Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-тарау. Спорттық медицинадағы басшының лауазымдық мінездемесі 1. Ұйымның басшысы



бет4/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,51 Mb.
#9803
1   2   3   4

4-тарау. Спорттық медицинадағы басшының лауазымдық мінездемесі 1. Ұйымның басшысы
      298. Қызметтік міндеті. Ұйымның өндіріс шаруашылық және қаржы экономикалық жұмысын басшылыққа алады, ұйымның мүліктерін қолдану.
      299. Спорт және дене шынықтыру мәдениетін дер кезінде және сапалы дәрігерлік және дәрілермен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.
      300. Құрылысты бөлімшелердің нәтижелі жұмыстарын қадағалау барлық құрылысты бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастырады, олардың жұмыстарын спорттық медицинаға дамуына бағыттайды.
      301. Спорттық дәрігерлердің, профильді мамандардың, сылаушылардың және орта медициналық қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеруін қамтамасыз етеді, шетелдік тәжербие зерттеу деңгейін жоғарлату.
      302. Ең жаңа техникалар мен технологиялардың түрлерінің көмегімен өндіріс-шаруашылық қызметін және еңбек ұйымдарды, заттық, қаржылық және еңбек шығындарын ғылыми негізінде пайдалану.
      303. Мемлекеттік бюджет, зейнетақы және сақтандыру қорлардың, тапсырысты орындаушылардың, тапсырыс берушілердің және несиегерлердің, сондай – ақ, банк мекемелердің алдында ұйымның қызметін сапалы орындау, сонымен қатар, шаруашылық және еңбек шарттарына отыру және орындау міндеттерімен қамтамасыз ету.
      304. Оның міндетіне жүктелген қаржылық, экономикалық, өндіріс- шаруашылық сұрақтарын шешеді, басқа да қызметкерлерге – орынбасарларға, құрылысты бөлімшелердің меңгерушілеріне берілген жұмыстарды орындауға тапсырады; қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру, қолдау сұрақтарын шешуге жауапкершілікке алады.
      305. Өзіне берілген міндеті бойынша бұйрықтар шығарады;
      306. Ұйым қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланыстардың қаражатын заңға сүйене пайдаланады, ұйым қызметіне арналған еңбек қауіпсіздігінің шарттарын және қаражат тәртібін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын бекітеді.
      307. Ұйым қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланыстардың қаражатын заңға сүйене пайдаланады, ұйым қызметкерлеріне арналған еңбек қауіпсіздігінің шарттарын және қаражат тәртібін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын бекітеді; еңбек жағдайын қолайлы және қауіпсіз шарттарын жасау, құрылысты бөлімдерде еңбек тәртібінің жағдайын қамсыздандырады.
      308. Білу керек.Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет кодексін, денсаулық сақтау жүйесіндегі және халық денсаулығы туралы Кодексін, Қазақстан Республикасының салық және басқа да міндетті төлемдер туралы кодексін (Салық кодексін), «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін; Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында тіл туралы»,, «Жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік сатып-алымдар туралы», «Спортта допингпен күрес туралы Халықаралық Конвенция бекіту туралы» заңдарын, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативті құқылы актілерді, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша бағдарламалық және кезеңдік құжаттарды, Халықаралық спорттық жарыстарды өткізгендегі жағдайларды, ережелер мен уақыт тәртібін, Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясын, есеп және қаржы талдаудың негіздерін, шаруашылық және қаржылық келісім шарттарды құру және орындау тәртіптерін, мекеменің экономикасын және қаражатын басқаруын, кәсіптегі жұмысты ұйымдастыруды; дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік, шетелдік және отандық тәжірибесін білу керек. Салалық келісімдерді, ұжымдық келісім-шарттарды өңдеу және нәтижелерін білу және әлеуметтік-еңбек салаларын; денсаулық сақтау сұрақтары бойынша нормативті актілерін, денсаулық сақтау ұйымдары және әлеуметтік гигиена теориялық негіздерін емдік - алдын-алу және санитарлы – эпидемиялық теориялық және ұйымдық қызмет негіздерін, зерттеу әдістерін, физикалық даму бағасын және жұмыс қабілеттілігін, ҚР құрама команда спортшыларын тереңдетілген медициналық тексеріс бағдарламасын, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтаудың көрсеткіштері мен белгілерін, медициналық қызметтің базар конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, ауруларды әлеуметтік және медициналық оңалту ұйымын білу. Дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік озық ғылыми-техниканың жетістіктерін және тәжірибесін; дене шынықтыру және спорт саласындағы саяси дамуының мемлекеттік негізгі мақсаттарын; спорттық медицинадағы заманауи ғылыми жетістіктерін; еңбек қорғау ережелерін және нормаларын, ұйымдық санитариясының және өртке қарсы қауіпсіздік ережесін білу керек.
      309. Біліктілік талаптары. Мамандығы бойынша жоғарғы (және/немесе ЖОО кейінгі) білімі, бірінші/жоғарғы білімдік «Денсаулық сақтау» маманы бойынша категориясы («Қоғамдық денсаулық сақтау» денсаулық сақтау менеджментін») сондай-ақ берілген мекемеде маманы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.
2. Басшының орынбасары
(медицина бөлімі бойынша)
      310. Қызметтік міндеттері.Дене шынықтыру және спортта құрылысты бөлімшелерге уақытылы және сапалы медициналық және дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады.
      311. Қабылданған шешімді, мүліктің сақталуын және тиімді пайдалануын жауапкершілікке алады.
      312. Мекемені мамандырылған кадрлармен қаматамасыз ету жұмыстарында шара қолданады.
      313. Олардың кәсіби білімінің дамуын, дәрігерлік кадралдың біліктілігін көтеру жұмыстарымен қамсыздандырады.
      314. Денсаулық сақтау ұйымдарының құрылысты бөлімшелеріндегіндей жұмыс нәтижелерін талдауын жүзеге асырады және оның көрсеткіштеріне байланысты, жұмысының әдістері және формаларын жақсарту әдістерін қабылдайды.
      315.Ішкі тәртіптің орындалуын, медициналық этиканы қадағалауын, еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша нормативті құқықтық актілерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындалуын қадағалайды.
      316. Спортшыларды диспансерлік есепке уақытылы алуын қадағалайды және ұйымдастырады, емдік тексерудің толықтылығын, кезеңдік тексеру шараларын, диспансерлікке алғандағы сапасын талдау жұмыстарын қадағалайды.
      317. ҚР және Алматы қаласының облыстары бойынша дәрігердің спорттық ұйымдарының арасындағы байланысын нығайтады.
      318. Алдын-алу шараларын және тиым салынған дәрілерді пайдаланбауын ұйымдастырады.
      319. Спорт түрлерінің федерацияларымен, мемлекеттік органдарымен және спорттық шараларды және оқу-жаттығу жиынтығын медико-биологиялық және дәрілермен қамтамасыз ету.
      320. Білу керек. Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет кодексін, денсаулық сақтау жүйесіндегі және халық денсаулығы туралы Кодексін, ҚР «Қазақстан Республикасында тіл туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын, гигиеналық және денсаулық сақтау ұйымдарының теориялық негіздерін, емдік-алдын алу және санитарлы эпидемиялық қызметінің теориялық және ұйымдық негіздерін, зерттеу тәсілдерін және физикалық өсу бағасын және жұмыс қабілеттілігін, ҚР құрама команда спортшыларын тереңдетілген медициналық тексеріс бағдарламасын, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтаудың көрсеткіштері мен белгілерін, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, ауруларды әлеуметтік және медициналық оңалту ұйымын, еңбек қорғау ережелерін және нормаларын, өртке қарсы қауіпсіздік ережесін білу керек. Спортта допингпен күрес туралы Халықаралық Конвенция бекіту туралы», Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша бағдарламалық және кезеңдік құжаттарды, Халықаралық спорттық жарыстарды өткізгендегі жағдайларды, ережелер мен уақыт тәртібін, дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік ғылыми-техниканың жетістіктерін білу керек, спорттық медицина саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерін, еңбек қорғау ережелерін және нормаларын, ұйымдық санитариясының және өртке қарсы қауіпсіздік ережесін білу керек.
      321. Біліктілік талаптары. Мамандығы бойынша жоғарғы (және/немесе ЖОО кейінгі) білімі, бірінші/жоғарғы білімдік «Денсаулық сақтау» маманы бойынша категориясы («Қоғамдық денсаулық сақтау» денсаулық сақтау менеджментін») сондай-ақ берілген мекемеде маманы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет