгіленген сынау әдістерінің талаптарына сәйкестігін, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуін қадағалайды.
      186. Ішкі және сыртқы аудиттің жүргізілуін ұйымдастырады.
      187. Допингке қарсы бақылау жүргізу және допингке қарсы мәселелер бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастыру үшін методологиялық тәсілдердің әзірленуіне қатысады.
      188. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігімен (ДДҚА), допингке қарсы саласындағы ғалымдардың дүниежүзілік қауымдастығымен, Ұлттық допингке қарсы орталықпен, Ұлттық олимпиада комитетімен және басқа допингке қарсы ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      189. Лабораторияға жүктелген функциялар мен міндеттерді мамандардың уақтылы және сапалы орындауын ұйымдастырады.
      190. Лабораториялық зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелеріне қол қояды.
      191. Сапа жүйесінің элементтеріне тексеріс жүргізеді.
      192. Нормативтік құжаттарды өзектендіреді.
      193. Нормативтік құжаттама қорының жинақталуын жүзеге асырады және лаборатоияны қажетті нормативтік құжаттамамен қамтамасыз етеді.
      194. Лабораторияның қызметіне жаңа нормативтік құжаттаманы енгізуді ұйымдастырады.
      195. Сынақ нәтижелерін лабораториялық салыстыруға қатысады.
      196. Лабораториядағы құралдар мен жабдықтарға уақтылы инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
      197. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, ДДҚА дүниежүзілік допингке қарсы кодексі, лабораторияға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар және мемлекетаралық нормативтік құжаттар. Лабораторияның қызметіне қатысты басшылық ететін, нормативтік және ақпараттық материалдар; экономика негіздері; ғылыми еңбек ұйымдары және өндірістік ұйымдар; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; алдыңғы қатарлы шетелдік допингке қарсы лабораториялардың тәжірибесі.
      198. Біліктілікке қойылатын талаптар. мамандығы бойынша жоғары (және/немесе) білімі, кәсіби дайындық, тыйым салынған заттар мен әдістерді анықтау бойынша талдау жасауда біліктілігі мен тәжірибесі кемінде бір жыл, сертификаты бар ғалым ретінде жұмыс істеу мүмкіндігінің болуы;
      ғылыми дәрежесі немесе бакалавр дәрежесі немесе оның медициналық технология, химия, биология немесе соған жақын жаратылыстану ғылымдары саласындағы баламасы, жұмыс тәжірибесі 8 жыл;
      допинг ретінде қолданылатын субстанцияларды қоса алғанда биологиялық сұйықтықтарды талдау саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл;
      аналитикалық технологиялармен жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл (хроматография, иммуноферменттік талдау, газды хроматография/ масса-спектрометрия).
3. Допингке қарсы лабораторияның басшының орынбасары
(ұйымдастыру жұмыстары бойынша)
      199. Лауазымдық міндеттері. Материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша лабораторияның жұмысын қамтамасыз етеді: химиялық реактивтермен, лабораториялық шыны ыдыспен, этил спиртімен, тану материалымен және олардың іске асырылуын бақылау (жылдық және ағымдағы өтінімдер жасау, мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізу).
      200. Лабораториядағы химиялық реактивтердің, прекурсорлар мен улы химиялық заттардың сақталу шарттарын және сақтау қағидаларын қамтамасыз етеді.
      201. Ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін лабораторияның бюджетін жоспарлауға және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісімшарттарды жасауға қатысады.
      202. Еңбекте қауіпсіз жағдайларды жасайды.
      203. Лабораторияны құрал-жабдықтармен және лабораторияның аспаптары мен жабдықтарын жөндеуді және инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
      204. Лаборатория қызметкерлерінің техникалық білім алуын ұйымдастырады.
      205. Қажетті есептілік-есептік құжаттаманы жүргізеді.
      206. Ішкі тәртіп қағидаларын және қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды.
      207. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, ДДҚА дүниежүзілік допингке қарсы кодексі, лабораторияға арналған халықаралық стандарттар, халықаралық нормативтік құжаттар және мемлекетаралық нормативтік құжаттар. Лабораторияның қызметіне қатысты басшылық ететін, нормативтік және ақпараттық материалдар; экономика негіздері; ғылыми еңбек ұйымдары және өндірістік ұйымдар; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; алдыңғы қатарлы шетелдік допингке қарсы лабораториялардың тәжірибесі.
      208. Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары (және/немесе) мамандығы бойынша білімі және/немесе нормативтік құжаттаманы білу сертификатының болуы және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл.
4. Допингке қарсы лабораторияның жетекші ғылыми қызметкері
      209. Лауазымдық міндеттері. ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексіне, ДДҚА халықаралық стандарттары мен техникалық құжаттарына сәйкес химиялық және иммунологиялық зерттеулер жүргізеді.
      210. Сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, нәтижелердің объективті және дұрыс болуын қамтамасыз етеді.
      211. Қажетті лабораториялық құжаттамаларды жүргізу, аспаптарға техникалық қызмет көрсету және допингке қарсы бақылау әдістері мен процедураларын стандарттау және валидациялау іс-шараларын өткізеді.
      212. Допингке қарсы бақылау жүргізу үшін әдістемелік тәсілдердің әзірленуіне қатысу, допингке қарсы бақылау мәселелері бойынша кеңес береді, әдістемелік көмек көрсетеді.
      213. Тыйым салынған субстанциялар мен тыйым салынған әдістер ретінде қолданылуы мүмкін қолданыстағы препараттар мен әдістер туралы деректер қорын қалыптастыру жұмысына қатысу.
      214. Лаборатория қауіпсіздігін, нәтижелердің құпиялығын, қорғау реттілігінің хаттамаларын және қолданатын әдістердің кез келгені үшін қалыпты операциялық процедураларды қамтамасыз етеді:
      талдау жүргізудің белгіленген мерзімін сақтай отырып, сынақтар жүргізуге, ДДҚА халықаралық стандарттарының ережелері бойынша хаттамалар береді;
      талдау нәтижелерінің дұрыс болуын, объективтілігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етеді;
      лабораториялық хаттамамен қоса берілетін дәлме-дәл сәйкестендірілген үлгілерге сынақ жүргізеді;
      лабораторияның техникалық құзыретін тексеру немесе растау үшін бақылау сынақтарын жүргізеді;
      ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады;
      реактивтер мен стандарттардың сапасына лабораториялық ішкі бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;
      ішкі еңбек тәртібі қағидалары және қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауға міндетті.
      215. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексін, лабораторияларға арналған халықаралық стандарттарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; шетелдік допингке қарсы жетекші сынақ лабораториялардың тәжірибесі.
      216. Біліктілікке қойылатын талаптар.Жоғары білім (және/немесе жоғары оқу орнынан кейін), кәсіби дайындық, үлгілердегі тыйым салынған заттар мен тыйым салынған әдістерді анықтау бойынша талдаулар жүргізудегі біліктілік пен тәжірибе, сертификатталған ғалым ретінде жұмыс істей алу мүмкіндігі.
      Допингке қарсы лабораторияның мамандары жұмысқа алғашқы мамандандырудан кейін және жыл сайынғы кәсіптік сынақтан өткеннен кейін жіберіледі: бакалавр дәрежесі не болмаса медициналық технологиялар, химия, биология немесе ұқсас жаратылыстану ғылымдары саласындағы баламасы, құжат жүзінде расталатын 8 және одан көп жылдық жұмыс тәжірибесі бұл позиция үшін бакалавр дәрежесімен теңестіріледі;допинг ретінде пайдаланылатын субстанцияларды қоса алғанда, биологиялық сұйықтықтарды талдау саласындағы тәжірибесі;хроматография, иммунферменттік талдау, газды хроматография/масса-спектрометрия сияқты аналитикалық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесі.
5. Допингке қарсы лабораторияның ғылыми қызметкер
      217. Лауазымдық міндеттері.Химиялық және иммунологиялық зерттеулерді жүзеге асырады.
      218. Допингке қарсы бақылау әдістері мен рәсімдерін стандарттау және валидациялау шараларын жүргізу.
      219. Допингке қарсы бақылау жүргізу үшін әдістемелік тәсілдердің әзірленуіне, тыйым салынған субстанциялар мен тыйым салынған әдістер ретінде қолданылуы мүмкін қолданыстағы препараттар мен әдістер туралы деректер қорын әзірлеуге қатысады.
      220. Лаборатория қауіпсіздігін, нәтижелердің құпиялығын, қорғау реттілігінің хаттамаларын және қолданатын әдістердің кез келгені үшін қалыпты операциялық процедураларды қамтамасыз етеді:
      221. Лабораториялық хаттамамен қоса берілетін және талдама алудың белгіленген мерзімдерін сақтай отырып, айқын теңестірілген үлгілерді сынақтан өткізеді.
      222. Талдама нәтижелерінің дұрыстығын, объективтілігін және нақтылығын қамтамасыз етеді.лабораторияның техникалық құзыретін тексеру немесе растау үшін бақылау сынақтарын жүргізеді.
      223. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйым өткізетін біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысады.
      224. Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау, өндірістік, санитарлық және өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормаларын сақтайды.
      225. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, ДДҚА Дүниежүзілік допингке қарсы кодексін, лабораторияға арналған халықаралық стандарттар, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормалары, шетелдік допингке қарсы жетекші сынақ лабораторияларының тәжірибесі.
      226. Біліктілігіне қойылатын талаптар. Жоғары білім (және/немесе жоғары оқу орнынан кейін), кәсіби дайындық, үлгілердегі тыйым салынған заттар мен тыйым салынған әдістерді анықтау бойынша талдаулар жүргізудегі біліктілік пен тәжірибе кем дегенде 1 жыл:
      допингке қарсы лабораторияның мамандары жұмысқа алғашқы мамандандырудан кейін және жыл сайынғы кәсіптік сынақтан өткеннен кейін жіберіледі:
      бакалавр дәрежесі не болмаса медициналық технологиялар, химия, биология немесе ұқсас жаратылыстану ғылымдары саласындағы баламасы, құжат жүзінде расталатын 5 және одан көп жылдық жұмыс тәжірибесі бұл позиция үшін бакалавр дәрежесімен теңестіріледі;
      допинг ретінде пайдаланылатын субстанцияларды қоса алғанда, биологиялық сұйықтықтарды талдау саласындағы тәжірибесі кем дегенде бір жыл;
      хроматография, иммунферменттік талдау, газды хроматография/масса-спектрометрия сияқты аналитикалық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесі кем дегенде бір жыл.
6. Лаборант
      227. Лауазымдық міндеттері.Зерттеу әдістеріне және актілер мен құжаттамалардың нормативтеріне сәйкес сынамаларды дайындайды.
      228. Рективтердің дұрыс сақталуын және олардың уақтылы қолданылуын қамтамасыз етеді.
      229. Үлгілерді дайындау сынамаларының жаңа әдістерін игереді (лаборатория мамандарының басшылығымен), біліктілігін арттыырады.
      230. Келіп түскен сынамаларды тіркеу журналына тіркейді.
      231. Жұмыс істеу үшін құралдарды, ыдыстарды және рективтерді дайындайды.
      232. Еңбек қауіпсіздігі мен материалдық құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      233. Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау, өндірістік, санитарлық және өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормаларын сақтайды.
      234. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, еңбекті қорғау, өндірістік, санитарлық және өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормалары.
      235. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Техникалық және кәсіби, орта білім (орта-мамандандырылған), жұмыс өтілі талап етілмейді.
7. Ұлттық допингке қарсы орталықтың (ұйымының) жетекшісі
      236. Лауазымдық міндеттері.Допингке қарсы ұлттық орталықтың (бұдан әрі – Орталық) барлық құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын ұйымдастырады.
      237. Орталық қызметі бойынша стратегиялық шешімдер қабылдайды.
      238. Орталыққа жүктелген қызметтер мен мақсаттардың мамандармен уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
      239. Орталық қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауда мамандардың міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды.
      240. Допингке қарсы бақылауды жүзеге асыру үшін әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге, білім беру бағдарламаларын, өткізуге және ғылыми-практикалық конференцияларға, допингке қарсы сұрақтар бойынша семинарларға қатысады.
      241. Тәртіптік, Төрелік комиссия, Терапиялық мақсаттарда қолдану комиссияларының жұмысын үйлестіреді. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (ДДҚА), допингке қарсы сала ғалымдарының дүниежүзілік қауымдастығымен, Допингке қарсы ұлттық орталықпен, Ұлттық олимпиада комитетімен және басқа да допингке қарсы ұйымдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады.
      242. ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады.
      243. Допинг-бақылау өткізгенде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
      244. Орталық қызметкерлерінің оқуын, даярлануын және қайта даярлануын үнемі ұйымдастырып отырады.
      245. Қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін Допингке қарсы ұлттық ұйымдары үшін белгіленген ДДҚА халықаралық стандарттары деңгейінде орындауына жауапты болады.
      246. Допингке қарсы бағдарламасын өткізу мәселелері жөнінде спорт түрлері бойынша ұлттық, халықаралық федерацияларымен жұмыстың үйлесуін қамтамасыз етеді.
      247. Сапа жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша жұмыстарды үйлестіріп, әдістемелік жетекшілікті жүзеге асырады.
      248. Допинг-бақылауға сынамаларды алу бойынша ақпараттарды тоқсан сайын ұсынып оның статистикасын жүргізу және спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер) арналған білім беру бағдарламаларын өткізеді.
      249. Допинг-бақылау сынамаларының жағымсыз нәтижелері туралы спортшыларға жолданатын ескертпелерге қол қояды.
      250. Тиісті органдарға (Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік, ДДҚА, халықаралық федерациялар) жағымсыз нәтижелер туралы ақпараттарды ұсынып, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексіне және ДДҚА тиісті техникалық құжаттарына сәйкес, спортшылар мен қосалқы персоналдың жарысқа қатысу құқығынан айыруға дейін қабылданған шешімдер мен қолданылған ықпалшалары туралы хабарлайды.
      251. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      252. Орталық қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібін тиісті түрде орындауын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қауіпсздікті орындалуын қамтамасыз етеді.
      253. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексін, халықаралық стандарттарды (тестілеу бойынша, Тыйым салынған Тізім, Терапиялық мақсаттарда қолдану), халықаралдық нормативтік құжаттарды, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды, Жетекшілік, нормативтік және, допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдарды, экономика және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негіздерін, еңбектің ғылыми тұрғысынан және өндірісті ұйымдастыру негіздерін, еңбек қорғау нормаларының ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздігін. Шетелдік допингке қарсы ұйымдарының алғы шептегі тәжірибесін.
      254. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Жоғарғы арнайы мамандандырылған, білімі (медициналық, биологиялық);
      Шет тілдер білімі (ағылшын немесе француз тілдері);
      Допинг-бақылау аспектілерінде құқықтық даярлығы немесе тәжірибесі;
      Медициналық, биологиялық немесе осыған жақын табиғи ғылымдар технологиялары аясындағы ғылыми дәрежесі немесе бакалавр дәрежесі немесе оның баламасы, кемінде 8 жыл бойы құжаттармен расталған жұмыс тәжірибесі.
8. Ұлттық допингке қарсы орталық (ұйым)
жетекшісінің орынбасары
(негізгі қызмет бойынша)
      255. Лауазымдық міндеттері.Орталықтың басшысы болмаған кезде Допингке қарсы ұлттық орталықтың басшысы болмаған кезде немесе оның тапсырмасы бойынша Допингке қарсы ұлттық орталықтың (бұдан әрі – Орталық) барлық құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын ұйымдастырады.
      256. Допинг-бақылау инспекторларының жұмысын үйлестіреді, барлық допинг-хаттамалардың толтырылуын, сынамалар бойынша мәліметтердің тіркелуін бақылайды.
      257. Уәкілетті органның сала бойынша Орталыққа жолданған ақпараттардың тіркелуін үйлестіреді, тиісті есепке алу - есеп беру құжаттамаларын жүргізеді.
      258. Сапа жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша жұмыстарды үйлестіріп, әдістемелік жетекшілікті жүзеге асырады.
      259. Өнім берушілер мен басқа да сервистік ұйымдармен Орталықты қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жұмыс жүргізеді.
      260. Нормативтік құжаттардың жинақталуын жүзеге асырып, Орталықты қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етеді.
      261. ДДҚА Стандарттары мен хаттамаларына сәйкес, допинг-бақылауға сынамалар алуға арналған жабдықтардың күйі мен санына бақылауды жүзеге асырады.
      262. Допинг-бақылауға сынамаларды алу бойынша ақпараттарды тоқсан сайын ұсынып оның статистикасын жүргізу және спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер) арналған білім беру бағдарламаларын өткізуге қатысады.
      263. Тәртіптік, Төрелік және Терапиялық мақсатта қолдану комиссияларымен жұмысты үйлестіреді.
      264. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (ДДҚА), допинг-бақылау аясындағы дүниежүзілік ғалымдардың ассоциациясымен, Ұлттық олимпиада комитетімен және басқа да допингке қарсы ұйымдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      265. ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады.
      266. Допинг-бақылау жүргізгенде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
      267. Допингке қарсы бағдарламасын өткізу мәселелері жөнінде сплорт түрлері бойынша ұлттық, халықаралық федерацияларымен жұмыстың үйлесуін қамтамасыз етеді.
      268. Допинг-бақылауға сынамаларды алу бойынша ақпараттарды тоқсан сайын ұсынып оның статистикасын жүргізу және спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер) арналған білім беру бағдарламаларын өткізеді.
      269. Тиісті органдарға (Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік, ДДҚА, халықаралық федерациялар) жағымсыз нәтижелер туралы ақпараттарды ұсынып, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексіне және ДДҚА тиісті техникалық құжаттарына сәйкес, спортшылар мен қосалқы персоналдың жарысқа қатысу құқығынан айыруға дейін қабылданған шешімдер мен қолданылған ықпалшалары туралы хабарлайды.
      270. Ішкі еңбек тәртібінің және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелерін, еңбек қорғауц және өндірістік тазалық ережелерін орындайды.
      271. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексін, халықаралық стандарттарды (тестілеу бойынша, Тыйым салынған Тізім, Терапиялық мақсаттарда қолдану), халықаралдық нормативтік құжаттарды, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды, Жетекшілік, нормативтік және, допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдарды, экономика және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негіздерін, еңбектің ғылыми тұрғысынан және өндірісті ұйымдастыру негіздерін, еңбек қорғау нормаларының ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздігін. Шетелдік допингке қарсы ұйымдарының алғы шептегі тәжірибесін.
      272. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Жоғарғы арнайы мамандандырылған, білімі (медициналық, биологиялық);
      Шет тілдер білімі (ағылшын немесе француз тілдері);
      Допинг-бақылау аспектілерінде құқықтық даярлығы немесе тәжірибесі;
      Медициналық, биологиялық немесе осыған жақын табиғи ғылымдар технологиялары аясындағы ғылыми дәрежесі немесе бакалавр дәрежесі немесе оның баламасы, кемінде 8 жыл бойы құжаттармен расталған жұмыс тәжірибесі.
9. Жетекші ғылыми қызметкер
      273. Лауазымдық міндеттері.ДДҚА допингке қарсы кодексіне, халықаралық стандарттарына және ДДҚА техникалық құжаттарына сәйкес, ғылыми-зерттеу талдауларды жүзеге асырады.
      274. Допингке қарсы бағдарламасын іске асыру үшін әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысады.
      275. Допингке қарсы бақылау сұрақтары бойынша кеңес берушілік-әдістемелік көмек көрсетеді.
      276. Тыйым салынған субстанциялар және тыйым салынған әдістер ретінде қолданылуы мүмкін, қолдағы бар препараттар мен әдістер туралы мәліметтер банкін қалыптастыруға қатысады.
      277. Допинг-бақылау және допингке қарсы білім бойынша әдістемелік нұсқаулар, ақпараттық парақшалар, буклеттерді әзірлейді.
      278. ДДҚА біліктілік бағдарламаларына қатысады.
      279. Зерттеулер мен допинг-бақылау бағдарламаларын өзкізгенде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
      280. Ішкі еңбек тәртібінің және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелерін, еңбек қорғау және өндірістік тазалық ережелерін орындайды.
      281. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексін, халықаралық стандарттарды (тестілеу бойынша, Тыйым салынған Тізім, Терапиялық мақсаттарда қолдану), халықаралдық нормативтік құжаттарды, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды, Жетекшілік, нормативтік және, допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдарды, экономика және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негіздерін, еңбектің ғылыми тұрғысынан және өндірісті ұйымдастыру негіздерін, еңбек қорғау нормаларының ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздігін. Шетелдік допингке қарсы ұйымдарының алғы шептегі тәжірибесін.
      282. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Жоғарғы арнайы мамандандырылған, білімі (медициналық, биологиялық).
      Медициналық, биологиялық немесе осыған жақын табиғи ғылымдар технологиялары аясындағы ғылыми дәрежесі немесе бакалавр дәрежесі немесе оның баламасы, кемінде 5 жыл бойы құжаттармен расталған жұмыс тәжірибесі.
10. Допинг-бақылауинспекторы
      283. Лауазымдық міндеттері.ДДҚА Тестілеу бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес, биологиялық сынамаларды (қан, несеп) алу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
      284. Сынамаларды алу орнын тексеруді іске асырады, ДДҚА Тестілеу бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін спорт жарыстары кезінде допинг-бақылау станциясын (ДБС) дайындайды.
      285. ДДҚА техникалық құжаттамалары мен хаттамаларына сәйкес, допинг-бақылау станцияларында жұмыстарды орындау үшін ілесушілердің даярлығын қамтамасыз етеді. Ілесушілерді нұсқауландырады және жұмысын реттейді.
      286. ДДҚА техникалық ережелері мен хаттамаларында белгіленген талаптарға сәйкес, допинг-бақылауға тестілеудің есеп беру- есепке алу нысандарын толтырып, ДДҚА сайтында мәліметтерді тіркейді.
      287. Спортшылар мен қосалқы персоналға (тренерлер, дәрігерлер және т.б.) арналған білім беру бағдарламаларын: семинарлар, тренингтер, дискуссиялық клубтарын өткізеді.
      289. Сынамаларды беру тізбегінен өту қауіпсіздігін сақтауды және спортшының допинг-бақылаудан өтуі тіралы ақпараттың қамтамасыз етеді.
      290. Этика және деонтология ережелерін сақтайды.
      291. Өзінің кәсіби қызметі бойынша ұйым басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін және тапсырмаларын, сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын білікті және уақытылы орындайды.
      292. Биосынамаларды алу процедураларын өткізген кезде орын алған, барлық алдын ала болжай алмайтын оқиғалар мен жағдайлар туралы Орталық басшылығына, Халықаралық немесе Ұлттық спорт федерациясына және/немесе жарыстың ұйымдастыру комитетіне уақытылы хабарлайды.
      293. Жиналған биосынамаларды ДДҚА аккредитациялаған допингке қарсы зертханасына жеткізеді.
      294. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады (екі жылда бір рет допинг-бақылау инспекторларын оқыту курстарында қайта даярланудан өтеді).
      295. Ішкі еңбек тәртібінің және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелерін, еңбек қорғау және өндірістік тазалық ережелерін орындайды.
      296. Білуі тиіс.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ДДҚА Дүниежүзілік Допингке қарсы кодексін, Жетекшілік, нормативтік және, допингке қарсы бағдарламасын өткізуге қатысты, анықтамалық материалдар, Шетелдік допингке қарсы ұйымдарының алғы шептегі тәжірибесін.
      297. Біліктілігіне қойылатын талаптар.Техникалық және кәсіби білімі, қан бойынша допинг-бақылау инспекторы үшін орта білімнен кейінгі білімі (медициналық, биологиялық); еңбек өтіліне талап қойылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет